Та?ырыбы: ?аза?стан Туымен т??ырлы, Елта?басымен е?селі, ?н?ранымен айбатты


Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің ел рәміздерімен таныстыру, рәміздер туралы, олардың авторлары туралы білімдерін кеңейту;
Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру
Туған жерін,елін, рәміздерімізді мақтаныш етіп, құрметтеуге тәрбиелеу
Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы-білімдеБарысы: Сәлемдесу
Сәлем бердік Алтын күн
Сәлем бердік көк аспан
Сәлем бердік жер-ана
Сәлем бердік достарым

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен -тұғырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен- айбатты. (Әнұран шырқалады.)

Сұрақтарға жауап беру:
1.Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?
Жауабы: Астана Есілдің өзенінің оң жағалауында орналасқан.
2. Ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қай жылы қабылданды?
Жауабы: 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.
3.Астана қаласының көне атауы қандай?
Жауабы: Астана қаласының көне атауы Ақмола
4.Астанаға ең алғаш қандай басшы орындар көшіп келді?
Жауабы:Астанаға Президент кеңсесі,ҚР Үкіметі және Парламент
көшіп келді.
Оқушы: Өзіңдікі еліңде,
Өзіңдікі Жерің де,
Өзіңдікі өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде.
Өзіңдікі Туың да,
От пен ауа,суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да.
Сұрақтарға жауап бер:
Әрбір елдің өзіне тән нелері болады?
Жауабы: Әрбір елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады.
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
Жауабы:Мемлекеттік рәміздерге Әнұран, Елтаңба, Ту жатады.
3.Қазақ радиосында қай уақытта мемлекеттік әнұран беріледі?
Жауабы: Қазақ радиосының бағдарламасы басталарда және аяқталарда.
4.Мемлекеттік Ту қай жерде тұрақты орнатылады?
Жауабы:Ту Республика Президентінің сарайында, Парламенттің ғимаратында, министрліктердің ғимаратында тұрақты орнатылады.
Тапсырма
Оқушыларға парақша таратылады.Олар бос орынға Керек сөзді тауып жазу керек.
Ел рәміздерінің ерекшелігін тап:

Ту- көк түсті. Елтаңбаның негізі- киелі шаңырақ
Сәйкестігін тап: шығарма атауын дұрыс жауаптармен қосыңдар
1530985130175001584960225425002366010-4445Ш.Ниязбеков
00Ш.Ниязбеков
240665-4445ҚР гимні
00ҚР гимні

2366010180975Н.Назарбаев
Ж.Нәжімеденов
Ш.Қалдаяқов
00Н.Назарбаев
Ж.Нәжімеденов
Ш.Қалдаяқов
240665245110Елтаңба
00Елтаңба

46926512509500
501651604010Әнұран
00Әнұран
158496064770002366010568325Ж.МәлібековШ.Уәлиханов
00Ж.МәлібековШ.Уәлиханов
186690568325Мемлекеттік ту
00Мемлекеттік ту

1708785333375 Есіл
00 Есіл
851535773430 Ту
00 Ту
2998470333375Елтаңба
00Елтаңба
2257425869950Астана
00Астана
Ойын: «Кім тапқыр?»Берілген сөздер ішінен ел рәміздерін табу керек.
Мұғалім:
Дала да думан,қала да думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім
Жасай бер,Жаса, асқардан аса әрқашан
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым
Тәуелсіз Қазақстаным