А?паратты? ж?йе жаса?тауды? теориялы? негіздері


Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері
ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері
Ақпараттық жүйелер өз даму кезеңінде өзгерістерге ұшырап отырды. 50-60 жылдары қағаз түріндегі есеп құжаттары айналымы электрлік механикалық бухгалтерлік машиналармен жүзеге асырылса, 60-70 жылдары басқару АЖ өндірістік ақпаратты, есептерді даярлауға қолданылды. 1970-80 жылдары АЖ шешім қабылдау өндірісте бақылау мен жүзеге асыру бағытында қолданыс тапты. 1980 жылдан бастап басқарудың жоғары сатысы, кәсіпорынды дамыту стратегиясын басқарды (сурет 1).

Сурет 1. - АЖ концепциясының өзгеруі
Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) термині 1980-90 жылдары автоматтандырылған жүйеге ауысты. 2000 жылдары техникалық әдебиеттерде ол термин ақпараттық жүйе (АЖ) терминіне өзгерді.
Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқару мәселесі жағдайының туындауы және оны түсіну тәуекелділікті басқарудың маңыздылығын  және қажеттілігін көрсетті.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңында «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе» деп берілген.
АЖ басқа да анықтамалары бар, онда АЖ құрамына адамды енгізбейді. АЖ «программалық-техникалық, программалық-әдістемелік кешендер мен техникалық, программалық және ақпараттық жабдықтардан құралады» [16].
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
АЖ компоненті құрамына берілген мақсатты зерттеуге қажетті программалық жабдықтар (ПЖ), программалық-техникалық кешен (ПТК), АЖ программалық өнім, автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) енеді.
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (сурет 2) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
22225075565Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бөлігі
Ақпаратты енгізу
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты шығару
Кері байланыс
өндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе
00Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бөлігі
Ақпаратты енгізу
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты шығару
Кері байланыс
өндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе

Сурет 2.Ақпараттық жүйелердегі процестер
80-ші жылдарда АЖ ақпаратты сақтау және өңдеуге арналған нысан болып саналса, жиырма жылдан соң АЖ орнына «ақпараттық технологиялар» (АТ) термині қолданыла бастады. Ал 2009 жылдан бастап оның орнына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) термині қолданысқа енді.
АЖ анықтамалары өте көп. Соның бірі – АЖ «пәндік облыстағы функционалдық тапсырмаларды шешуге арналған процестерді, ақпараттық, материалдық және қаржы ағындарын басқару әдістерінің жиынтығы» [58]. АЖ келесі құрама бөліктердің жиынтығы:
МҚБЖ бірге қарастырылған МҚ жүйесі;
қолданбалы ПЖ;
персонал;
ұйымдастырушылық-әдістемелік (нормативтік) қамту;
техникалық құралдар.
Ақпараттық жүйенің қасиеттері: кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Кез келген жүйе құрамындағы элементтерімен, қызмет бағытымен анықталады, олар мәселені анықтауға, стратегиялық жоспарлауға және жаңа өнім жасақтауға көмектеседі (кесте 1).
Кесте 1. - Жүйенің жіктелуі
Жүйе Жүйе элементі Жүйенің бағытталуы
Компания Құрылымы, қызметкерлері, қаржысы, ғимараты, құрал-жабдықтары, материалдары Тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру
Компьютерлік есептеуіш жүйе Компьютерлер, архитектура, конфигурация, электрондық және электрлік механикалық элементтер, программалық жабдық, байланыс сымы, порттар Мәліметтерді енгізу, өңдеу, сақтау және шығару
Телекоммуни-кациялық жүйе Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік программалық жабдық, қызметкерлер Ақпарат тасымалдау
Ақпараттық жүйе Компьютерлер, компьютерлік желі, ақпараттық және программалық жабдық, қызметкерлер Ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау, тасымалдау, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Компьютерлер мен ақпараттық жүйелердің айырмашылығын қарастырсақ, арнайы мамандандырылған программалық жабдықтармен қамтылған компьютерлер, ақпараттық жүйелердің техникалық базасы мен құралы болып табылады. Ал ақпараттық жүйелерді оның миссиясын, міндетін, құрылысын, инфрақұрылымын, конфигурациясын, телекоммуникация құралдарын мен компьютермен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерді анықтамай елестету мүмкін емес.
Ақпараттық жүйені енгізу арқылы математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің тиімді нұсқаларын алу;оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;мәліметтерді қағаз түріндегі мәліметті магниттік тасымалдаушыларға ауыстыру арқылы компьютерде ақпаратты тиімді өңдеу мен қағаз құжаттары көлемін азайту;құжат айналымы жүйесін жетілдіру;өнімдер мен қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайту;біртектес қызметтерді тұтынушыларға беру.
Ақпараттық жүйелердің барлығына дерлік көп аспектілік, көп функциялық, қолдану салаларының әртүрлі болуы тән. Сондықтан да ақпараттық жүйелерді жіктеу күрделі үрдіс. Жіктеу кім қандай мақсатта осы үрдісті жүргізетіндігімен сипатталады.
Басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған АЖ ақпаратты қайта өңдеудің техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Автоматтық АЖ адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.Автоматтандырылған АЖ ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.
Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әртүрлі боп жіктелуі 6-суретте берілген.

