урок математики в 6 классе Действия с рациональными числами
Сабақ жоспары
Пәні: математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану, деңгейлік
тапсырмалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)
Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз – «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.
2. Үй жұмысын тексеру. (тақта арқылы) №572
1) 0,5 * |2х-5| = - 6,5 Жауабы : х = 4; х = 1.
2) | 9 – 4х| : 8 + 0,875 =1 Жауабы: х = 2; х = 2,5.
3) 6,8 : | 5х -24| + 2,3 = 4 Жауабы: х = 4; х = 5,3. 4) | 3х - 16| * 2,6 + 3,8 = 22 Жауабы: х = 3; х = 723Рационал сандарға амалдар қолдану
3. Қайталау сұрақтары
- Таңбалар ережесін жаз
4. Ауызша жаттығулар (есептеулердің жауабында, жақын арада елімізде өтетін елеулі оқиғалар жөнінде мәліметтер жасырулы)
1) – 168 : (-3) (Ертең қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Солтүстік
Американың және Орталық Азияның 56 елін біріктіретін
әлемдегі аса ірі өңірлік құрылымның ЕҚЫҰ- ның
Саммит-і басталады.)
2) | -2010 | -11 ( Саммит жоғары деңгейдегі кездесу десек, бұл 11 рет өтіп
отырған бас қосу. 1999 жылы соңғы кездесу Ыстамбұлда
өткен.)
3) |-13-6| ( Тәуелсіздікке 19 жыл.)
4) х- (-5) =18; x2 = ? ( 2011 жылдың 30 қаңтарында басталып Астана мен
Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азия ойындарына
169 қазақстандық спортшы қатысады.)
5) -2 * (- 5,5) ( бұл додада спортшылар спорттық 11 түрінен бәсекеге
түспек)
5 Деңгейлік тапсырмалар
деңгей есептер 1 топ 2 топ 3 топ
А
2 ұпай
№581 2) (0,25-1): (-5) 4) 1,4:(-7)+(- 0,8) 6) 5,6:(-4)+0,4
№582 2) -6(1,5+а) 4) -1513+а6) -25∙5а+12bВ
4 ұпай №586 1)13-58·-672)-512-730:13153) -34-16:-138№589 4)9,1х+2-х-6
= -52,6 3)12х-5,9-7,5х+3,2 =-4,05 2)4,8х-5,5-х= -18,8
С
6 ұпай №592 2) 3,5·-2-2,83,5·2,83) 20-12·5·(-63)20·(-9)4) 6,5-4·1,5·(-9)-3·1,5Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарын тексер Жауаптары интерактивті тақтада біртіндеп ашу арқылы тексеріледі.
6 «Жауабы кімде?» ойынын ойнаймыз.
1. Санақ басынан санды кескіндейтін нүктеге дейін қашықтық ____
(санның модулі) деп аталады.
2. Кез келген теріс сан нөлден _____ (кіші).
3. Екі теріс санның қайсысының модулі үлкен болса, сол сан _____ (кіші).
4. -25 пен -18-дің қосындысының модулі неге тең? (-43)
5. -4 · (-8,5) көбейтіндісін есепте. (34)
6. -0,25х=5 теңдеуін шеш. (х=-20)
7. -4·38,7 · (-2,5) тиімді тәсілмен есепте. (387)
8. -8+х+(-22) өрнегін ықщамда.(-30+х)
(интерактивті тақтада жауаптарды жылжыту арқылы тексеріледі)
Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Натурал сан, бүтін сан, рационал сандарды Эйлер – Венн дөңгелектерімен көрсетейік. Рационал сандарды оқып-үйрену қажет пе? Өмірде кездесетін мысалдарға назар аударайық. (сурет бойынша)
7. Үйге тапсырма: № 581 (тақ) № 582 (тақ); №586 (1).
8. Оқушыларды бағалау.
– 168 : (-3)
| -2010 | -11
|-13-7|
( Тәуелсіздікке 19 жыл.)
4)
х- (-5) =18;
x2 = ?
( 2011 жылдың 30 қаңтарында басталып Астана мен
Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азия ойындарына
169 қазақстандық спортшы қатысады.)
5)
-2 * (- 5,5)
( бұл додада спортшылар спорттық 11 түрінен бәсекеге
түспек)