«Топты? ж?мысты д?рыс ?йымдастыруда о?ушыларды? саба??а деген ынтасын арттыру»
Қалалық семинар
«Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруда оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру» тақырыбындағы өткізілетін коучингтің қысқа мерзімді жоспары
№17 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Медетова Диана Қанатқызы
Күні: 19.05.2016 жыл Өтетін орны: № 18 орта мектеп гимназиясы
Қатысушылар: Қалалық жас мамандар
Тақырыбы: Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруда оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру
Жалпы мақсаты: Топтық жұмысты тәжірибеге енгізу және коучинг өткізу кезінде мұғалімдер қызығушылығын тақырыпқа сай арттыру. Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігінің мағынасын ашу, білім caлacындағы қарқынды даму кезеңіндегі мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, бейнефильм, интернет ресурстарыОқу нәтижесі: Білім мен мәдениетті байланыстыру. Зерттеу нәтижелеріне ашып айту. Топпен жұмыс істеуге қалыптасады. Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырып үйренеді .
Негізгі идеялар: Джон Дьюи, Эдвард Глайзер, Бенджамин Блум, Дональд Шон. Қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу.
Қолданылатын материалдар: АКТ постер, түрлі түсті қағаздар
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ кезеңдері Коучингтің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық, топқа бөлу
3 минут Мұғалімдер ортаға шығып, бір біріне жүрек жылуын сыйлайды.
Түрлі түсті жүректермен топқа бөлу Ынтымақтастыққа шақыру негізінде Мұғалімдер ортаға шығып, бір біріне жүрек жылуын сыйлайды. Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады. Түрлі түсті жүректермен топқа бөлініп отырады.
Кіріспе тапсырма
5 минут Бейнефильм көрсету.”Құмырсқалар”
Түрткі сұрақтар:
Осы бейнебаянның негізгі ойын анықтаңыздар.
Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырып не туралы болмақ? Мұғалімдер ойларын, ішкі сезімдерін «Миға шабуыл» арқылы анықтау.
Ағымдағы мәселені зерттеу
5 мин.
34480517208500«Топтық жұмыс» сөзіне кластер құру;
-жеке: - жұппен; - топпен; - ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин. Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.
Түрткі сұрақтарды қою арқылы мұғалімдер ойын саралау
10 минут Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру маңызды ма? Неліктен маңызды?
Сонымен, топта жұмыс істегенде, оқушы санына байланысты оқушылар рөлдерге бөлінеді.
Қалай ойлайсыздар: қандай рөлдерге бөлуге болады.
1 – ші оқушы – басшы; 2 – ші оқушы – хатшы; 3- ші оқушы – баяндаушы; 4- ші оқушы – таймкипер т.б.
Әрбір топ Топта жұмыс істеу ережесін топтарында жеке, жұппен, топпен, ұжыммен талқылап, ортақ шешім қабылдап, ереже ретінде бекітіледі.
Ақыл. 2. Есту. 3. Сыйлау. 4. Пікір құндылығы; 5. Шешендік; 6. Тәртіп.
Бейнебаян «Оқушылардың топтық жұмысы» Маңызды:
Мұғалімдер жауабы:
- Оқушылардың қарым-қатынасы нығаяды
-Алынған ақпаратты бөлісе алады, өз тілімен түсіндіреді
-Балада сенімдік пайда болады
- Балалар бір-бірін қайталамайды
- Топтан топқа бейімделеді
-Топта ұйымшылдық пайда болады
Әр топ бөліп берілген мағынасын ашады. Қойылған сұраққа толық жауап береді. 3минут
Әр топ өзінің топтық ережесін тірек сөздерді пайдалана отырып, орындайды.
Теориялық бөлім
5 минут АКТ қолданып, презентация арқылы тақырыптың мәнін ашу
Презентация арқылы теориялық ұғымды бекіту Мұғалімдер интербелсенді тақтадан презентация арқылы топтық жұмысқа мәлімет алады, түртіп алу әдісі бойынша керек жерлерін өздеріне түртіп алады
Сергіту сәті
2 минут «Петоски» Болжау стратегиясы бойынша Мұғалімдер өзара талдау жасайды
Топтық тапсырмалар
10 минут Топтық ережені сақтай отырып, топтарға берілген рөлдерге бөлініп, топтық тапсырманы орындау
1-топ, топтық жұмыстың тиімді жақтары
2-топ, топтық жұмыс кезінде кездесетін кедергілер
3-топ, шағын топтар мен үлкен топтардың арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар. Мұғалімдер өз пікірлерін айтады.
Постерге салып түсіреді.
Өздерінің тақырыпты меңгергендіктерін көрсетеді.
Топ болып тақырыпты қорытындылайды
Топтық бағалау
2 минут Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бір бірін бағалайды Мұғалімдер бір бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалап, өз пікірлерін айтады.
Кері байланыс
3 минут
«Тілек ағашына» кері байланыс жазу
Коучингтен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін стикерге жазып, тілек ағашына жапсырады.
Оқушыны дайын біліммен қаруландырып қана қоймай, бойында ізденушілік, қызығушылық қабілеттерін оятып конструктивті білім беруге жетелеу керек, еркін, өзіндік дәлелін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын оқушы жасауымыз керек.
Коучинг барысында көрініс тапқан слайдтар: