??л?айырг?лділер т??ымдасыны? жалпы сипаттамасы
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Құлқайыргүлділер тұқымдасы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тұқымдастың негізгі ерекшеліктерімен және жергілікті
жерде өсетін мақта өсімдігіне сипаттама беру;
ә) дамытушылық: Ой-өрістерін, таным қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Қоршаған ортаны танып біле отырып, жергілікті жердің
өсімдіктерін қорғай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: Сабақты жазу, түсіндіру, суреттеу;
Сабақтың көрнекілігі: Тірек схемасы, электронды оқулық, перфокарталар;
Сабақтың типтері:
1. Ұйымдасытру
2. Өтілген материалды қайталау
3.Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
5. Сабақты қорытындылау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. Журнал бойынша оқушыларды түгелдеп, керекті материалды журналға жазу. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
2. Өтілген материалды қайталау.
а) Сорус дегеніміз не?. ә) Сүрек дегеніміз не? б) Дің дегеніміз не?
в) 50жылда жеміс беретін өсімдік.
г) Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында кездесетін өсімдік?
3. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Сөзжұмбақ шешу.
Асқабақ тұқымдастың көпжылдық түрі. (құтырған қияр)
Өзгерген өркен. (мұртша)
Жемісі жидек асқабақ тұқымдастың түрі. ( ит жүзім)
Асқабақтың жемісі. (қабақ)
Асқабақ тұқымдастың бі тұқымды түрі. (чайот)
Асқабақтұқымдастың көкөністік түрі. (қияр)
Орамжапырақгүлділер тұқымдасының жемісі. (бұршаққын)
Орамжапырақгүлділер тұқымдасының майлы түрі. ( арыш)
Орамжапырақгүлділер тұқымдасының татымды түрі ( ақжелкен)
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңыздысы- мақта. Мақта биіктігі 1,5-2 метрге дейін жететін кіндік тамырлы, шөптекті өсімдік немесе шала бұта. Елімізде Оңтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында шитті мақта өсіріледі. «Шит» деген мақтаның ұрық шашатын тұқымы. Мақтаның екі түрлі: өсетін және жеміс беретін бұтағы болады. Жеміс беретін бұтағы- қысқарған өркен. Мақтаның гүлі ақсары немесе сары түсті. Гүл формуласы: Т3+(5)К5А(∞)Ж(∞) Мақтаның жемісі-қауашақ. Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді.
Шитті мақтадан таза мақта өндіріледі.
Ағаш, шөптекті, бұталы, кіндік тамырлы. Ғаламшарда – 1000 түрі
Қазақстанда -18 түрі
7 туысы бар.
Гүлдері: Қосжынысты
Гүлсерігі: Қосарланған
Жемісі: қауашақ
Формуласы: Т3+(5)К5А(∞)Ж(∞)
Құлқайыргүлділер тұқымдасы
Мақта
біржылдық
Қытай раушаныСәндік түрі
Түрлері
ЖалбызтікенДәрілік мақсатта қолданылады.
Бұйдакендір
Шаруашылыққа пайдаланылады.
АйдаршөпСәндік түрі
Сабақты пысықтау сұрақтары.
а) Құлқайыргүлділер тұқымдасы қай класқа жатады?
ә) «Шит» дегеніміз не? б) «Көсек» дегеніміз не?
5. Сабақты қорытындылау
1. Негізгі терминдерді қайталау
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма. § 27
а) Мақтаның маңызы туралы хабарлама дайындау.
ә) Баобаб тұқымдасы туралы біліп келу.