Урок по казахскому языку на тему Шортанбай ?анай?лыны? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы (9 класс)
Сынып: 9 Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі және шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Шортанбай Қанайұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі:
Шортанбай Қанайұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды
Дамытушылығы:
Ш. Қанайұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі:
Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: Таратпа кестелер.
Пәнаралық байланыс: Тарих.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал:
ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Шортанбай Қанайұлының өмірімен танысу, «Зар заман» шығармасын талдау»
Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.
Сұрақ.
Балалар Ш. Қанайұлы 1818 жылы туылған екен, олай болса оның өмір сүрген кезіндегі тарихи жағдайлар турала не айта аласыңдар?
Міне , балалар, Ш. Қанайұлының ақындық, азаматтық кезеңі осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келген екен.
Сұрақ.
Олай болса Ш. Қанайұлы өз шығармаларында нені жырлады?
Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.
Сұрақ.
Зар деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды жерлесіміз, заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.
Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. ««Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.
Оның «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.
Сергіту сәті:
Сұрақ.
4.«Зар заман» өлеңінде заманның бұзылған белгілерін табайық, неліктен заман бұзылып тұр? Себебі?
5. Заманның бұзылған белгісі тек адамда ғана мА, жоқ әлде табиғатта да бар ма?
6 Заманды бұзған кімдер?
7.Бүгінгі таңда осының белгілері біздің ортамызда бар мА, біз оған қалай қараймыз? Себебі не?
Дәл осы бойынша «Шығарма кестесін» жасап жіберейік.
Өлеңің атыНегізгі әрекет КейіпкеріКейіпкерге мағыналық баламаЗарзаманБилер жейді параныСақтап қойған сүрідей... БиШортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.
Мынау ақыр замандаАлуан, алуан Жан шықты
Арам, араз хан шықты
Қайыры жоқ бай шықты
Сауып ішер сүті жоқ
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.
Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтыладыМұның өзі зар заманЗарлығының белгісіҰл сыйламас атасын....
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасын...
Сол заманның кезіндеҚыз сыйламас шешесінЕр жеттім деп шаштасып...
Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.
Заман қайтіп оңалсын...
Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей
Билер жейді Параны
Сақтап қойған сүрідей
Сол себепті:
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей
Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.
№ Тіл көркемдігі Мәтіннен үзінді
1 Метонимия ..жаннан түңілген
2 Метафора Орыс-бүркіт, біз-түлкі
3 Теңеу Текеметтің түріндей
4 Эпитет 5 Тұрақты тіркес6 Мақал-мәтел Сұрақ. Ш. Қанайұлының шығармаларының негізгі идеясы не? Болашақ ұрпақты жаман әдеттерден тыю, ұлттық рухымызды асқақ ұстауды ұрпаққа аманат еткен.
Үйге:
««Зар заман ақынынан» алатын тағлым». «Зар заман» өлеңінен 29 жолын жаттау.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» шығармасы бойынша «Шығарма кестесі»
Сыныбы.........................................
Баланың аты-жөні......................................................................
Өлеңнің аты Негізгі әрекет Кейіпкері Кейіпкерге мағыналық балама
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» шығармасы бойынша тіл көркемдігін анықтау парағы.
Сыныбы.........................................
Баланың аты-жөні......................................................................
№ Тіл көркемдігі Мәтінен үзінді