ДББЖ Access –деректер базасын ??ру
Сабақтың тақырыбы: ДББЖ Access –деректер базасын құру.
Сабақтың мақсаты:
білімдік: Оқушылардың MS Access ортасында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, кестені өрістер шаблоны және конструктор арқылы құруға, қойылым тізімімен жұмыс істеуге, сонымен қатар кестелер арасында байланыс жасауға үйрету.
дамытушылық: Қарастырылатын тақырыпқа оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: Оқушылардық ақпараттық мәдениетілігін, мұқияттылығын, ұқыптылығын, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, берілген тапсырманы жеке орындауға тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: практикалық, көрнекілік, ауызша.
Сабақтың типі: практикалық.
Сабақта қолданылатын жұмысты ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс.
Құралдар мен көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, компьютерлер, жергілікті желі, ActivStudio программасында орындалған компьютерлік презентация, бейнесабақтар, Test тестік қабықша, инструкциялық карталар, дәптерлер.
Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) II. Білімдерін тексеру (10 мин) III. Практикалық бөлім (45 мин)
IV. Тест орындау (10мин) V. Рефлексия (5мин)VI. Сабақтың қорытындысы (5 мин)
VII. Үйге тапсырма (2 мин)
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды белгілеу. Сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.II. Білімдерін тексеру. Фронталды сұрау, өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар. (проектор арқылы экранда).
Деректер базасы деген не (ДБ)?
Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не (ДББЖ)?
Деректер базасы қандай белгілері бойынша жіктеледі?
Реляциялық деректер базасыдегеніміз не?
Реляциялық типті қандай программамен жұмыс істейміз?
MS Access программасы қалай жіктеледі?
MS Access терезесінің интерфейсі?
Microsoft Access деректер базасының қандай объектілерін білесіңдер?
Деректер базасында қандай объект негізгі болып саналады?
Деректер базасындағы өріс пен жазба деген не?
Деректердің қандай типтерін білесіңдер?
MS Access деректер базасының файлы қандай тіркеме арқылы сақталады?
Кілттік өріс деген не?
III. Практикалық бөлім.
Бейнематериал қолданылған нұсқау (әр тапсырма алдында);
Оқушыларға инструкциялық карталар таратылады.
Кестені өрістер шаблоны арқылы құру алгоритмі (бейнесабақ).
Тапсырма1: «Кестені өрістер шаблоны арқылы құру».
Программаны іске қосу: Пуск – Все программы – MS Office - MS Office Access 2007 .
Жаңа деректер базасын құрамыз. Ол үшін Новая база данных дегенді щертін, деректер базасына «ОP» деген атау береміз. Создать батырмасын щертеміз.
Кестені толтырамыз. Бізде Таблица1 деген кесте құрылады, оның Код деп аталатын өрісі бар болады, бұл деректердің идентификаторы.
Жаңа өріс қосу үшін Режим таблицы деген бөлігіне көшіп, Поля и столбцы тобынан Новое поле дегенді таңдау. (1 сур).
сур.1.
Терезенің оң жақ бөлігінде Шаблоны полей деген терезе ашылады. Контакты деп аталатын топтың ішінен: Имя, Фамилия, Адрес электронной почты, Организация, Номер рабочего телефона деген өрістерді тышқан арқылы көшіреміз. Содан соң Шаблоны полей терезесін жабамыз. (сур.2). сур.2.
Деректерді еңгіземіз.
Кестені жабамыз.
Жапқан кезде MS Office Access «Сохранить изменения макета или структуры таблицы «Таблица 1» деп сұрайды. Да деп жауап береміз. Атауын «Адамдар» деп атаймыз.
Өткел аумағында «Адамдар» деген кесте пайда болады.
Кестені Конструктор арқылы құру алгоритмі (бейнесабақ).
Тапсырма 2. «Кестені Конструктор арқылы құру».
Кесте конструкторы кестенің құрылымына өзгеріс жасау үшін қолданылады.
Создание деген бөлімге көшеміз, Таблицы тобынан Конструктор таблицы дегенді таңдаймыс. (3 сур.).
3 сур.
Конструктор режимінде жаңа кестесі бар терезе ашылады. Терезенің үстінгі бөлігінде өрістер тізімі еңгізіледі, ал төменгі бөлімінде шақырылған өрістің қасиеттері еңгізіледі.
(сур 4).
сур 4.
Имя поля және Типы данных дегенді толтырамыз.
3-ші өрісте біз кіммен сөйлескенімізді анықтауымыз керек, бірақ кіммен сөйлескеніміз Адамдар деген кестеде бар. Сондықтан 3-ші өрісті Контакт нөмірі деп атаймыз, оның типі Сандық.
Содан соң индекстелген өріс қосамыз, оны Сөйлесу нөмірі деп атаймыз, оны кілттік өріке айналдырамыз. Типі – Счетчик.
Конструктор терезесін жабамыз.
Access сақтауға келісемізбе жок па соны сұрайды, Да деп жауап береміз де, оған Араласу деген атау беріп, ОК щерту.
Осымен бізде 2 кесте пайда болды.
Қойылым тізіммен (кестемен) жұмыс істеу алгоритмі (бейнесабақ).
Тапсырма 3. Қойылым тізіммен жұмыс істеу.
Деректерді көру режимінде «Араласу» кестесін ашамыз. Кестені толтырамыз.
Сөйлескен күні Қалайша Контакт нөмірі Сөйлесу нөмірі Ескертулер
1.09.2012 телефон арқылы 1 1 жай сөйлестік
2.09.2012 факс арқылы 2 2 Өнім тізімдерін жібердік
Контакт нөмірлерін, яғни «Адамдар» кестесіндегі адамдардың нөмірлерін есте сақтау ыңғайсыз. Access программасы керекті тізім арқылы қойылым операциясын автоматтандыруға мүмдік береді.
Енді Конструктор режиміне көшеміз. Контакт нөмірі өрісінде Числовой типін Мастер подстановок типіне өзгерту.
«Создание подстановки» сұхбат терезесі ашылады.
2- і пунктің ішінен 1-ші «Объект «столбец подстановки» будет использовать значения из таблицы или запроса» дегенді таңдаймыз. Далее щертеміз.
Келесі терезеден «Адамдар» кестесін таңдаймыз. Далее щертеміз.
Ашылған терезеде Адамдар кестесінен қойылымға қатысатын өрістерді таңдау. Код, Имя, Фамилия таңдаймыз. Далее щертеміз.
Бұл терезеде бізге сұрыптау ұсынылады. 1. Имя по возрастании.
2. Фамилия по возрастанию.
Далее щертеміз.
Ашылған терезеде екі кестенің бағаналарын көреміз, кілттік өріс жасырылған. Далее щертеміз.
Ашылған терезеде Подпись, которую содержит столбец подстановки көрсетуіміз керек. Үнсіз келісім бойынша Контакт нөмірі болады - Готово щертеміз.
Access байланыс жасар алдында кестені сақтау керектігін ескертеді, Да деп жауап береміз.
Содан соң Режим- Режим таблицы режиміне көшеміз.
3-ші жазбаны қосамыз:
3.09.2012 кездестік Марат Хасенов 3 ангімелестік
Кестені сақтаймыз.
Кестелер арасында байланыс құру алгоритмі (бейнесабақ).
Тапсырма 4. «Кестелер арасында байланыс құру».
Работа с базами данных бөлімге көшу. Схема данных –ты щертеміз.
Экранда 2кесте ашылады: Адамдар және Араласу. Олар сызық арқылы байланысқан. Бұл байланыс қойылым тізімімен жұмыс істеу барысында жасалған. Бұл байланыс Код кілттік өріс пен кілттік емес Контакт нөмірлерін байланыстырады. Бұл байланыс бір- көбіне деген байланыс. (Бір- көбіне деген байланыс – бұл Адамдар кестесіндегі бір жазбаға Араласу кестесінің бірнеше жазбалары сәйкес келуі мүмкін болғандағы туралы байланыс).
Байланысты жоямыз. Ол үшін оны ерекшелейміз және Delete – ОК щертеміз.
Байланысты қайта құрамыз. Тышқан көрсеткішін Код –қа жақындатып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде Контакт нөмірі дегенге апарып жіберу.
«Изменение связей» терезесі пайда болады. Үстінгі бөлігінде біз байланыстыратын кестелер белгіленген, төменгі бөлігінде өрістер белгіленген. Адамдар кестесінде Код өрісі, Араласу кестесінде Контакт нөмірі өрісі.
Төменгі жағында 3 пункт көрсетілген, оларды біз белгілемейіз.
Создать батырмасын щерту.
Байланыс пайда болады. Сол байланысты сақтаймыз Сохранить щертеміз.
Араласу кестесіне көшеміз, содан соң Адамдар кестесіне көшеміз.
+
Адамдар кестесінде белгілері пайда болады.
Осы белгілерге басқанда біз кім - кіммен қашан, қалай араласқанын көретін боламыз.
Өздік жұмыс.
Тапсырма1. «ОП -11 тобы туралы мәлімет» атты кестені өрістер шаблоны арқылы құру.
«Gruppa OP» атты жаңа деректер базасын құру. Создать щерту.
Ашылған терезеде біз Таблицу1 кестесін көреміз, оның Код өрісі болады.
Келесі өрістерді қосыңдар: Тегі, Аты, туған жылы, Мекен жайы, үй телефоны.
Кестені толтырыңдар.
Кестені сақтаймыз, атауын «Оп тобы туралы мәлімет» депатаймыз.
Кестені жабамыз.
Тапсырма 2. «Үлгерім» кестесін Конструктор режимінде құру.
