Презентация урока ?асым Аманжолов
Қасым Аманжолов (1911-1955)
Туған жеріқазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді
«Қозым менің, құлыным, Әрі қызым, әрі ұлым...» Қасым 1946 жылы Сақыпжамалға үйленеді. Ол кезде Сақыпжамалдың 1941 жылы туған Жанна есімді қызы болады. Кейбір деректерге сүйенсек, Жаннның әкесінің аты-Ануар екен. Ол-Қасымның ең жақын араласқан жан жолдасы болғанға ұқсайды. Ұшқыш болған Әнуар соғыста қаза табады. Жолдасының артында қалған жас баласы мен әйелін «жетім мен жесір» етпейін деп, әрі досының аруағының алдында парыз іс деп білген Қасым балалы келіншекке үйленеді. Көп кешікпей 1947 жылы дүниеге тұла бойы тұңғышы Дариға келеді.Дариғашым,Дариғашым! Қуанышым,балапаным. Шешең-Сәпен,әкең-Қасым, Жайды саған алақанын... Бірақ... балам, кешірерсің, Жасамадым жұртша мен той. Ер жетерсің, түсінерсің, «Тойым менің алда деп қой»,-деп қызының дүниеге келгеніне жүрегі жарылардай қуана отырып, әрі сол қызығын жұрт сияқты үлкен той қылып өткере алмағанына іштей налиды да, «өзін тойың әлі алда» деп жұбатады. Ақын өз күнделігінде сол Дариға туған кезде жағдайларының болмағандығын, үй мәселесін былай қойғанда ақшаның да жоқ болып біреуден қолхат жазып екі жүз теңге қарызға алғандығын жазады.Бірақ Дариғадан кейін Қасым мен Сақыпжамал бала сүйе алмайды. Ақынның сол жылдары:Қозым менің, құлыным,Әрі қызым, әрі ұлым...Қуанышым арнасы-Өмірімнің жалғасы,-деп жырлауы да сондықтан. Бірақ баспананың жоқтығы мен қаражаттың тапшылығы салдарынан кішкентай сәбидің де өкпесіне суық тигізіп алады. Әлі тілі де шыға қоймаған, бірден жаңа асқан қыздары Дариға құрт ауруы деген диагнозбен ауруханаға түседі. Бәрінен де бала қайғысы, баласының ауырғаны қабырғасына қатты батқан ақын сол кезде:«От шығады көкірегімнен, ойпырым-ай!Ауыр соққы тиді басқа оңдырмай.Қайтсем ғана сақтап қалам өмірін,Құлынымды құрт ауруға қор қылмай.Медицина, әлсіз бе едің әлі сен,Қайдан іздеп табам енді әдіс, ем?Қандай адам түсінер бұл халімді?!Ащы қайғы уытынан зәр ішем»,- мұңын айтып, басын тауға да, тасқа да соғады. Ауруханаға келген әкесінен бір үміт күткендей болған жас сәбиінің бейкүнә қара көздері әке жүрегін қарс айырап жіберердей халге түсіреді.
Қасым Аманжолов. Өмірі мен шығармашылығы. (1911-1955)
Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған «Ағайыма» деген хатындағы: «Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы» дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады.
Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды «ерке Қасымның» Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.
100 жылдық мерей тойыҚасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі.
Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:Ішім пысты, жалықтым,Жүре алман енді аяңдап.Кенде қаппын, жаңа ұқтым,Не болса соған аяңдап –немесе:Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басыпЖығылсам да, жүгірумен өтемін,Аяңшылдың ақылын мен не етемін.Жығылармын, алқынармын, шаршармын,Барар жерге бұрынырақ жетермін, –дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті.1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. «Нар тәуекел», «Бурабай толқындары», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін» сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде түр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, «Құпия қыз», «Бикеш» (алғашында «Азғынбаев» деп аталған) секілді алғашқы поэмаларын жазады.