Сурет 3. - Әртүрлі белгілері бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктесек, ақпараттық-іздеушілік жүйелер (сурет 3) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.
Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші. Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді. Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.
Қолдану сферасы бойынша жіктесек, өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (сурет 3) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әртүрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады. Осы жүйелердің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.
Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.
Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.
Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Бұл мекеменің құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.
Өңделетін ақпарат түріне байланысты құжаттық және фактографиялық АЖ болып бөлінеді. Құжаттық АЖ мәтін немесе графикалық құжаттардағы құрылымдалмаған ақпаратты (кітап, мақала, бұйрық т.б.) іздеуге бағытталса, фактографиялық АЖ мәліметтердің формальданған жазбалары жиынтығы түрінде берілген нақты мәліметтерге сүйенеді. Олар МҚБЖ арқылы ақпаратты енгізу, өңдеу, топтау, сақтау операцияларын орындайды.
АЖ қолданылатын саласына байланысты және басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік, аймақтық, офистік, жеке болып та бөлінеді.
Атқаратын жұмысына қарай есептеуіш және ақпараттық (басқару) болып таралады.
Кесте 2. - Ақпараттық технологияның жіктелуі
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЖ – де пайдалану тәсіліне байланысты Дәстүрлі
Жаңа ақпараттық технологиялар
Басқару есептерін қамту дәрежесіне байланысты Деректерді электронды өңдеу
Басқару функцияларын автоматтау
Шешім қабылдауды қолдау
Электрондық офис
Эксперттік қолдау
Жүргізілген технологиялық операциялар класына байланысты Мәтіндік редактормен жұмыс
Кестелік процессормен жұмыс
МҚБЖ – мен жұмыс
Графикалық объектілермен жұмыс
Мультимедиялық жүйелер
Гипермәтіндік жүйелер
Қолданушының интерфейсінің типіне байланысты Пакеттік
Диалогтық
Желілік
Желіні құру тәсіліне байланысты Локальдық
Көпдеңгейлік
Бөлшектелінген
Қызмет көрсету облысы бойынша Бухгалтелік есеп
Банктік қызмет
Салықтық қызмет
Сақтандыру қызметі
Басқалар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.
Сонымен, ақпараттық жүйе техникалық көзқараспен қарағанда, шешім қабылдауды қолдайтын және мекемені басқаруда пайдаланылатын ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және тарататын өзарабайланысқан компоненттер шоғыры ретінде анықталады.

АЖ кез келген құрылымы екі өзара байланысты бөліктерден құралуы мүмкін:
функционалды бөлік, қолданбалы облыстың функцияларын жүзеге асыратын қолданбалы программалар;
орта немесе жүйе бөлігі, қолданбалы программаның орындалуын қамтамасыз етеді.
Осыған орай стандарттаудың екі сұрағы тікелей байланысты:
АЖ ортасы қолданбалы программалары өзара әрекеті интерфейстерінің, қолданбалы программалар интерфейсі стандарттары (Application Program Interface — API);
АЖ сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы интерфейсі стандарттары (External Environment Interface — EEI).
Интерфейстердің екі тобы АЖ ортасының сыртқы сипатының ерекшеліктерін – пайдаланушы, АЖ жобалаушы көзқарастарымен архитектурасын анықтайды.
АЖ ортасы сыртқы интерфейсі ерекшеліктері сол ортаның компоненттері арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерімен анықталады — бұл берілген интерфейс үшін қажетті барлық функциялар, қызметтер және форматтардың нақты сипаттамасы. Мұндай сипаттамалардың жиынтығы ашық жүйелердің эталондық моделін құрайды (Reference Open System Model).
Бұл модель IBM компаниясымен 1974 жылы ұсынылып 20 жылдан бері желілік жүйелік архитектурамен (SNA) анықталады. Ол есептеуіш ортаның өзара қарым-қатынастары сәйкес стандарттармен сипатталған жеті деңгейге бөлінуіне сүйенеді және әрқайсысының құрылымы деңгейге тәуелсіз жүзеге асырылады (сурет 4).