Создание бөліміне көшеміз, Таблицы тобынан Конструктор таблицы таңдаймыз.
Имя поля және Типы данных толтырамыз.
Бұл терезені жабамыз. Оның атауын «Үлгерім» деп атаймыз.
Үлгерім кестесін кестелер режимінде ашамыз және оны толтырамыз.
Сақтаймыз. Үлгерім кестесін жабамыз.
Тапсырма 3. Қойылым тізіммен жұмыс істеу.
Үлгерім кестесін Конструктора режимінде ашу.
Оқушының нөмірі өрісінде Числовой типін Мастер подстановок типіне өзгерту.
«Создание подстановки» сұхбат терезесі ашылады.
2- і пунктің ішінен 1-ші «Объект «столбец подстановки» будет использовать значения из таблицы или запроса» дегенді таңдаймыз. Далее щертеміз.
Келесі терезеден «ОП -11 тобы туралы мәлімет» кестесін таңдаймыз. Далее щертеміз.
Ашылған терезеде «ОП -11 тобы туралы мәлімет» кестесінен қойылымға қатысатын өрістерді таңдау. Код, Фамилия, Аты таңдаймыз. Далее щертеміз.
Бұл терезеде бізге сұрыптау ұсынылады. 1. Фамилия по возрастании.
2. Имя по возрастанию.
Далее щертеміз.
Ашылған терезеде екі кестенің бағаналарын көреміз, кілттік өріс жасырылған. Далее щертеміз.
Ашылған терезеде Подпись, которую содержит столбец подстановки көрсетуіміз керек. Үнсіз келісім бойынша Оқушының нөмірі болады - Готово щертеміз.
Access байланыс жасар алдында кестені сақтау керектігін ескертеді, Да деп жауап береміз.
Содан соң Режим- Режим таблицы режиміне көшеміз.
Кестені сақтаймыз.
Тапсырма 4. «Кестелер арасында байланыс құру».
Работа с базами данных бөлімге көшу. Схема данных –ты щертеміз.
Экранда 2кесте ашылады: ОП -11 тобы туралы мәлімет және Үлгерім. Олар сызық арқылы байланысқан.
Байланысты жоямыз. Ол үшін оны ерекшелейміз және Delete – ОК щертеміз.
Байланысты қайта құрамыз. Тышқан көрсеткішін Код –қа жақындатып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде Оқушының нөмірі дегенге апарып жіберу.
«Изменение связей» терезесі пайда болады. Үстінгі бөлігінде біз байланыстыратын кестелер белгіленген, төменгі бөлігінде өрістер белгіленген. ОП -11 тобы туралы мәлімет кестесінде Код өрісі, Үлгерім кестесінде Оқушының нөмірі өрісі.
Төменгі жағында 3 пункт көрсетілген, оларды біз белгілемейіз.
Создать батырмасын щерту.
Байланыс пайда болады. Сол байланысты сақтаймыз Сохранить щертеміз.
Үлгерім кестесіне көшеміз, содан соң ОП -11 тобы туралы мәлімет кестесіне көшеміз.
+
ОП -11 тобы туралы мәлімет кестесінде белгілері пайда болады.
Осы белгілерге басқанда біз кімде қандай пәндер бойынша қандай баға бар екенін көретін боламыз.
Жұмысты тексеру: Жұмыстың орындалуын тексеру.
IV. Тестілеу
Оқушылар Test программасын қолданып, компьютер арқылы тест жұмысын орындайды.
V. Рефлексия.
Келесі сұрақтарға жауап беру: «Осы сабақта мен неге үйрендім?», «Осы сабаққа дейін мен не білдім?», «Не істеуді үйрендім», «Қалай ойлайсындар бүгінгі сабақ сендер үшін пайдалы болды ма?», «Алған білімдеріңді қай жерлерде қолдана аласыңдар?».
VI. Сабақтың қорытындысы.
Сабақтың қорытындысын жасау, оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
1. Кестені өрістер шаблоны арқылы және конструктор арқылы құру тәсілдерін, сонымен қатар қойылым тізіммен жұмыс істеуді, кестелер арасында байланыс құруды қайталау. 2. Курс компьютерной технологии. О. Ефимова, В. Морозов, Ю. Шафрин, Учебное
пособие, АБФ, 1998, стр. 337- 371.
3. Шығармашылық тапсырма: Екі кестеден тұратын деректер базасын құрыңдар. Кестелер:
1) Менің достарым; 2) Араласу. Екі кестені байланыстыру.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіПавлодар технологиялык колледжіМинистерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский технологический колледж
БЕКІТЕМІН
Дир. ОІ жөніндегі орынбасары
«___» ________________ 2016 ж.
___________ Ш.У.Бектұрғанова
Информатика пәні бойынша ашық сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы:
«ДББЖ Access –деректер базасын құру»
Дайындаған: Закарьянов Д.Ж.
Павлодар