Екі амалмен шы?арылатын есеп
Екі амалмен шығарылатын есеп
А. Қожамкулова, № 8 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Екі амалмен шығарылатын есеппен (қосындыны және қылдықты табу) және оны шығарудың жолымен бірінші рет таныстыру, (алғашқы рет). Құрылымы күрделірек санды өрнекпен байланысты іс-әрекеттерді құру, оқу, жазу, мәнін орындауға машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Көрнекіліктері: Плакатка салынған суреттер қима қағаздар,дидактикалық материал.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, проблемалық іздену.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын алғашқы рет түсіндірілетін сабаққа аудару, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Өткен сабақты қайталау:
Екіні қосу және азайту. 9+2; 10-2
Түсіндіре отырып, есептеу тәсілін айту. 9-ды 10-ға дейін толақтырамыз,
ол үшін 9-ға 1-ді қосамыз, 10 шығады. 2-нің 1-еуі кетті. 9-ға косылып, орнында 1 қалды. 11 шығады. 11-2=9
Осы ойымызда дәлелдеу ушін қазақ халқынын мақалдарына сөз берейік.
● Егіз аттан құласа, басын сүйер ағасы. Жалғыз аттан құласа, неге келер шамасы.
2. Екі бала арасындағы шал – бала болады; Екі шалдың арасындағы бала – дана болады.
● Қой егіз тапса, шөп айыр өседі.
● Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болар.
Жаңа сабақ.
Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?
Көрнекілік тақтаға ілінеді.
Осы есептің қысқаша жазылу шарты. Есепті түсіндіріп шығару тәсілі.
Болғаны – 12б
Кетті – 2б
Болды – 5б
Шешуі - ?б
1) 12-2=10(б) Мұз айдынында қалған баланын саны. Енді қалған бала (10)-ды өрнек түрінде жазі керек (12-2) деп
2) (12-2) +5=10+5=15(б) сырғанап жүрген баланың саны.
Жауабы: 15 бала
Енді осы есепті өрнек құру арқылы шығарамыз.
Өрнегі: (12-2)+5
Жауабы: 15 бала.
Міндетті түрде екі амалды есепті осылай шығарып отырса, оқушылар жақсы түсінеді. Кейін үйренгеннен кейін тек өрнекпен ғана шығаруға болады.
Өзіндік жұмыс:
№ 2
Сатып әкелді – 6ш және 4ш
Ішілді - 7ш
Қалды - ?ш
Шешуі:
1) 6+4=10(ш) Барлық сатып әкелінген сусынның саны.
2) (6+4)-7=10-7=3 (ш) Қалған сусынның саны.
Жауабы: 3 шөлмек
Өрнегі: (6+4)-7
● Сергіту сәті: «Тез ойла» ойыны арқылы шығарылады.
● 1 16
39 ● 13 ●
10 ● ●
Кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы 39 болу керек.
Шешуі:
22 1 16
7 13 19
10 25 4
22+1+16=39
7+13+1=39
10+25+4=39
22+7+10=39
1 +13+25=39
16+19+4=39
10+13+16=39
22+13+4=39
● Жарыс «Кім бұрын».
Тақтаға 3 қатардан 3 оқушы шығады.
1-оқушы: 38,47,29,15,59,61 – сандарын кему ретімен жаз.
2-оқушы: 98,83,19,21,53,48 – сандарын өсу ретімен жаз.
3-оқушы: 67,86,46,61,16,68,76,64 – ондықтары бірдей сандарды қоршап көрсет.
Қорытынды.
Екі амалмен шығарылатын есепті неше тәсілмен шығардық?