География п?нінен ?аламшарда?ы тіршілік та?ырыбына презентация (5 сынып(


Сабақтың тақырыбы: Ғаламшардағы тіршілікСабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларды ғаламшардағы әр түрлі тіршілікпен танысты.Мекен еткен ортаға бейімделгіштігі жайында мағлұмат беру.Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, глобус,слайд. 1.Ұйымдастыру кезеңі:2. Үй тапсырмасын сұрау 1.Физикалық дене дегеніміз не?2. Зат деп нені атайды?3.Табиғаттағы күштерді айт4.И.Ньютон ашқан күш?5.Қысым дегеніміз не? 3. Жаңа сабақ Ғаламшардың тіршілік ортасы «биосфера» қабатында таралған.Яғни,биосфераны тіршілік қабаты дейді. Бұл сөз грек тілінен шыққан(биос-тіршілік). Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болғанына 4,5-5миллиард жылдан асты.Ғаламшардағы тіршілік ортасын 4-ке бөліп қарастырамыз.1.Бактериялар2.Саңырауқұлақтар3.Өсімдіктер (флора)4.Жануарлар (фауна) Өсімдіктер органикалық затты түзеді, баяу күнге қарай қозғалады. Қоректенеді, тыныс алады, күн мен түнді, маусымды ажырыта алады, өседі, көбейеді, өнеді. Органикалық затты дайын күйде пайдаланады, белсенді қозғалады.Өсімдіктер өсіп-өнуіне қажетті су, жарық,жылу,ауа және минералды заттар жеткілікті болған жағдайда өседі.Бірақ кейбір өсімдіктер тек күн сәулесі түсетін ашық жерде ғана,ал біреуі жарық аз түсетін көлеңкелі жерлерде өсуге бейімделген.Біреуіне ылғал қажет болса,екінші біреуі құрғақ шөлді жерде өседі. Жер шарында күн сәулесі бірдей тарамағандықтан жер бетінде табиғат біркелкі емес.Міне осыған байланысты адамдар да,өсімдіктер мен жануарлар да табиғатқа байланысты бейімделген. Ғаламшардағы тіршілікСудағы Құрлықтағы 4. Бекіту«Сен маған, мен саған» ойыны.1. Флора дегеніміз не?2. Фауна деген не?3. Тірі денелердің өлі денелерден айырмашылығы неде?4. Биосфера деген не? 5. Қорытындылау Венн диаграммасыБиосфера 6. Үйге тапсырма «Ғаламшардағы тіршілік» тақырыбын оқу. «Ғаламшарды сақтайық» (сурет салу)7. Бағалау.