Математикадан Заттарды салыстыру та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Салыстыру туралы түсінік беру.
Міндеті: 1. Суреттерден ұқсастық пен айырмашылықты салыстыра білуге
үйрету.
2. Суреттерді дұрыс әрі шапшаң ойлап шығара білуге үйрету.
3. Ұқыптылыққа бейімдеу. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.
Сабақтың мазмұны:
I. Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта салыстыру туралы танып шығамыз.
Сайқымазақтың жұмыс орнын айт- цирк
Жыл мезгілдерін ата- қыс,көктем,жаз,күз.
Аптаның күндерін ата- дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
«А»әрпінен басталатын 5 қыздың атын айт-Айнұр,Алма, Айша,Алуа,Асия.
«С»әрпінен басталатын 5 ұлдың атын айт- Серік,Самат,Сәкен,Санжар,Саят.
Жылқының төлін ата- құлын.
Кеме жолы- су жолы.
№1 Текшелерді салыстырып бояған жөн. Жауабы; 1,3 және 5,6-текшелер.
№2 Бас киімдер мен қолғаптардың сыңарын тауып, оларға ұқсас өрнек салған жөн.
Көңілді үзіліс
Қолдарыңа 10 таяқша алыңдар.Оларды жұдырықтарыңа салып қысыңдар.
Жұдырықтарыңды ашып, үстел үстіне тастаңдар. Енді таяқшаларды бір-бірлеп
Жинаңдар. Жинау кезінде қатар жатқан таяқшаларды қозғап жібермеңдер.Егер бір
таяқша қозғалып кетсе, тапсырма басынан бастап қайта жасалады.
№3 Ұқсас өрнектерді табыңдар.Оларды айналдыра сызыңдар. Жауабы: а)тқртінші сурет. ә) екінші сурет
№4 Жауабы: а)екінші жолдағы соңғы торкөзге алдымен суретін салу.Соңғы жолдағы бірінші торкөзге алмұрттың суретін сал. ә) Екінші жолға қияр,шие,құлпынайдың суретін салу.Үшінші жолға құлпынай,қияр,шиенің суретін салу.
№5 Көзге арналған жаттығулар.
«Мерген көз», «Көзбен ату»жаттығулары.
№6 Графикалық диктант. Бастапқы нүктеден бастап нүктелер арқылы бағытты айта отырып, фигуралар сызу.
V. Сабақты қорытындалау: Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік?
Ұқсастық пен айырмашылық дегеніміз не?

VІІ. Үйге тапсырма. 25-26 бет
VІІІ. Бағалау