Урок Атамекен — алтын бесік


Тақырыбы: Атамекен – алтын бесік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, әдет, тәртіп, дұрыс
Мұғалім: Салахова К.К
Сыныбы:4
Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлумат беру;
Оқушылардың өз атамекенін, туған жер туралы мәлеметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйспеншілігі, мақтаныш сезімдерін арттыру Ресурстар
(материалдар, деректер)
1 Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Нұрға бөлену
Мұғалім: Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңды айқастырмаңдар. Қолдарыңды тізелеріңе немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.
Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдеріңді , эмоцияларың мен тілек-қалауларыңды шайып, жүректеріңнің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сендердің бойларыңа ақырын тарай бастағанын елестетіңдер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңа тарады. Аяқтарың нұр сәулесін шашуда. Олар сендерді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сендердің ауздарыңа, тілдеріңе тарады. Тілдерің тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңа бағыттаңдар , құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңе де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, бастарыңа тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сендердің денелеріңнен шығып, жан-жақтарыңа сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңа , мұғалімдеріңе, достарыңа , таныстарыңа бағыттаңдар. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңдар, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің метепке, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлықтірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңдар.
Ойша айтыңдар: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңдар...
Енді осы Нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Нұрға толы бүкіл әлем сендердің жүректеріңде . Оны осындай әсем қалыпта сақтаңдар.
Енді жаймен көздеріңді ашуға болады. Рахмет!
Ескертулер
2 Үй тапсырмасын сұрау: М. Айткожин «Атамекен» өлеңі 19-20 бет
Туған жердің адам өміріндегі ықпалы қандай?
Өз атамекені сені қандай сезімдерге бөлейді?
Әңгімелеу
3 Дәйексөз: «Туған жер – тұғырым, туған ел - қыдырың»
4 Әңгімелесу: Қазақстан өлкесінің (өзін туратын аймақтардың) табиғаты сүреттелген көріністер, бейнетаспалар, кинолардан үзінді;
Атамекен деген де ойыңа не келеді?
Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше? Т. б.
5 Шығармашылық жұмыс:
Күй атасы Қурманғазының, кәсіби сазгерлер Т. Мухамеджанов, С. Турыспековтың күйлерін тыңдалады
Олардың арасында қандай байланысы бар деп сурайды күй
6 Дәптермен жұмыс: «Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу
7 Топпен ән айту Ж. Қаппасовтың «Туған ел» әні 8 Үй тапсырмасы: Ғ. Оралбаевтың атамекен,туған жер туралы әңгімесін оқу. «Бір шымшым топырақ»
9 Қорытынды:Тыныштық,тышыштық,тыныштық баржерде
Тышыштық, тыныштық, тыныштық барлық әлемде.