Мен ата-анамны? ?ол?анатымын. Жала? ж?не жайылма с?йлемдер.


Сабақ: Мен ата-анамның қолғанатымын. Жалаң және жайылма сөйлемдер.Мектеп: «Подгорное негізгі мектебі» КММ
Күні: 11.10.2015 2-сабақ. 45 минут. Мұғалімнің есімі: Алимжарова А.О.
Сынып: 8 орыс сыныбы Қатысқандар саны:13. Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мәтінді түсіну, жалаң, жайылма сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, күнделікті өмірмен байланыстыру, ойларын анық, түсінікті жеткізе білуге үйрену.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Мәтінді түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: «Көмектесу» сөзінің мағынасын түсінеді, мысалдар келтіре алады. Сөйлем құрай алады.
Кейбір оқушылар: Шағын шығарма құрастыра алады. Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар: түсінеді және аударады, мазмұндайды
Негізгі сөздер мен тіркестер: Мен қолғанатпын, ата-ананың тірегі т.б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Диалог құрай алады.
Талқылауға арналған тармақтар: Көмек көрсету түрлерін талқылау.
Жазылым бойынша ұсыныстар:Қазақ тіліндегі спецификалық дыбыстардың жазылу емлесіне назар аудару.
Алдыңғы оқу
Өткен сабақта өтілген жаңа сөздерді ауызша қайталау, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің іс әрекеті
Сәлемдеседі.
Сыныптың психологиялық ахуалын «Шаттық шеңбері» арқылы көтереді.
Топқа бөледі.
Тапсырмаларды орындатуда және бағалауда бағыт-бағдар береді.
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Суммативті бағалау ұпайларына сай нақты бағаны шығарады. Оқушының іс әрекеті
Ортаға жиналады.
Сәлемдеседі.
Туыстық атаулар және қима қағаздар арқылы топ құрады.
Тапсырмаларды орындайды.
«Бас бармақ», «Фишкалар» арқылы формативті бағалайды.
Табыс критерийлері арқылы суммативті бағалайды. Басталуы
2 минут
1 минут Сәлемдесу. Тренинг: «Шаттық шеңберін» құрастыру. Оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтады.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Туыстық атауларға байланысты екі топқа бөлінеді.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Мен ойнаймын, күлемін.
Білегімді түремін.
Ата-анама сүйікті
Көмектесе білемін.
Ән айтамын, билеймін,
Жалқаулықты білмеймін,
Ауладағы тәшкеге
Қоқыр-соқыр тиеймін.
Тақырып қандай деп ойлайсыңдар?
Артықова Т., Ермекбаева Г. қазақ тілі 8сынып.-«Атамұра» 2012.
Ортасы
7 минут
3 минут
7 минут
1 минут
1 минут
3 минут
4 минут
4 минут
4 минут
Аяқталу
3 минут
5 минут Сабақтың барысы:
1-тапсырма: «Көмекші» сөзінің мән-мағынасын түсіну. Постер жасап, қорғаңдар.
Бас бармақ арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.
2- тапсырма. Глоссарий
Қартайғанша- до старости
Сыйлау- уважать
Парыз-обязанность
Сезімтал- чувствительный
Бауырмалдық-отзывчивость, доброта
Жанашырлық-заботливость
Ержету-взрослеть
Тәрбиелі-воспитанный
Еңбексүйгіштік-трудолюбие
Уәде-обещание.
3-тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін пайдаланып, «Менің ата-анам», «Ата-анаға көмек» тақырыптары төңірегінде ауызша шағын шығарма құрастырыңдар.
Бес саусақ арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалау.
Отбасы мүшелерінің атаулары жазылған қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді.
4- тапсырма: Грамматикалық тапсырма («Кім жылдам» әдісі)
Сөйлемді толықтырыңдар: жалаң сөйлемнен жайылма сөйлем құраңдар:
а) Мен келдім.
