Саба?ты? та?ырыбы:Мені? к?н т?ртібім 6 сынып


Сабақтың тақырыбы: Менің күн тәртібім.
Сабақтың мақсаты:а)оқушыларға септік жалғауларын қатыстырып,сөйлем құрай алуын пысықтау.Сөйлемдерден септік жалғауларын тауып ажырата білуге үйрету.
ә)оқушылардың сөздік қорларын молайтып, танымдық көзқарастарын дамыта білуге дағдыландыру.
б)еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:сурет,кесте,топшама.
Пәнаралық байланыс:орыс тілі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Кезекшімен сұхбат.
3.Ой қозғау.(сұрақ-жауап әдісі арқылы)
4.Үй тапсырмасын тексеру.
5. Фонетикалық талдау жасау.
Сыныптағы үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады.Дайындыққа 4
минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
1-топ: күнпарақ; 2-топ: күнтізбе; 3-топ: мәлімет.
Жауап үлгісі
І-топ
Күнпарақ, күн-па-рақ – үш буынды, 1- бітеу , 2 – ашық, 3 - бітеу буындар.
к – дауыссыз, қатаң;
ү – дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
н – дауыссыз, үнді;
п – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
а – дауысты, езулік, ашық, жуан;
р – дауыссыз, үнді;
қ – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.
Жауап үлгісі
ІІ-топ
Күнтізбе, күн-тіз-бе – 3буынды, 1,2 – бітеу, 3 - ашық буындар.
к – дауыссыз, қатаң;
ү – дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
н – дауыссыз, үнді;
т – дауыссыз, қатаң;
і – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
з – дауыссыз, ұяң.
б – дауыссыз, ұяң;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.
Жауап үлгісі
ІІІ-топ
Мәлімет, мә-лі-мет – 3 буынды, 1, 2 – ашық, 3 – бітеу буындар.
м – дауыссыз, үнді;
ә – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
л – дауыссыз, үнді;
і – дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
т – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
6. Сөздік жұмыс.
ояну – просыпатьсякесте – график
шешіну – раздеваться ауысым – смена
серуендеу– гулятьбіраз - немного
орындау – выполнять ұйықтар алдында – перед
сном
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлемдер құрау.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
7. Оқулық бойынша жұмыс. «Менің күн тәртібім» мәтінімен жұмыс.
а) Мәтіні бойынша «Даналық ағашы» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығу тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
ә) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды со бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.
8. Сергіту жаттығу.
9. Грамматикалық тақырып. Мұғалім оқулықта берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты еске түсіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Септіктер Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін
А.с.
І.с.
Б.с.
Т.с.
Ж.с.
Ш.с.
К.с. -
-ның, -нің
-а, -е
-ды, -ді
-да, -де
-нан, -нен
-мен -
-ның, -нің
-на, -не

-нда, -нде
-нан, -нен
-мен
А.с. күн тәртібімА.с. күн тәртібі
І.с. күн тәртібім+ніңІ.с. күн тәртібі+нің
Б.с. күн тәртібім+е Б.с. күн тәртібі+не
Т.с. күн тәртібім+ді Т.с. күн тәртібі+н
Ж.с. күн тәртібім+деЖ.с. күн тәртібі+нде
Ш.с. күн тәртібім+нен Ш.с. күн тәртібі+нен
К.с. күн тәртібім+мен К.с. күн тәртібі+мен
10. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Әр оқушы өз орнында отырып, өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Бірнеше оқушының жауабын тыңдау.
Ү л г і: Таңертең мен сағат жетіде оянамын.
11. Бекіту. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
1. Сен нешеде оянасың?
2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің?
3. Мектепке дейін немен барасың?
4. Мектепте сабақ нешеде бітеді?
5. Қай уақытта үйге келесің?
6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
12. Үй тапсырмасы. Сөздерді, 4-тапсырманы жазбаша орындау.