Екі амалмен шы?арылатын есептер. 
Математика                       Сабақ  № 
Сабақтың   тақырыбы:   Екі  амалмен  шығарылатын  есептер.  
Сабақтың   мақсаты:  Екі  амалмен  шығарылатын  есеппен  және  оны  шығарудың  жолымен  алғаш  таныстыру.
Сабақтың міндеті: 
Екі  амалмен  шығарылатын  есеппен  және  оны  шығарудың  жолымен  алғаш  таныстыру,  осындай  есептің  мәнді  белгісін  тағайындау.2-ні қосу  және  азайтудың  кестелік  жағдайларын  екі  амалдан тұратын  өрнектермен,  теңдеулермен,  есептеулермен  байланысты  әр  алуан  іс-әрекет  барысында  қолдануға  машықтандыру
Екі  амалмен  шығарылатын  есепті  енгізуге  дайындық  жүргізуі  ондықтан  аттап  қосу  мен  азайту  тәсілдерін  қарастыру  дағдыларын  дамыту.
Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-қатынасқа  
                                        тәрбиелеу.
Сабақтың   түрі:            Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы. 
Әдіс-тәсілдері:              Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік:                    Үлестірмелі  дидактикалық  материал,  қосу және  азайту   кестесі.
Сабақтың   барысы:
 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.   
                                           ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.
 Үй   тапсырмасын   тексеру:    5 –тапсырма.  Теңдеу  және  шығ.  тапсырма 
Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.
Санға  екіні  қосу кестесін  және  оған  сәйкес  азайтуды  еске  түсіру.  
Екіні  қосу  кестесін  құру.   
1)       +2,       әйнекше  орнына  2,  3,  4,  5,  6,  7,  8  сандарын  қою  және  нәтижені  жатқа  айту.
2)  Осы  теңдіктерді  пайдаланып  азайтудың  сәйкес  жағдайларын  құру.
2+2=4      4-2=2 
3+2=5      5-2=3        5-3=2
4+2=6      6-2=4        6-4=2,  т.с.с.
Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.
1-тапсырма. Түсіндірме  мәтінмен  жұмыс.  
Сырғанап  жүр – 12 бала
Кетті – 2  ұл
Қалды – ?  бала
Сырғанап  жүр – 10 бала
Келді – 5  қыз
Болды – ?  бала
Сырғанап  жүр – 12 бала
Кетті – 2  ұл,  келді  – 5  қыз
Болды – ?  бала
О О О О О О О О О О О О                              12-2
О О О О О О О О О О О О   О О О О О        (12-2)+5                 
Пысықтау.
9+2                     11-2                            2+9                         11-9
2 -  тапсырма  Түсіндіре  отырып шығару.
Бар  еді – 6  ш.су
Құйды – 4 ш.су
Ішті – 7 ш. су
Қалды - ? шелек  су
(6+4)-7=3  (ш.су) – қалды
Жауабы: 
                    -
                                            +
3 -  тапсырма  
                                                   Еске  түсіру.
өрнек                  теңдеу                        теңдік                         әріпті  өрнек
а  және  2  сандарының  айырмасы,  мұндағы  а=32,  59,  11
4 -  тапсырма  
1-бағанын  ауызша  оқу  және  мәнін  табу.
  2-бағанын  жазбаша  орындау.
6-тапсырма.
11-2=9 
21,  31,  41,  51,  61,  71,  81,  91
Қосымша  тапсырма
37,  40,  7 сандарын  ,   «+»  мен  «-»  таңбаларын  және  жақшаны   пайдаланып  төрт  өрнек құр  және  мәнін  тап.
Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.
 Үйге  тапсырма:   5-тапсырма   және  шығ.  тапсырма.
Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.