ә) Асан қайтты.
б) Баласы көмектесті.
в) Ауласы таза.
«Дұрыс-бұрыс» деп белгілеңдер:
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
Аналарды ардақтау, жан-жақты қамқорлық жасау – біздің парызымыз. Әкеге берген уәдені ұмытайық. Дүниеде ата-анандан артық екім жоқ. Мен ата-анама көмектескенді ұнатпаймын. Жақынға бауырмал болу маңызды емес. Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Сәйкесін табыңдар:
1. Баланың жан дүниесі а) отбасыммен бірге тойлаймын
2. Әке көрген оқ жонар ә) менің парызым
3. Әкенің өнер-білімі б) сырға толы
4. Наурыз мерекесін в) жылқыларды суғаруға көмектесемін
5. Мен әкеме г) құлақ саламын, тыңдаймын.
6. Әжемнің айтқанына ғ) ұл баланың соған қарап өнеге алатын нысанасы
7. Анама көмектесу д) шеше көрген тон пішер

«Синтаксистік ойын» әдісін қолданып, жалаң және жайылма сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар (3 сөйлем):
1-топ: бастауыш, баяндауыш
2-топ: толықтауыш
3-топ: анықтауыш
4- топ: пысықтауыш.
Табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын бағалайды.
Критерийлер Бағалау
Өзіне қажетті ақпаратты анықтай алды Мәтін бойынша
постер жасап, қорғай алды Глоссариймен жұмыс жасай білді Шағын әңгіме құрастырды Сөйлемді толықтыра алды Сөйлемнің дұрыс-бұрыстығын анықтады Сөйлемдердің сәйкестіктерін тапты Синтаксистік талдау жасай білді Уақытты тиімді пайдаланды Рефлексия
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, кемшіліктері туралы жазады және дәлел келтіріп сөйлейді.
Үй тапсырмасы: Шағын зерттеу жүргізу. Отбасы мүшелері бір-біріне қандай көмек көрсетеді екен? Зерттеу жүргізіп, жазып аласыңдар.
Деңгейлі тапсырмалар:
1 деңгей – «Мен қолғанатпын» тақырыбына өлең құрастырады.
2 деңгей – жайылма сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
3 деңгей – жалаң,жайылма сөйлемдер құрастырады. Маркер,
фломастер,
стикерлер, форматты беттер
АКТ
Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
жетті талпынады Топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетеді.
А – «Мен қолғанатпын» тақырыбына өлең құрастырады.
Нәтижені саралау. Постер қорғады, ауызша шағын шығарма құрастырды, жаңа сөздерді жаттады, грамматикалық тапсырмаларды орындады. Постер қорғады, ауызша шағын шығарма құрастырды, жаңа сөздерді жаттады, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қиналды. Еңбекке баулу сабағымен және күнделікті өмірмен байланыс.
АКТ дағдылары.
Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ мақсаттары нақты, шынайы. Бүгін оқушылар тапсырмаларды шапшаң орындауға үйренді. Отбасы мүшелерін құрметтеу және үнемі көмек көрсету керектігін білді. Сыныптағы ахуал жақсы деңгейде. Уақытымды ұтымды пайдаландым. Мен жоспарыма оқушылардың қалай үйренгенін қадағалау мақсатында бағалаудың «табыс критерийлерін» енгіздім, себебі бұл бағалау мұғалімге де, оқушыға да өте қолайлы және тиімді. Сабақ барысында неге қол жеткізгендіктерін нақты көрсете алады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
«Қолғанат» сөзінің мәнін түсіндіруде постер жасау және қорғау сәтті болды.
Жаңа сөздерді жатқа айтты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. АКТ-ны пайдаланғанда уақыт үнемделеді.
2. Психологиялық тренинг оқушылардың көңіл-күйін көтереді.
Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?
Сыныпта ынтымақтастық ахуал орнады. Оқушылар белсенділік танытты.