План урока на тему: Ана бізді? к?німіз


Тақырыбы: «Ана біздің күніміз»Тәрбиеші: Той пердесін ашайықТойға шашу шашайықАналарды құрметтепӘн – маржанын шашайықӘн: «Анашым»Тәрбиеші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай болса, бүгінгі мерекеміздің тақырыбы осы қасиетті «Ана» есімі болмақ.Бүгін Наурыздың сегізіСұлулықтың негізіӘдемі сөзАдамның анаға айтар лебізі- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Досхан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдапАна дейді жас сәби де жарқылдапАна деген бәйтерегі өмірдіңАна деген алтын қазық, алтын бақЖарас Айзат: Баланың да тірегіДананың да тірегіШаншымасын ешқашанАналардың жүрегіБақытжан Айзат: Мәпелейсің мені, анамҚолыңдағы құсыңдайҚұлпыра өсіп дем аламҚұшағыңда қысылмайТәрбиеші: Мың бұралған арулар аңдап басыпКеледі міне ортаға толқып тасыпАруларын сыйлаған халқым меніңКөңілді қошеметпен қарсы алайықБи: «Қамажай» Амирхан: Еркелесем күлімдейтінҰрысқаны білінбейтінМаңдайымнан иіскеп меніңҚұлыншағым күнім дейтін
Арыстан:Жүрегінде махаббат,
Тілегінде мархабат.
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс.
Юсую:
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші,келші ақ мамам.
Алия:
Мамам,мамам ақ мамам,
Менде өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзіңді жұма қаламын.
Тәрбиеші: Құлыным дейді әжемБірақ мен баламынӘппағым дейді әжемБірақ мен қарамын – деп Шөмішбай Сариев деген ағамыздың өлеңінде айтылғандай біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол кім?
Балалар: Ол – біздің әжеміз.Тәрбиеші: Осы жерде отырған әжелеріміздің құрметіне тақпақ айтып берейік.Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)Азамат: Таусылмайды өлеңіКүнде айтып бередіБарған сайын қонаққаКәмпит алып келедіӘжем менің өйткеніӨте жақсы көредіАйзада: Айналайын дегеніЖанға рақат бередіКөңіліңді табадыӘнді қалай салады
Балалардың әжелеріне ән салдырту.Тәрбиеші: балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.Қыздар: Әлди, әлди, әл бөпемАқ бесікке жат бөпемЖылама бөпем жыламаЖілік шағып берейінБайқұтанның құйрығынЖіпке тағып берейін.
Біздің қыздарымыздың мерекесіне арнап,ұл балалардың көрсететін қандай өнерлері бар екен.
Би: «Айгөлек»Ойын: «Мақалдың жалғасын тап» (ата – аналармен)1 бала шығып мақалдың бастапқы сөзін айтады, анасы сол мақалдың жалғасын табады. Ананың сүті...., Баланың тілі...., Қыз өссе...., гүл өссе....Анаға қарап...., әкеге қарап.....,
Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)
Тәрбиеші: Бала тілі – бал дегендей балалардың шын жүрегінен шыққан, аналарынадеген тілектері бар, соны берсін. (әр баланың тілегі айтылады).Тәрбиеші: Иә, баларыңыз айтқандай ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар, әрдайым әдемі, сүйкімді болып жүріңіздер. Осы тілек білдіруші балаларыңыздың атынан тағы да бір әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын сізді мейрамыңызбен».Тәрбиеші: Сәлем өрен достарымАлақанды тос бәріңҚымбатты сый алыңдарҚызығыма қаңыңдарМіне, балалар бұл менің мол байлығым. Қыздарымыз қолдарына білезік тағып, көктемдей құлпырып жүрсін деп әкелдім. (Ұлдар қыздарға тапсыруға көмектеседі).Тәрбиеші: Осымен қысқаша ертеңгілігіміз аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!
Ананың сүті.....,
Баланың тілі......
Қыз өссе...........,
Гүл өссе ....................
Анаға қарап....................,
Әкеге қарап ...........................
Қыз ..........................,
Ұл .............................
Әке көрген .................. ,
Шеше көрген .....................
Тәрбие тал ............................
Балалы үй-
Баласыз үй-
Қызым саған айтам,
..................................
Батыр туса ..................,
Жаңбыр жауса ..............................