Баяндама М??алім ш?кірт ?шін е? жо?ар?ы адамгершілікті? ?лгісі


Мұғалім-шәкірт үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісіҰрпақ тәрбиесі-ұстазға байланысты.Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Нәсіп 1993 жылдан бастап №132 орта білім беретін мектепте,1994 жылы №62 орта білім беретін мектепте,1995 жылдан бастап №167 жалпы білім беретін мектепте еңбек етіп келеді.Осы жылдардан бастап өздігінен білім алып,қанат қағып көкке ұшып шыққан шәкіртерінің елге құрмет етіп,биік белестерді бағындырып жүрген азаматтық тұлғалармен де мақтана алары сөзсіз.Ұзақ жылдар бойы №167 ж.б.б мектептің бастауыш сыныптарына сабақ беріп өз уақытын аямаған,өзгенің бақытын аялаған Нәсіп-өз мамандығын жетік меңгерген тәжірбиелі ұстаз.Оқушыларға тиянақты сапалы білім беріп келеді.Өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде,жақсы жетістіктерге жетіп жүрген ұлағатты ұстаз.Ел ертеңімен ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған Нәсіп-жас жеткіншіктерге сапалы білім,саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек еткені үшін Құрмет грамотасымен мараппаталады.Білім беру жүйесіндегі іс шаралараға қосқан үлесімен шығармашылық табыстары үшін мадақтамамен марапатталды.Жыл қортындысы бойынша жас ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктерімен шығармашылық табыстары үшін Құрмет граматасымен марапатталды.2010-2011 жыл аралығында бастауыш сыныптар арасында озық тәжірбиесі таратылды.2012-2013 мектепте,ауданда бірнеше ашық тәжірбие сағаттарын өткізді.Өз білімін көтеру мақсатында әдістемелік мақалалаларын үнемі республикалық басылымдарға шығартып отырады.
1.Бастауыш сынып «Қайсар құмырсқа»
2.Білім ордасы «Етістік»
3.Бастауыш сынып «Шығамын тірі болсам адам болып»
4. Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз «Ғылым» баспасы
Осы жолда өскелен ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие беруде аянбай тер төгіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі ерекше.
Мұғалім-шәкірт үшін ең жоғары адамгершілік үлгісі.Ұрпақ тәрбиесі-ұстазға байланысты
Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығары сөзсіз.Алдағы уақытта да абырой биігіне көрініп жүрген,бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне бағыштаған Нәсіпке мол табыс,ұстаздық еңбегіне шығармашылық жетістіктер тілеймін
Насип апайдың сыныбының ата-аналары