А?паратты? ж?йе жаса?тауды? ?ылыми-теориялы? негіздері
Ақпараттық жүйе жасақтаудың ғылыми-теориялық негіздері
Заман шарттарына сай кәсіпорынды нәтижелі басқару компьютерлік технологияны қолданусыз мүмкін емес. Бағдарламалық өнімді дұрыс таңдау – бұл есептің кез келген түрін автоматтандырудың бірінші және сипаттаушы этапы. Қазіргі уақытта ерекше мәселелерден ақпараттық жүйелерді (АЖ) таңдау проблемасы стандартты процедураға айналуда. Бұл мәнде қазақстандық кәсіпорындар шетелдік бәсекелестерден арта қалуда. Шетелдік кәсіпорындарда, ереже сай, АЖ ұрпағының барлық жаңарту тәжірибесі жеткілікті. Дамыған батыс елдерде әлдеқашан ақпараттық жүйелердің төртінші ұрпағы ауысуда.
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мәндер қатары бойынша, жеке алғанда: ақпараттық жүйеде жүзеге асыру тәсілі бойынша, мәселені басқаруды қамту дәрежесі, жүзеге асырылатын технологиялық операциялар кластары бойынша, қолданушы интерфейсінің типі бойынша, ЭЕМ желілерін қолдану нұсқалары бойынша, пәндік саламен қамтуы бойынша жіктелуі мүмкін. Бұл мәндердің әр қайсысы сол не басқа ақпараттық жүйені таңдау туралы шешімді қабылдауға әсер етеді [15].
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту орталықтарында мәліметтер қоры, ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған жұмыс орындары интеграциялануда. Қазақстандық АТ – рыногында қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарына арналған ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар жоқ.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды өндіретіндер ұсынатын бағдарламалық өнімдер мәліметтер қорын басқаратын ақпараттық жүйелерді ұсынады. Берілген бағдарламалық өнім өнімділігінің негізгі көрсеткіштері бағдарламалық қамтама жазылған бағдарламалық тілді таңдауға және мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) таңдауға тәуелді болады.
Дамыған еңбек кәсіпорындары тиімді басқарусыз елестету мүмкін емес. Кез келген кәсіпорындар мен мекемелер, ал әсіресе халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс тиімділігі көбінесе тәуелді болатын ақпаратты өңдеу жүйелері негізгі категория болып табылады.
Мұндай жүйе жұмыстар жиыны бойынша жалпы және/немесе нақтыланған есептерді алуды қамтамасыз етуге; керекті көрсеткіштерді өзгерту тенденцияларын оңай анықтауға мүмкіндік жасауға; тоқтауларсыз уақыт бойынша сыни ақпараттарды алуды қамтамасыз етуге; нақты және толық мәліметтер талдауын орындауға тиісті.
Мекеменің бизнесіне және мақсатына қатысты маңызды бақылау объектілеріне өндірістік ресурстар (қаржылық, халықтық, есептеуіш, телекоммуникациялық және т.б.); ақпараттық ресурстар (өндірістік, қаржы- аналитикалық, қызметтік және т.б.); өндірістік процестер (ақпараттық - технологиялық процестер, автоматтандырылған жүйелердің өмірлік циклі процесі және т.б.) жатады.
Ақпараттық жүйелер өз даму кезеңінде өзгерістерге ұшырап отырды. 50-60 жылдары қағаз түріндегі есеп құжаттары айналымы электрлік механикалық бухгалтерлік машиналармен жүзеге асырылса, 60-70 жылдары басқару АЖ өндірістік ақпаратты, есептерді даярлауға қолданылды. 1970-80 жылдары АЖ шешім қабылдау өндірісте бақылау мен жүзеге асыру бағытында қолданыс тапты. 1980 жылдан бастап басқарудың жоғары сатысы, кәсіпорынды дамыту стратегиясын басқарды (сурет 1).
Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады
«Жүйе» түсінігіне қосымша «Ақпараттық» сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі. Ақпараттық жүйелер – қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер түсінігін дербес компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйелер техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ-ді кіргізуге болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған адам ролін есепке алмаса онда өздігінен ақпараттық жүйелерді техникалық іске асырудың мәні болмайды. Копьютер мен ақпараттық жүйелердің түсінік айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер, ақпараттық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы бола алады. Ақпараттық жүйелердің даму сатысы. 60-жылдар. ақапараттық жүйелерге көзқарастың өзгерумен ерекшеленеді. Көптеген параметрлері бойынша периодтты есеп берулер одан алынған ақпарат қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға көп функцияларды қамсыздандыру мүмкіндігі бар копьютерлік құралдар керек болды. 70 жылдар шешімдерді тез қабылдау процесстерін жылдамдату үшін ақпараттық жүйелер басқару құралдарында кеңінен қолданыла бастады. 80 жылдардың аяғында ақпараттық жүйелердің концепциялық қолданылуы тағы да өзгеріске ұшырайды. Олар ақпаоаттың стратегиялық қайнар көзі және барлық профилдағы ұйымдар үшін қолданыла бастады. Осы периодттағы ақпараттар жүйесі өз уақытында ақпаратты жеткізіп, ұйымдардың өз кәсібі бойынша алға жылжуына көмектесті.
Ақпараттық жүйедегі процесстер Ақпараттық жүйенің жұмысын қамсыздандыратын процесстерді блоктардан құралған схема түрінде көруге болады: Ақпаратты ішкі немесе сыртқы көздерден енгізу; Енгізілген ақпаратты қолайлы түрде көрсету және өңдеу; Басқа жүйеге тасымаладау немесе тұтынушыларға арналған ақпаратты шығару. Кері байланыс – ол кіру ақпараттарын сұрыптау үшін сол ұйымның қызметшілері өңдеген ақпарат Ақпараттық жүйелердің қасиеті. Кез келген ақпараттық жүйелер өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша аналидеуге кезігуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамушы бола алады. Ақпараттық жүйелерді құру барысында жүйелік ықпал жсау керек Ақпараттың жүйенің шығу өнімдері шешім қабылдау негізіндегі ақпараттар бола алады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді компьютердің көмегімен таралған жүйелер деген көзқараста. Бірақ ақпараттық жүйені компьютерсіз вариантта алып қарауға болады. Бірнеше фирмалардан тауарды сатып алу кезінде ақпараттық жүйе сатып алушыны тіркеуге алады. Ол: сатып алушылар тобын анықтап, олардың құрамы және суранымдарын, содан кейін өзінің стратегиялық коптік топтарға бағытталуына. Потенциальды сатып алушыларға әр-түрлі ұсыныстар жіберуге Тұрақты сатып алушыларға тауарларға және қызметтерге рұқсат береді.
Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) термині 1980-90 жылдары автоматтандырылған жүйеге ауысты. 2000 жылдары техникалық әдебиеттерде ол термин ақпараттық жүйе (АЖ) терминіне өзгерді.
Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқару мәселесі жағдайының туындауы және оны түсіну тәуекелділікті басқарудың маңыздылығын және қажеттілігін көрсетті.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.
«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңында «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе» деп берілген [8].
АЖ өздігінен күрделі жүйе боп табылады және құрама бөліктерге бөлінеді«Ақпараттық жүйе – бұл бекітілген функцияларды орындаудың ақпараттық технологияларын жүзеге асырушы персонал мен оның қызметін автоматтандыру құралдарының кешені» [5] деп көрсетсе, «АЖ техникалқ құралдардың маңызды ролін сақтай отырып адамның белсенділігін пайдаланатын жүйе» [36] деп көрсетеді.