Алаптар бойынша ірі ?зендер (8 сынып)


Бекітемін 22.12.2016 Сабақ №32
Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Сыныбы:8 «а», «б»
Күні: 22.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Алаптар бойынша Қазақстанның ірі өзендеріне сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның ірі өзендері олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық. Қазақстан аумағында ішкі сулардың таралуы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақСабақты жүргізу әдіс - тәсілдері:сұрақ-жауап, картамен жұмыс, топтық тапсырмалар мен жұптық тапсырмалармен жұмыс істеу, ой тұжырымдау.Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, маркерлер, стикерлер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, сабаққа дайындығын тексеру, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Өзеннің бастауы деген не?
2) Өзен жүйесі деген не?
3) Өзен алабы деген не?
4) Суайрық деген не?
5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?
Қызығушылықты ояту.
Су туралы қызықты мәліметтер:1. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.2. Чилидегі Калама қалашығында мүлде жаңбыр жаумайды3. Жердің 70 пайызы су, оның тек 2 пайызы ішуге жарамды.4. Жердің 10 пайызын мұз жауып жатыр.5. Мұздың тығыздығы мен бетонның тығыздығы тең.6. Ыстық су суық суға қарағанда ауырлау.7. Сауд Арабиясында бір бе бір өзен жоқ.8. Оңтүстік Американың тек екі мемлекеті ғана мұхитпен шектеспейді.9. Барлық мұхиттан қашық жатқан нүкте Қытайда.10. Сыртқы мәліметке байланысты су құрамы өзгереді.11. Амазонканың 500ден астам саласы бар.
«Қазақстанның өзендері» видеосын көрсету.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 – жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.
Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.
Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.
Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.
Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.
Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.
Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.
Балқаш-Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т-Ш туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:1.Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.
2.Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді?
Картамен жұмыс
Өзендерді кескін картаға түсіру.
Кестемен жұмыс
№ Өзеннің аты Жалпы ұзындығы (км) Қоректенуі Маңызы
VІ.Сабақты бағалау. Формативті және суммативті бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма:§28