Сыныптан тыс шара. Физика п?ніні? білгірлері


«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Махатова Т.Е
Күні: 21. 04. 2016ж.
Сыныбы: 7 «А, Ә, Б, Ғ»
Физикалық кеш
«Физика пәнінің білгірлері»
сыныптан тыс шара
Мұнайлы ауданы «№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі
Кульмуханбетова Айдана Жандарбекқызы.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, физикаға қызығушылығын дамыту, шығармашылық еңбекке баулу, тез ойлап, әр түрлі жағдайда тапқырлыққа, ұйымшылдыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа,шапшаңдыққа,іздемпаздыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнектіліктері: Ойын тақырыбы жазылған плакат, презентация, карточкалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел
Өткізілу түрі: ойын
Өткізілу әдісі: сайыс
Армысыздар сайысқа қатысушы оқушылар, көрермендер және мектебіміздің ұстаздары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі сайыс білім, ізденіс, шығармашылық сағаты.
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысармыз
Ойланымды сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Кешімізді бастайық
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер Әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
Армысыздар, қымбатты төрешілер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер.
Әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
Таныстыру (1 – 10 ұпай)
Формулалар сыры. (оқушылардың алдына формулаларды араластырып қоям 90 секундт уақыт беріледі дұрыстап жазу керек) ( 1 – 10 ұпай)
Физикалық терминдерді дұрыс ата. (физикалық терминдер немесе сөздер дауысты әріптерсіз жазылады. 1 минут ішінде қаншалықты дұрыс сөз табады соншалықты ұпайы анықталады. )
Есептер шығару (әр топқа 2есептен беріледі. Уақыты 5минут )
Сергіту сәті (1 – 10 ұпай)
Физика тілінде сөйлесейік! (Анықтама немесе түсіндірме сөздер арқылы физикалық заңдылықтар мен терминдерді табу).
Үштілдік білім беру жаңа заман талабы.
Әр сынып өз тобымен таныстырады. Команда аты, ұраны, эмблема.
Формулалар сыры. (90 секунд)
1) ϑ=St; p= FS; Fa=mg; m= ρV; m1m2= ϑ2ϑ1;2) Fүйк= μN; p= ρgh; FA= ρcgVд ; ρ= mV; FR= F1+ F2; 3) d = 2R; Fсерп= -k*∆x; A=F*s; Eп=mgh; p=P-P1; 4) N = At; Ek= mϑ22 ; EW= Ek+ Eп; S= πd24; A = N*t;
III. Физикалық терминді дұрыс ата! (1 минут әр топқа)
Заңдылыққа физикалық сеніңдерСалыстырып барлығын де көріңдерСұрақтарға ұлағатпен қараңдар,Ойларыңды ептілікке ораңдар – дей келе келесі сайысымызды бастаймыз.
Физика басқада пәндермен пән аралық байланысы бар. Соның бірі қазақ тілі есімізге түсүрейік дауысты әріптерімізді. Соның ішіде жуан дауыстыларды. Физикалық терминдердің дауысты әріптері алынып тастаған. Суреттте берілген физикалық терминдерді дұрыс табу.
Правильно – right
Не правильно – wrong
1 – топ. Қуат, жұмыс, жылдамдық, қысым, Гагарин, көлем, аудан, энергия.
2 – топ. Архимед, астрономия, Ньютон, күш, барометр, координата, атмосфералық, салмақ.
3 – топ. Масса, манометр, қозғалыс, тығыздық, уақыт, траектория, материя, Торриччели
4 – топ. Галактика, молекула, диффузия, Паскаль, температура, физика, сорғылар, атом.
You are Welldone.
Good
IV.Есептер шығару. (5 минут)
1 – топ. 1) Масса 3кг, ал көлемі 200см3 маталдың тығыздығы қандай?
2) Қуаты 30Вт желдеткіш 10мин-та қанша жұмыс істейді?
2 – топ. 1) Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1 = 50H F2 = 100H F3 = 150H. Олардың теңәрекетті күші неге тең?
2) Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 35мм – ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығын анақтаңдар.
3 – топ. 1) Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейінгі 180км жолды 2,5сағ жүреді. Автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықтау керек.
2) Адам суда 9м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. (теңіз суының тығыздығы 1030кг/м3)
4 – топ. 1) Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
2) Судың, керосиннің 0,6м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
V. Сергіту сәті. (5 минут әр топқа)
12. 04. 16. – Ғарышкерлер және авиация күні. Әр команда оқушыларына үй тапсырмасы берілді. Ғарышкелер күніне ғарышкерлер туралы ең маңызды, өте қызықты мәлеметтер жинап презентация (слайд) қорғайды.
Very interesting information!
You are welldone!
VI. Физика тілінде сөйлесейік! (90 скундт)
Пайдаланады көп ғылымФизиканың заңдарынСол заңдармен таныдыТабиғаттың сырларын
Келесі айналым «Физика тілінде сөйлесейік!»
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Заңдылықты білмесең,
Өте алмайсың көпірден.
Капитандар шығып жасырылған беттерден әріптер таңдайды. Таңдаған әріптері бойынша физикалық сөздер басталады. Анықтама немесе түсіндірме сөздер арқылы физикалық заңдылықтар мен терминдерді табу. (2 оқушы)
Мензурка, масса, манометр, механикалық энергия, материя, молекула, механикалық қозғалыс, меркурий, Мұсабаев Талғат, мега
Күш, күш моменті, кинетикалық энергия, керосин, кристалдық тор, көлем, кило, Кельвин, космос, күн жүйесі
Сорғылар, су, сынап, серпімділік күші, сатурн, салмақ,сырғанау үйкелісі, су құбыры, секундт, су көлігі.
Температура, тығыздық, Торричелли, табиғат, Тоқтар Әубәкіров, теориялық талдау, телескоп, траектория, тартылыс күші, тәжірибе.
You are brilliant girl / boy – Ты умница
VII. Үштілдік білім беру жаңа заман талабы.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Н.Ә. Назарбаев
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қарым қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда үштұғырлы идеясын мынадай әрі қарапайым әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілдін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Аудан – площадь – square
Су құбыры – водопровод – water – pipes
Атмосфералық қысым – атмосферный давление – atmospheric pressure
Барометр – барометр – barometer
Қысым – давление – pressure
Сорғылар – насос – pump
Күш – сила – power
Ареометр – ареометр – hydrometer
Қуат – мощность – power
Жұмыс – работа – work
Уақыт – время – time
Энергия – энергия – energy
Манометр – манометр – pressure gauge
Кинетикалық энергия – кинетическая энергия – kinetic energy
Жол – дорога – way
Механикалық энергия – механическая энергия – mechanical energy
Салмақ – вес – weight
Потенциалдық энергия – потенциальный энергия – potential energy
Үйкеліс күші – сила трение – frictional force
Паскаль заңы – закон Паскаля – Pascal’s law
Деформация – деформация - deformation
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп
Ал енді, әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
(Сайысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау)
2030-дың біз барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін
Білім шыңына шығу-парызымыз.
Физика ғылымдардың ғылымыЗаңдары нақты әрі ғұмырлы,Жас досым мұны біз ұғайық. Физика құрметтеуге лайық.Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.