?нші ?міре (?дебиеттік о?у, 3-сынып)


Тақырыбы: Әнші Әміре
Мақсаты:
Білімділік: әңгіменің мазмұнын меңгерту, әңгімедегі негізгі ойды идеяны ұғындыру. Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнер жолы туралы таныстыру. Құрманбек Жандарбек, М.Әлімбаев туралы мағлұмат беру, ЭСКПО – 2017 туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: балалардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, шығармадағы көркем сөздерді өз сөздік қорларына қолданып, жүйелі баяндай білуге үйрету, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелігі: көркем шығармадан эмоциялық әсер ала білуге, өнер адамдарын құрметтей білуге, өнерді бағалай білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өнерлі болуға талпындыру.
Көрнекілігі: таныстырылым, суреттер, ватман қағазы, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
Ә) Топқа бөлу: «Домбыра», «Қобыз», «Жетіген»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1-топ: Мәтінді мазмұндайды.
2-топ: Құрманғазы мен Дина туралы жинаған мәліметтерін оқиды.
3-топ: Исатай мен Махамбет туралы жинаған мәліметтерін оқиды.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Құрманғазы күйді қандай музыкалық аспаппен орындады? (домбырамен)
Домбырамен тағы қандай музыкалық шығарманы орындауға болады? (әнді)
Әнді орындайтын адамды қалай атаймыз?
Олай болса, бүгін біз домбырамен ән айтып, қазақ елін күллі әлемге паш еткен әнші Әміремен танысатын боламыз.
ІҮ. Жаңа сабақ
Автор туралы қысқаша мәлімет.
М. Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген, қазақ халқының көрнекті жазушыларының бірі, ақын. Балалалр әдебиетінің қаламгері. Прозашы, сыншы, аудармашы. Біз ол кісімен 2-сыныптан бері таныспыз. М.Әлімбаевтың «Кім жомарт, не жомарт?», «Көктем келді» өлеңдерімен таныстық.
2. Мәтінмен жұмыс
А) Мәтінді электронды оқулықтағы аудиожазба арқылы тыңдату.
Ә) Сұрақтарға жауап беру.
1. Риддер қаласында қандай оқиға болды?
2. Өнер адамдары қандай қиындықтарға тап болды?
3. Олар қиындықтан қалай шықты?
4.Мәтінде Риддер қаласы туралы не айтылған?
( Риддер қаласы туралы мәлімет беру)
Мәтінде аты аталған өнер адамдары туралы не білесіңдер?
Құрманбек Жандарбеков 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақтың халық әртісі, әнші, актер, режиссер, педагог. Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы. Амангелді», «Жамбыл» көркем фильмдеріне де түскен.
Б) «Сен білесің бе?» айдары
Әміре Қашаубаев туралы бейнематериал көрсету.
В) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Г) Мәтінге басқаша ат қою. («Тапқыр Әміре», «Зор дауысты Әміре», т.б.)
Ғ) Суретпен жұмыс.
Д) Мәтінді пайдалана отырып, сызбадаберілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысын анықтау.
Аспанды қақ жарғандай бір сәтте қаптап, ағылып
Тасыған қар суындай топырлайды, бір-біріне жол бермейді
Сеңдей соғылысады күшті, қатты
4. Дәптермен жұмыс
Мәтіннен сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу.
Аспанды қақ жарғандай әлуетті үн саңқ етті. Бір кезде жазғытұрым жылға-жылғамен тасыған қар суындай әр тараптан халық клубқа ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай, сеңдей соғылысады.
Сергіту сәті: Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін тыңдау.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
Жаңа ақпарат
Астана қаласындағы ЭКСПО қалашығының суреті көрсетіледі.
Мынау не және қай қалада орналасқан?
ЭКСПО деген не? ( ЭСКПО дүниежүзіндегі мемлекеттер қатысып, өздерінің техникалық, технологиялық жетістіктерін көрсететін халықаралық көрме).
ЭКСПО көрме Астана қаласында қашан өткізіледі? (10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында)
Мен бұны осы сабақ үстінде айтып отырған себебім, 1925 жылы Франция астанасы Парижде осындай ЭКСПО көрмесі өткізіліп, осы көрме аясында өткізілетін этнографиялық концертте ән айтуға қазақтан жалғыз Әміре Қашаубаев қатысып, жүлделі 2-орынға ие болып, күміс медальға ие болды.
Шығармашылық тапсырма.
1-топ: Ән, әнші туралы эссе жазу.
2-топ: Мақалды жалғастырады.
Өнер алды .................. ( қызыл тіл)
Жігітке жеті............... (өнер де аз)
Өнерлі ................... (өрге жүзер)
Өнерлі бала ................ ( сүйкімді)
Өнерлінің қолы ...... (алтын)
Өлеңшінің ..... ........ ( сөзі алтын)
3-топ: Дайын ұйқас бойынша өлең құрастырады.
....................... Әміре. ( Әнші ата Әміре)
...................... әні де. ( даусы керемет, әні де)
.................................. (Ән салғанда Парижде)
.........................кәрі де. ( Тамсанған жас, кәрі де)
Ү. Қорытынды.
Сатылай кешенді талдау жасау.
Әнші Әміре
Тақырыбы: әншінің зор дауысы
Жанр түрі: әңгіме
Негізгі ойы: ән құдіретін таныту
Кейіпкерлері: Әміре, Құрманбек
Оқиғаның болған уақыты: 1934 жылы
Тәрбиелік мәні: ән өнері мен өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
ҮІ. Үй жұмысы:
Мәтінді мазмұндау, мәтіндегі көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктен қарап біліп келу.
ҮІІ. Рефлексия.
Оқушылар смайликтер арқылы сабаққа өз ойларын білдіреді.
ҮІІІ. Бағалау