8 сынып ?аза? тілі Жала? ж?не жайылма с?йлемдер
2171700-102870000 Қысқа мерзімді жоспары
Пәні: Күні: Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сілтеме Қазақ тілі 8 сынып
Мақсаты Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, сөйлем талдату арқылы меңгерту
Міндеті а) жалаң және жайылма сөйлемнің жасалу жолын меңгерту, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;ә) сызбалар, кесте бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру;б) сөйлем құрастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйрету;в) мақал-мәтелдердің мазмұнын түсінуге және мақалдар құрастыруға баулу;г) өз бетінше және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;д) өзін-өзі психологиялық тұрғыда бағалауға , жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге
Күтілетін
нәтижелер Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. Өздігінен сөйлем талдайды. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырады. Топта жұмыс жасауға дағдыланады
Сабақтың түрі Жаңа білімді өздігінен меңгеру
Пәнаралық байланыс әдебиет
Қолданылатын әдістер Блум таксономиясы, СТО
Керекті жабдықтар
А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер. Презентация, слайд
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдас
тыру
Ыстық орындық
2 мин
Сыныпты 4топқа бөліп отырғызу.
«Мозайка» әдісі бойынша
Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою
Жай сөйлем дегеніміз не? Түрлері қандай? Жақты және жақсыз сөйлем Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Топ ережесін естеріне сақтайды
Берілген сұрақтарға жауап береді
Қығушылықты ояту Салыстыр. 3 мин Қар жауды. Қар қалың жауды.Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.Күн жылынды. Күн көктемде жылынады. Сөйлемдерді оқып, айырмашылығын айтады
Мағынаны тану
Ереже. 4 мин Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз. Қыс басталды.Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Қыста қар қалың жауды. Оқушылар берілген сөйлемдерді талдай отыра ереже шығарады
«Құстар әлемінде»
Жұптық жұмыс 9 мин Кесте бойынша құстардың аттарын қатыстырып, жалаң және жайылма сөйлемдер құрастыру1-топ. Сұңқар, қызғыш
2-топ Сауысқан, бұлбұл
3- топ Кекілік, қарлығаш
4-топ Қарға, бүркіт Берілген тапсырманы топ ішінде жұптаса орындайды
3 мин Жалаң және жайылма сөйлемдерді тап.
1-топ. Дүкен ашылды.
2-топ. Біз дүкенге кірдік.
3-топ. Керек-жарақтың бәрі бар.
4-топ. Мен оқу құралдарын алдым. «Ойлан. Жұптас. талда»
10 мин
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу.
1-топ. Демалысқа шықтық.
2-топ. Жарас қуанды.
3-топ. Сатушы келді.
4-топ. Сәуле жазды. Берілген тапсырманы топта орындайды.
Сергіту
Тренинг «Мен – күнмін». 2 мин Сергіту сәті.
Күннің жақсы сәулесі көп болса,соғұрлым баланың шапағаты көп болғаны. Кемшілігі арқылы бала өзінің дұрыс емес жағын жөндейді Оқушылар күннің суретін салып, әр бала өз атын жазады. Күннің әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін,
жетістіктерін жазса, келесі күннің сәулесіне өзінің кемшілігін теріп жазады.
«Бір мақалдан – 4 мақал»
4 мин 1-топқа «дос»,
2-топқа «дұшпан»,
3-топқа «ақыл»,
4-топқа «ашу» деген сөздер таратылып беріледі Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, мақал құрастырады, жалаң немесе жайылма сөйлем екенін айтады. Содан соң осы 4 сөзді біріктіріп 1мақал құрастырады
Жинақтау
2 мин Мәтіндегі сөйлемдер қай шығармадан, авторы кім? Жалаң және жайылма сөйлемдерді аны1. Қозы алып қашылды. Қой жараланды. Бұзаулар өлтірілді.Бірнеше құлындар желінді.Тұтқын болған кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
2. Күзде оқу басталды. Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалім келмеді. Оқуымыз келе жылға тоқтаған еді. Берілген сөйлемдерді оқып, қай шығармадан алынған үзінді екенін айтады
Қорытынды
Рефлексия 1 мин Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады
Үйге тапсырма 1мин Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазуға тапсыру Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 4 мин Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша жинақтап, бірі-бірін бағалау Топ бір-бірін бағалайды.