Тарих саба?ында жа?а технологияларды пйдалануды? тиімділігі


«Рауан» көпсалалы
колледжінің оқытушысы
Телекешова А.Қ.
Тарих сабағында жаңа технологияларды
пайдаланудың тиімділігі
Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.
Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материал мен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері құрылымның қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу процесінде студенттер дерек, құбылыс, оқиға, процес сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр студенттің табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, студенттің шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, студенттерді қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және студенттердің белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясыМақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- студенттің өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- студенттің ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
5. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір студент өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр студентке өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы студенттерге, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір студент меңгеруі тиіс.
6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана студентпен жұмыс істейді;
- студент тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі студенттің қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
7. Топтық технология. Бұл топта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін топты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
8. Ұжымдық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту тәсілі сабақты ұйымдастырудың төрт түрі жолын ұсынады.
Жекелей жұмыс.
Жұптық жұмыс.
Топтық жұмыс.
Ұжымдық жұмыс.
Мұнда жеке адамның басымдылығы емес, студенттің адам ретінде сынау, қабілетіне қарай еңбек етуіне жағдай туғызу мақсаты қойылған. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұндағы студент білімді сапалы меңгереді. Біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, байланыстырып сөйлеу, салыстыру, дәлелдеу т.б. дағдылар қалыптасады. Кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, тарихи деректерді талдай білу және барлық студенттердің бірдей жұмыс істеуі тарихи білім берудегі ең басты мәселе.
9.  Дамыта оқыту технологиялары.
1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Студенттің орындаған жұмыстары мен сапасы студентке білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, студенттің өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
10. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр студентке оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде студент:
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Сабақта студент жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.
Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Сабақтың басында мақсат қойғанда осындай нәтиже күтеміз. Дәстүрлі өткізіп  жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай  айырмашылықтарды таптым.
Дәстүрлі сабақ  үрдісінде -  өзімнің әдістерім, яғни, оқытушы әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіремін.2. Тарихи деректерге сипаттама бере отырып меңгертемін.3. Тарихи оқиғаны анықтап беремін, талдаймын.4. Тарихи анализ тапсырамынСтуденттің әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.2. Тарихи деректерге сипаттама береді.3.Тақырып  бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.4. Тақырып бойынша анализ жасайды.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде    өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3. Тарихнамалық шолу жасауды ұсындым. 4. Тарихи оқиғаға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Студент белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.2. Дәріспен өздері танысты.3. Әр түрлі әдістер арқылытарихи оқиғаны саралады. 4. Жеке тарихи кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде тарих пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.
2.Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде тарих пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.