Презентация по история на тему Австрия-Венгрия
Австрия империясындағы революцияРеволюциялық жағдай және революцияның басталуы.1848 жылғы наурыздағы Вена көтерілісіВенгрияда революцияның басталуыПрагадағы 1848 жылғы 12-17 июньдегі демократиялық көтеріліс5. Венгрияның тәуелсіздік жолындағы революциялық соғысы Австрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты “құрақ” мемлекет болды. Оның 34 млн астам халқының тең жартысынан көбі славяндар болатын. Австрия мен Чехияда капиталистік өнеркәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп болды. Өнеркәсібі жағынан Чехия империяның ең алдыңғы қатарлы бөлігінен орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясы австриялық ірі капиталистерге тәуелді болды. Чехияда аристократия мен ірі буржуазия австриялықтар немесе немістендірілгендер болатын. Венгр помещиктері миллиондаған сербтерді және басқа да слвян шаруаларын езді, ал венгрлердің өздері австриялықтар өкіметіне тәуелді еді. Австриялық чиновниктер итальян провинцияларының тұрғын халықтарына аяусыз қысым жасады. Австрия империясының ерекше белгісі – феодалдық және капиталистік езгіні ұлттық езгімен қатар жүргізу. Австриялық езгіге қарамастан, венгрлер мен славян халықтары өздерінің бай мәдениетін сақтап, одан әрі дамытты. Феодалдық тәртіп, абсолютизм, помещиктер мен чиновниктердің озбырлығы, ұлттық езгі буржуазияның наразылығын туғызды және халық бұқарасын революция жасауға итермеледі. Австрия империясындағы 1848-1849 жылдардағы революцияның негізгі себептері осы. Бұл революцияның аса маңызды мәселелері Габсбургтар монархиясын құралту, феодалдық және ұлттық езгіні жою. 1848 жылы Австрияда 1847 ж. экономикалық дағдарыстың салдарынан және екі жыл қатарынан егін шықпай қалып, азық-түліктің қымбаттауы – революциялық жағдайды қалыптастырды. Әсіресе, жұмысшылардың жағдайы ауырлап кетті. 13 наурызда Венада революция бұрқ ете түсті. Олар Венгрия үшін жергілікті сейм алдында жауап беретін үкімет құрылуын және барщинаны жоюды талап етті. 1848 жылғы көтеріліс Прагадағы 12-17 маусымдағы демократиялық көтеріліс Венадағы 6 қазан – 1 қарашадағы демокраиялық көтерілісі Австрия империясындағы славян халықтары да революциялық кұреске шықты. Үкімет Прагаға көп армия әкелді. Жаяу әскер 17 маусымда көтерілісті басып тастады. Астананың халық бқұарасы Австрия әскерін Венадан Венгрияға қарсы аттандыру әрекетін болдыртпай тастады. Бұл көтерілістің шығуына түткі болды. Көтерілісті басып тастады. Жұмысшы табының әлі де жетілмегендігі, либералдық буржуазияының сатқандығы және шаруалардың енжарлығы көтерілісі жеңіліске ұшыратты. Венгрияның тәуелсіздік жолындағы революциялық соғысы Импеатор Вена көтерілісін талқандағаннан кейін өзінің әскерін Венгрияға атттандырып, оның өзін-өзі басқару правосы жойылды деп жариялады. 1849 жылы, венгр парламенті Венгрияның тәуелсіздігін жариялады.Нәтижесінде Венгр армиясы бірқатар жеке шайқастарда жеңіліп, содан кейін патша әскерлеріне берілді. Австрия империясындағы революцияның сипаты және қорытындылары Герман мемлекеттеріндегідей, Австрия империясында да аяқталмаған буржуазиялық-демократиялық революция болды.Революция монархияны құлата алмады және ұлттық езгіні жоя алмады. Жұмысшы табының пісіп жетілмегендігі, либералдық буржуазияның сатқындығы, ұлттық алауыздықтың әсерінен жеңіліп қалуға душар етті.Революция шаруалардың феодалдық кіріптарлығын бірте-бірте жоюға жағдай туғызды. Австрия империясындағы жұмысшы қозғалысы мен ұлт-азаттық күрестің өсуін тездетті.