Сурет 4. - АЖ өзара қарым-қатынасының жетідеңгейлік моделі
АЖ моделін құру үшін компоненттерінің функционалды топтарын – пайдаланушыларды, функцияларды, мәліметтерді, коммуникацияны анықтау қажет. Бұл АЖ пайдалану сатыларында бірге жүріп отырады, жобалаудың мөлдірлігін қамтиды, жүйе жасақтау мен жоба құжаттаудың стандарттарын таңдауға негіз болады.
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі. Компьютерді қолдануы бойынша, мысалы мәтіндерді теру, жобалау, дизайн өндіріс әдісі ретінде қолданылады. Мұнда оның тиімділігі анық және айтарлықтай жоғары. Бірақ пайдалану кезінде компьютер өндіріс әдісі болып емес, ал бизнесте өндірістік ақпараттық-басқармалы процестерді, басқарудың жергілікті және мемлекеттік органдарын, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениетте немесе білімді қамтамасыз ету болып табылады.
Шешім қабылдау - ол іс-әрекеттің тиімді вариантын таңдау, нақты практикалық қадамдарды анықтау. Шешім таңдау болған жағдайда ғана қабылданады. Таңдау оның өнімінің тауар немесе қызмет түрінде және өндірістің дамуын болжау процесінде дайындалған іс-әрекеттің балама жиынтығын қамтамасыз етеді. Маңызды шешімдер жеке сұрақтар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау үшін топшылау құратын компанияның өндірістік стратегиясын негізге ала отырып қабылдайды. Тиімді вариантты таңдау негізінде: күтілетін пайда, мүмкін шығынды азайту, күтілетін табыстарды дамыту мүмкіндіктері, күтілетін теріс оқиғаларды азайту, табысты бағалау ықтималдығы, «иә» және «жоқ» бағалар, функционалды-бағаланатын анализ идеясы және т.б. жүзеге асады. Бірақ кез келген әдісті қолдану үшін бірнеше облыстарда: өнім, қызметтер мен технологиялық әдістер, өнімді пайдалану ортасы, өткізу әдісі мен сату техникасы, нарықтар, бәселекестер, мемлекеттің қызмет ортасындағы өзгерістер тенденциясы мен дүниежүзілік нарық ауқаты және т.б. туралы толық және мағыналы ақпаратты жинау керек.
Ақпаратты-басқармалы жүйелерді құру немесе қайта ұйымдастырудың әдістемесі бірнеше сатыларды қосады.
Ең бірінші функционалды есептерді, функционалды іс-әрекеттерді, ішкі құжат айналымын, ақпараттық топтар мен ақпараттық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында өндірістің құрылымдық бөлімшелерін тексеру және зерттеу жүзеге асырылады. Осы ақпаратты зерттеу негізінде бөлімшелердің жұмыс істеу технологиясының функционалды-ақпараттық модельдері құрылады, содан кейін өндірістің жұмыс істеу технологиясының біркелкі функционалды моделі ретінде бөлімше жұмысы технологиясының біріктірілген функционалды моделі орындалады, сонымен қатар өндірістің біркелкі құжат айналымының ақпараттық моделі құрылады. Жұмыстың осы кешенін орындау нәтижесінде өндірістің құрылымы мен технологияны жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
Ақпараттық жүйенің өзін құру үшін максималды мүмкін деңгейде бизнесті автоматтандыратын стандартты қолданбалы программалар пакетін қолдану ұсынылады:
"клиент-сервер" ақпараттық технологиясы бойынша корпоративті құжат айналымы мен операциялар;
электронды құжаттармен басқару;
қиын ақпараттық жүйелерді жобалау, модельдеу және анализ;
іс-әрекеттің экономикалық (бағалық) анализі;
жаңа технологиялардың өндірісі мен тиімділігін бағалау;
шешім қабылдауды қолдау жүйесін құру.
Қиын ақпараттық жобаларды іске асыру үшін алуан түрлі периферийлі құрылғылары бар жүздеген компьютерлер құру, есептеу жүйелерін бөлу және жергілікті жүйелерді құру, арнайы программалық қамтамасыз етуді меңгеру қажет. Нарық өзгерсе – компьютерлік қосымшалардың даму стратегиясы өзгереді. Компьютерлік нарық қамтамасыз ететін шешімнің бес түрлі деңгейін бөліп қарастыруға болады:
керекті ақпараттық жүйе конфигурациясын өз бетімен құру және ұйымдасқан компьютерлік техниканың таралу каналдарында программалы-аппараттық әдістерінің жеке модельдерін иелену;
өндірістерге назар аудару – білікті мамандар қызметін ұсыну негізінде шешімнің бағасын қосатын жүйелік интегранттарға; программалы-аппараттық әдістердің жеке модульдерін алу және қажетті конфигурациясы бар ақпараттық жүйені өз бетімен құру;
ақпараттық проектілерді орындау және мамандандырылған шағын дербес өндірістердің программалы-аппараттық әдістерін дайындауы бойынша қызмет көрсету, одан да тиімді жалпы және жеке ақпараттық мәселелерді шешу
АЖ жобалау жекелеген жобалық шешімдерді жасақтау, оларды талдау, сынақтан өткізу және енгізуден тұрады.
Ұйымда АЖ енгізудің негізгі мақсаты компьютерлендіру емес, басқару үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіру болып табылады. Сондықтан ұйым басшысының АЖ жобалау принциптері, даму тенденцияларынан, техникалық және программалық құралдардан хабары бар болуы қажет.
Ұйымның әр бөлімшесінде АЖ жобалауға және енгізуге жауапты тұлға бекітілуі қажет, ол адам қажетті ақпарат жинау, техника мен программалық жабдық таңдау, қызметкерлерді оқыту, АЖ енгізу және жұмысын талдауды басқаруы тиіс (сурет 5).

