Тренинг ?жым?а бейімделу жас ?стаздармен ж?мыс


«Ұжымға бейімделу» Жас ұстаздармен тренинг
Мақсаты: Мұғалімдердің өз бойындағы қасиеттерінің жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, өзін-өзі тануына көмектесу, ұжымға бейімдеу.
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілегімді білдіре отырып, «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» психологиялық тренингімді бастасам деймін.
«Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем»
1-нұсқау. Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
2- нұсқау. Оң жақ сол жақ иықтарыңызды түйістіру арқылы сәлемдесу.
3-нұсқау. Маңдайларын түгізіп сәлемдесу.
4-нұсқау. Бір-бірінің сұқ саусағымен сәлемдесу.
«Өтінемін» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету.
Ортаға жартылай шеңбер жасап тұрамыз. Құрметті әріптестер! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер? (Рахмет, өтінемін, ғафу етіңіз т.б.).
Мен әртүрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
Секіріңдер; Оң аяқтарыңды көтеріңдер. Ойын қалай басталды?
Өтінемін, оң қолдарыңмен сол қолдарыңды уқалаңдар десем, қалай болды.
«Келісу керек» жаттығуы.
Мақсаты: топтың көңіл-күйін көтеру, қатысушылардың зейінін тұрақтандыру. Бірлесіп әрекет жасаудың құндылығын ұғындыру.
Барысы: Қатысушылар қарапайым 10-ға дейін санау керек. Қалай санай аламызба? бірақ оны топ болып орындауымыз керек. Кез келген қатысушы 1 дегенде, кез келген екінші қатысушы екі дейді. Бір мәселені ескеру керек. Екі немесе одан да көп болып санды айтып қойсақ, ойынды қайта бастауымыз керек. Ойын барысында сөйлесуге тыйым салынады.
Талдау: Ойын қалай басталды? Онға дейін қалай санай алдық? Топта көшбасшы пайда болдыма, әлде өз ретімен санай алдық па?
«Ым-ишара» тренингі.
Мақсаты логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шығу.
Нұсқау: Бұл ойынға 3 адам керек, қалғандары бақылаушы.
Ойынның мәні: 3 дос бір жерде кездесу арқылы келісу керек. Бірақ олардың бірі сақау, бірі соқыр, бірі саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда, қашан бару керектігін түсіндіру керек.
5. «Өрмекші торы» жаттығуы.
Қане, ортаға шығып шеңбер құрайық. Сабақ барысында, ұжымда өз басымызда кездесетін қиыншылығымызды айтып, жіпті келесі адамға береміз. Міне бізді өмірде шырмап кедергі келтіретін қиыншылықтар бар екен. Ал енді осы қиыншылықтардан жіпті қайта жинау арқылы құтылуымыз керек. Ол үшін сіздер осы кедергілерді жоюдың жолын тауып айту арқылы жіпті жинаймыз.
6.«Өзіңді білгің келсе» жаттығуы. Тренинг басында өздері таңдаған жемістер бойынша мінездеме беру.
Қарбыз: Жағымды тұлға. Ешқашан ешкімге шағымданбайсыз. Адамдарды түзу жолға салып, бағыттайсыз. Өз әдеттеріңізді өзгертпейсіз. Үлкендерді құрмет тұтасыз. Сізге принципиальді болу кедергі жасамайды.
Жұзім: Жағымды тұлға. Ешқашан ешкімге шағымданбайсыз. Адамдарды түзу жолға салып, бағыттайсыз. Өз әдеттеріңізді өзгертпейсіз. Үлкендерді құрмет тұтасыз. Сізге принципиальді болу кедергі жасамайды.
Банан: Сіз жұмсақ, мейірімді адамсыз. Сіздің кейбір қылықтарыңыз, манераларыңыз өзімшілдікті көрсетеді. Сіз жылдам жараланатын адамсыз. Орындалмайтынын біле тұра армандауды жақсы көресіз. Өзгелердің сөзіне, пікіріне қосылғыш жалқау адамсыз. Басқалардың сөзіне тез сенесіз.
Алмұрт, Қауын: Сіз жұмсақ, мейірімді адамсыз. Сіздің кейбір қылықтарыңыз, манераларыңыз өзімшілдікті көрсетеді. Сіз жылдам жараланатын адамсыз. Орындалмайтынын біле тұра армандауды жақсы көресіз. Өзгелердің сөзіне, пікіріне қосылғыш жалқау адамсыз. Басқалардың сөзіне тез сенесіз.
Алма: Егер сіз алманы жақсы көрсеңіз, онда сіз кішкене ескі модадағы адамсыз. Бастығыңыз сізді құптап, мақтайды. Өйткені, сіз қандай да болмасын тапсырманы жауапкершілікпен орындайсыз. Себепсіз уайымдайсыз.
Шие: Сіз нәзік адамсыз. Басқаларды сыйлайсыз. Өзіңізге қауіп төніп тұрғанын сезе тұра кез – келген іс - әрекетке дайынсыз. Өзгеге қуаныш сыйлауға әзірсіз. Анекдот айтқанды ұнатасыз. Өз - өзіңізге сенімсізсіз.
Құлпынай: Егер сіз алманы жақсы көрсеңіз, онда сіз кішкене ескі модадағы адамсыз. Бастығыңыз сізді құптап, мақтайды. Өйткені, сіз қандай да болмасын тапсырманы жауапкершілікпен орындайсыз. Себепсіз уайымдайсыз.
Өрік: Егер сіз алманы жақсы көрсеңіз, онда сіз кішкене ескі модадағы адамсыз. Бастығыңыз сізді құптап, мақтайды. Өйткені, сіз қандай да болмасын тапсырманы жауапкершілікпен орындайсыз. Себепсіз уайымдайсыз.
Анар: Мұндай адамдармен қалжыңдаспау қажет. Ішкі сырыңызбен бөліспеңіз. Өте үлкен сомадағы ақшаны анарды жақсы көретін адамдарға қарызға беруге болмайды.
Мандарин: Сіз топшыл және қоршаған адамдармен психологиялық жағымдысыз, сыйымдысыз. Кейде басқалар сізді түсінбейді. Шын айтып тұрғаныңызды немесе қалжыңдап тұрғаныңызды айыру қиын. Интеллект деңгейіңіз жоғары.
Персик: Мейірімдісіз. Кешірімдісіз. Сіздің тәуелсіздігіңізге қол сұққан адамдар өте қатты соққы алады. Достарға доссыз, дос еместерге қассыз. Сіз ешқашан жеңілмейтін адамсыз. Шығармашылық қабілетіңіз жоғары. Жақсы өлең, көңілден шығатын әңгіме жазуға қабілеттісіз.
Ананас: Сіз эстетик адамсыз. Сіз өзіңізге “ала көзбен” қараған адамдардан алыс жүресіз. Оқитын кітабыңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыздың бәрі талғаммен. Махаббатта тұрақтысыз.
Рефлексия. Бүгінгі өткен тренингті бағалау. Пікір білдіру.