Презентация сыныптан тыс ж?мыс Зияткер ?рпа? 3 сынып
Зияткер ұрпақ Өту барысы: Қонақтарды қарсы алу.КіріспеШығармашылық жобаларды тыңдау.Сұрақ –бізден, жауап – сізден. «Сіз балаңызды түсінесіз бе?» тренинг.Біз өнерлі балдырған. Кіріспе: Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Біз бүгін ауылымыздан шығып, осы мектептен білім алып, оқуларын шетелде жалғастырған аға-апайларыңмен танысымыз. «Тәрбие –тал бесіктен» деген сөздің мағынасына үңілсек, сендер шырылдап жерге түскен сәттеріңнен тәрбие ананың ақ сүтімен, әлдиімен, бесік жырымен бойларыңа сіңеді.Ал өсе келе қоршаған орта, ауыл, табиғат,адамдар қарым-қатынасы сендерді өз тағылымдарына үйрете отырып, жақсы азамат болып өсулеріңе жағдай жасайды. Мұхтарғалиева Айнұр Тоқтасынқызы. 1990 жылы 30 қыркүйекте осы Архат ауылында дүниеге келген.Әкесі-Тоқтасын аға ,анасы-Зияш апай. 1997 жылы 1сыныпқа қабылданды.Бастауышта сабақ берген мұғалімі Тайтөлеуова Бақыт Кәдірқызы.2008 жылы мектепті бітіріп,Семейдің Шәкәрім атындағы университетінің био-технология мамандығына грантқа түсті. І курс оқып жүргенде «Болашақ» бағдарламасымен шетелге Ұлыбритания мемлекетіндегі (астансы Лондон ) Кюин Мэри университетіне түсті. Англиядағы оқуын жақсы аяқтап, 2014-2016 жылдары Еуразия ұлттық университетіне магистратурада оқыды. Қазір Астана қаласындағы Назарбаев университетінде еңбек етуде. Мұхтарғалиев Әлинұр Тоқтасынұлы 1992 жылы 19 шілдеде осы Архат ауылында дүниеге келген. Әкесі-Тоқтасын аға , анасы-Зияш апай.1999 жылы 1 сыныпқа қабылданды.Бастауышта сабақ берген мұғалімі Медеуова Меңсұлу Төлебалдықызы. 2010 жылы мектепті бітіріп,Семейдің радио-технологиялық колледжіне түсіп , оқып бітіреді.Бітірген соң білімін Белоруссия елінде жалғастырады.Белоруссия мемлекеттік университетінде радиотехнология мамандығын оқыды. Қазір Астана қаласындағы ірі құрылыс компаниясында еңбек етуде. Бейбітханқызы Жұлдыз1994 жылы 1 қаңтарда осы Архат ауылында дүниеге келген.Әкесі-Бейбітхан аға, анасы- Гүлсім апай.Жұлдыз 2000 жылы 1 сыныпқа қабылданды.Бастауышта сабақ берген мұғалімі Әмірханова Атлас Медеуқызы. 2011 жылы мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне экономика факультетіне грантқа түсті. 2015 жылы ЕҰУ қызыл дипломмен оқып бітірді. Сол жылы Бейжің қаласындағы Қытай мұнай университетіне түсіп, білімін жалғастыруда. Құрманғалиев Серік Сиязбайұлы 1994 жылы 24 тамызда осы Архат ауылында дүниеге келген.Әкесі-Сиязбай аға, анасы- Тоғжан апай.Серік 2001 жылы 1 сыныпқа қабылданды.Бастауышта сабақ берген мұғалімі Тайтөлеуова Бақыт Кәдірқызы. 2015 жылы мектепті жақсы бітіріп, Көкшетау қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттік универмитктінің экология факультетін бітірген. Қазір Москва түбіндегі (Ресей мемлекеті) Орел қаласындағы Орлов мемлекеттік аграрлық университетіне экология факультетінің магистратурсында оқып жатыр.Қазіргі таңда І курс магистранты. Құрманғалиев Дәулет Сиязбайұлы 1997 жылы 5 наурызда осы Архат ауылында дүниеге келген.