Жа?артыл?ан білім аясында?ы ой-тол?аныс


Жаңартылған білім аясындағы ой-толғаныс
Сейтова Мадина Аманышевна
Қостанай облысы,Жангелдин ауданы ,С.Мәуленов
атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы-зейінді,шығармашылықпен жұмыс істей алатын ,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Бұл ауқымды жоспар білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кезеңдермен жүзеге асырылуда.Н.Ә.Назарбаевтың «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады.Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту ,оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек»-деп көрсеткен мақсатты бағдары біздің білім беру мазмұнын жаңартудағы басты бағытымызды айқындап берді.Қазіргі оқыту жүйесінің дамуы мен нәтижелерін жоққа шығаруға болмайды.Алайда өркениетті елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып біздің білім бағдарламаларымыз жаңару үстінде. Бұндай сапалы білім беру жүйесін құру тек біздің елімізде ғана емес,дүние жүзінің көп еліндегі ортақ мәселе.Бүгінгі күні көптеген елдің білім беру саласы ортақ мойындап отырған сапалы білім беру жүйесі-оқушыны жан-жақты дамытуға арналған оқыту жүйесі болып табылады.Біз өзіміздің төл оқыту жүйемізді құру мақсатында ,әрине озық үлгілерді үйлесімді пайдалана отырып,өз қажеттілігімізге сай келетін оқыту жүйесін қалыптастырудамыз.Білім беру саласына оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері енгізілді.Ол мұғалім мен оқушы үшін өте маңызды.Жаңашыл идеяны қолдап,оны әрі қарай жандандырып шәкірттерге жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баулып,сонымен қатар тәжірибеде қолданып,шеберлігін шыңдап үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздардың алға қойған басты мақсаты .Біздің мектепте ,яғни Сырбай Мәуленов атындағы орта мектебіндеде заман көшіне ілесіп жаңаша әдіс-тәсілдермен сабақтар өткізілуде.Сонымен қатар мұғалімдер арасында коучингтер,яғни жаңартылған білім беру мазмұнын игеру мақсатында әртүрлі тақырыптарда методикалық кеңестер өткізіледі.Осы тұрғыда мектебіміздің тренері, І (ілгері)деңгей сертификатталушысы,биология пәнінің мұғалімі Т.Абдрахманованың жетекшілігімен ұстаздар арасында курс өтеді. Курстың негізігі мақсаты білім беру жүйесінің үдерісіне мектептің барлық ұстаздарын баулу.Мұғалімдер оқытуды бағалау,оқу үшін бағалаудың әдістерін үйренеді.Бағдарламаның жеті модулі бойынша ашық сабақтар өткізіп,бір-бірімен пікір алмасады.Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жасалып жатқан жұмыстар ауқымды.Енді осыны шәкірт зердесіне сіңіру,ақпараттық- коммуникациялық технологияларды толық меңгерген,жан-жақты шығармашыл шәкіртті қоғамға қызмет етуге дайындау әр ұстаздың басты міндеті.