Геометрия п?нінен саба? жоспары Сыбайлас б?рыштар (7 класс)


Геометрия, 7 сынып
Күні:30. 09.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар. Олардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сыбайлас бұрыштар мен олардың қасиеттерін білу.
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру
Өткенді қысқаша қайталау. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
ІІІ. Практикалық кезең: Есептер шығару. Салу жұмыстары/бекіту/
ІҮ.Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап жазу.
Ү.Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, үй жұмысын тексеру
Жаңа тақырып түсіндіру
Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болса, онда бұл бүыштар сыбайлас бұрыш деп аталады. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең болады. Сүйір бұрышқа сыбайлас доғал бұрыш, тік бұрышқа сыбайлас тік бұрыш болады.
Бекітуге арналған сұрақтар /тақтамен жұмыс/ :
Ауызша есептер: АВС бұрышы 1110, 900, 150 градусқа тең деп алып, АВС бұрышына сыбайлас бұрыш табыңдар.
Сыбайлас бұрыштардың бірі тік бұрыш, екінші бұрыш қандай болады?
Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.
Есептер шығару №65, №66, №67, №69(1), №71,№77(1,2)
Үйге:Сыбайлас бұрыштарды оқу. №69 (2,3), №77 (3,4)
Қорытындылау, бағалау.