Сурет 5. - АЖ жобалау
АЖ жаппай жобалауда тиімділік, бақылау, үйлесімділік, икемділік, жүйелілік, дамытушылық, стандарттау және унификация принциптеріне сүйенеді.
АЖ жасақтау әдістері. АЖ құрудың альтернативті жолы ретінде «міндетіне қарай» немесе интеграция әдістері таңдалуы мүмкін. «Міндетіне қарай» әдісі басқа міндеттер үшін қарастырылған шешімдерді есепке алмай әр міндетті жеке-жеке енгізуге мүмкіндік береді. Интеграция әдісі бір-біріне тәуелсіз функционалды ішкі жүйелерден құралатын біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасақтауда қолданылады. Интеграция әдісі басқару сұрақтарын кешенді шешуге, нысанның ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге, бірнеше ақпараттық ішкі жүйелерде қолданылатын мәліметтерді жинау мен тіркеуге мүмкіндік береді.
АЖ құру үш түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
жұмысты өз күшімен орындау;
басқа ұйымдардан мамандарды тарту арқылы жоба шешімдерін даярлау;
даяр қолданбалы программалар пакетін сатып алу.
АЖ құру кезеңдері (сурет 6):
I кезең — жоба алдындағы (зерттеу, есеп, техникалық-экономикалық негіздеме және техникалық тапсырма құрастыру);
II кезең — жобалау (техникалық және жұмыс жобасын құру);
III кезең — енгізу (енгізуге дайындық, сынақ тәжірибесін өткізу және программалық қолданысқа тапсыру);
IV кезең — жұмысын талдау (проблемаларды анықтау, жобалық шешімге және АЖ өзгерістер енгізу).

Сурет 6. - АЖ құру кезеңдері
Жоба алдындағы кезеңде жобалау нысаны зерттеледі және талданады. Ақпараттық база, оның кіріс құжаттары, көлемі, қайталануы, алгоритмі, шығыс құжаттар және тапсырмалардың барлық ақпараттық байланысы талданады. Бұл мәліметтер өңделеді және объектілердің ақпараттық моделі кесте мен график түрінде құрылады.
Зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылық құрылымды өзгерту бойынша ұсыныстар даярланады, жаңа лауазымдық нұсқаулықтар даярланады, құжаттардың мақсаттылығы қарастырылады, мәліметтер қорының құрамы, өңдеу технологиясы бойынша ұсыныстар анықталады, есептеуіш желі конфигурациясы, тапсырмалар құрамы, оларды компьютерлендіру реті анықталады.
Жобалау кезеңі әр деңгейдің АЖО үшін техникалық және жұмыс жобалары құрастырылады. Жұмыс жобасында жалпы жағдайлар, техникалық құралдар құрамы, архитектурасы, жаңа жағдайдағы ұйымдастыру құрылымы, тапсырмалардың қойылымы, ақпараттық қамту, басқа АЖО ақпарат алмасуы жобаланады, тиімділігі есептеледі, орындаушыға нұсқау жасақталады.
Технологиялық процестерді жобалау пароль, программа, компьютермен пайдаланушының диалогын жобалайды. Меню блок, модуль және программалар тізбегін құрайды. Әр модуль нақты функция атқарады. Меню құрылымы мен адамның машинамен диалог сценасы құрылады. Егер дайын қолданбалы программалар қолданылса, онда машиналық программалар жиынтығы мен пайдаланушыға арналған нұсқау дискіде болуы тиіс.