Әкесі-Сиязбай аға, анасы- Тоғжан апай.Дәулет 2004 жылы 1 сыныпқа қабылданды.Бастауышта сабақ берген мұғалімі Әмірханова Атлас Медеуқызы. 2015 жылы мектепті жақсы бітіріп, Москва түбіндегі Орел қаласындағы Орлов мемлекеттік аграрлық университетіне электр-энергетик факультетіне грантқа түсті. Қазіргі таңда І курс студенті. Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Плотонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді: Есту арқылы – он, көру арқылы – отыз, қарапайым әрекет арқылы – елу, ал белсенді әрекет арқылы – тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді. «Өмір бойы үздіксіз білім алу - әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс». (Н. Назарбаев) «Сіз балаңызды түсінесіз бе?» тренинг. Сіз балаңызды түсінесіз бе? Сіз бала тәрбиелеу ісіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайсыз? Оларға шынайы махаббатпен қарап, түсіністік таныта аласыз ба? Осы және өзге де сұрақтарға жауап бере отырып өзіңіздің қандай ата-ана екеніңізді сынап көріңіз. 1. Балаларыңыздың жеке бөлмелері бар ма?а/ иә-5 ә/ жоқ-12. Бала тәрбиесіне күнделікті көңіл бөлесіз бе?а/ иә-5 ә/ жоқ-13. Еркелігіне шыдаммен қарайсыз ба?а/ үнемі-5 ә/ кейде-3 б/ ешқашан-14. Балаңыздың сотқарлығына кешіріммен қарайсыз ба?а/ үнемі-5 ә/ кейде-3 б/ ешқашан-15. Оларға қол көтересіз бе?а/ жиі- 1 ә/ кейде- 3 б/ ешқашан- 56. Балаңыздың бар құпиясын сізбен бөліскенін қалайсыз ба?а/ иә-1 ә/ кейде-3 б/ ешқашан-57. Балаңыз тіл алғыш па?а/ иә-5 ә/ кейде-3 б/ ешқашан-18. Сіз балаңызға тиым салған тірліктердің себебін түсіндіресіз бе?а/ иә, әрқашан-5 ә/ кейде-3 б/ ешқашан-19. Балаңызға қойған міндеттердің бәрінің орындалуын талап етесіз бе?а/ иә-5 ә/ кейде-3 б/ жоқ-110. Бала тәрбиесі жайлы кітаптарды жиі қарап отырасыз ба?а/ иә-5 ә/ кейде-3 б/ жоқ-1 Енді ұпай санын есептеп шығыңыз: 10-23 ұпай. Өкінішке орай сіз бала тәрбиелеу ісін екінші орынға қояды екенсіз. Балаңыздың сіздің қамқорлығыңыз бен алақаныңыздың жылуына зәру екенін аңғармайсыз. Ол сізге еркелегісі, ойын айтқысы келеді. Бірақ сіз оған мән бермейсіз. Сіз үшін ең бастысы балаңыздың қарны тоқ, киімі бүтін болуы керек. Десек те, бала үшін тамақ пен киімнен бөлек, мейір де керек екенін ұмытпаңыз. 24-37 ұпай Бала тәрбиелеудегі сіздің бағытыңыз дұрыс. Алайда сізге шыдам жетпейді. Балаға бала деп емес, оған бейне бір есейген адамдай қарайды екенсіз. Уақыт өте келе балаңыз екеуіңіздің араңызда түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Осыған жол бермеу үшін оны еркелете де біліңіз. 38-50 ұпай Сіз жақсы тәрбиеші әрі ғажайып ата-анасыз. Сіздің балаңыздың болашағы биікте. Сіз балаңызды еркелете де, дұрыс жол да көрсете аласыз. Ең бастысы балаға махаббатпен қарайды екенсіз. Біз – тәуелсіз елдің болашақ қырандарымыз, ата-анамыздың үміт еткен ұландарымыз, ұстаздың жемісіміз,тәрбиелі елдің тұтқасымыз.Сондықтан осы сөзге лайық білімнің биігінен,тәрбиенің төрінен көріне берейік. Назар қойып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!!!