Салааралы? кешендер б?ліміне ?айталау
Сабақ №42 мерзімі:____________________
Сабақтың тақырыбы: «Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қайталау.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушылардың «Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша тараудың алған білімдерін қайталап бекіту, жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгерту және бекіту.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: АҚТ, сызба толтыру, сұрақ-жауап, проблемалық жағдай, суретпен жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындалу. Суық және жылы түстерді ұсыну арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Топ басшыларын анықтау-3 мин.
ІІ: Тақырыпқа шығу кезеңі. Оқушылардың назарларын интерактивті тақтаға аударту. Салааралық кешендер географиясы бойынша бейнефильм көрсету. Нені көрдіңіздер? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Иә, бүгін сабақта біз өткен тақырыптарды қайталаймыз. Сабақтың мақсаты қандай? Өткен тақырыптарды еске түсіру, қайталау-7 мин
ІІІ: Мұғалімнің сөзі-5 мин Есімізге түсірейік, экономика дегеніміз не?
Шаруашылық;
Қоғамның дамуына негіз болып табылады;
Қоғамда болып жатқан үрдістерді анықтайды;
Кәсіпорындар мен мекемелерден тұратын күрделі құрылым.
Қазақстан экономикасының даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті; атап өтіңдер?
Дәстүрлі;
Нарықтық;
Жоспарлы;
Нарықтық.
Қазір Қазақстан қандай экономиканың типінде? Иә, нарықтық аралас экономика.
Нарықтық экономикаға тән белгілер қандай?.
Либерализация-еркін баға, кәсіпкерлікке жол ашылды.
Жекешелендіру;
Инфроқұрылым- қызмет көрсету фирмалардың ашылуы;
Интеграция – шет елдермен байланыс.
Шаруашылығының басты саласы-өнеркәсіп.
Топтарға тапсырма беру:
І-тапсырма; интерактивті тақтадан сызбаларды толтыруға беру-2 мин
І топ: ІІ топ:
Өнеркәсіптердің құрылымы
Тау-кен өңдеу электр қуат,жылу,су, газ Шаруашылықтың 3 секторы:
Ауылшаруашылық өндіріс қызмет көрсету
ІІ тапсырма: Интербелсенді тақтаны қолдана отырып, салааралық кешендердің қолданылуы аясына қарай әр түрлі, оларды кестеге салып жіктейік -5 мин
кешен қолданылуы
Отын-энергетикалық Халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергиямен қамтамасыз ету.
Қара металлургия Шойынды балқыту, болат алу, прокат шығару
Түсті металлургия Титан- реактивті ұшақтардың двигательдері, кеме, химиялық құралдар.
Магний-зымыран, ұшақ, фейервергтер. Алюминий-көлік пен құрылыста.
Химия өнеркәсібі Тынайтқыштар, дәрігерлер өндірісінде, металлургияда, хром - флотация үшін, тері илеу, фотоматериалдар, бояулар дайындау, ауылшаруашылық.
Құрылыс өнеркәсібі Құрылыс материалдарды шығарады, ағаш өңдеу, жиһаз жасау, целлюлоза-қағаз, полиграфия өнеркәсібі.
Машина жасау Шаруашылықтардың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (автокөліктер, теледидарлар, кір жуатын машиналар)
Агроөнеркәсіптік кешен Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету.
Жеңіл өнеркәсіп Тұрғындарды әдемі, әр алуан, жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету.
Көлік кешені Жүк пен жолаушы тасымалдау
Әлеуметтік инфрақұрылым Халыққа қызмет көрсету, халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлау, адамдарды аурулардан қорғау, дұрыс демалуын ұйымдастыру.
Сергіту сәті: «Мармозетка» ойыны ұсынылады-3 мин
Бұл сөз сізге таныс па?
Бұл кім? Бұл не? Сен оны қайдан көрдің?
Менің бақытыма қарай бір күні мен ата-анаммен мармозетка өмір сүретін жерге бардым. Олар қаралау болды, ақ, қызыл, және күміс-қоңыр түстермен шағылысқан.
Сіздің ойыңыз өзгерді ме?
Мені таң қалдырған олардың көлемі /10-20 см/
Ол зат па, әлде жанды ма?
Мен оны сатып алғым келді, бірақ мен олардың қайда сатылатынын білмедім.
Сіз оны қайдан сатып алуға болатыны туралы кеңес бере аласыз ба?
Менің Бразилияға саяхатым өте әсерлі өтті. Менің сіздерге айтқанымды, мен Амазонкада, Колумбияда, Перуда кездестірдім.
Сіздер оны көрдіңіздер, бірақ олардың көлемі үлкен.
Олар ұшпайды, мүмкін олар енбектейді.
Бұл адам ба, әлде жануар ма?
Енді осы тапсырманы орындау үшін қандай ойлау деңгейінен өттіңіздер?
Қазақстан экономикасына көп табыс әкелетін кешендер, отын-энергетика мен металлургия кешені.
ІІІ тапсырма: Өнеркәсіптерді орналстыру принциптері болады. Яғни, факторлар. Оларды анықтау үшін кестені толтыруды ұсыну. Мысалдарды келтіре отырып.
І топ:Зауыттарды орналастыру мынадай принциптері бар: шикізаттық, отын-энергетикалық,су, жұмыс күшіне жақын, тұтынушы, көліктік, ғылыми, экологиялық болып бөлінеді.
Өнеркәсіп орындары Орналастыру принциптері Мысал келтір Экономикаға тиімді, тиімсіз жолдары
Көмір өнеркәсібі
Қарағанды(кокстелген),
Екібастұз(тас көмір),Макүбі(қоңыр көмір),Қарағандыда-Борлы,Шұбаркөл(тас),Шығыс Қазақстанда-Қаражыра,Ақмолада-Сарыадыра. Электр қуат
МАЭС-1(Екібастұз),АЭС(Ақтау),
СЭС(Бұқтырма), Қара металлургия зауыттары
Темір кені(Қостанай,Соколов-Сарыбай,Рудный,Лисаков,Қаражал),
Хром(Хромтау қала), марганец(Жезді,Жәйремде) ІІ топ: Зауыттарды орналастыру мынадай принциптері бар: шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күшіне жақын, тұтынушы, көліктік, ғылыми, экологиялық болып бөлінеді.
Өнеркәсіп орындары Орналастыру принциптері Мысал келтір Экономикаға тиімді, тиімсіз жолдары
Мұнай өңдеу зауыттары
Атырау,Павлодар,Шымкент,кіші-гірім Қарашығанақта Түсті металлургия зауыттары
Алюминий зауыты-Павлодар. Шымкентте-қорғасын, Шығыс Қазақстанда Николаев-газды бөліп алып күкірт қышқылына айналдырады.Риддер-қорғасын мен мырыш,Өскемен-титан, магний комбинаты. Химия өнеркәсібі
Күкірт қышқылы химиясы-Жезқазған,Балқаш,Риддер.Уран-Степногорск.Фосфатты тынайтқыштар-Ақтау.Фосфор тынайтқыштары-Таразда.Азот тынайтқыштарын-Ақтау мен Теміртауда. Полимерлер химиясы-Ақтау мен Атырау 2 пластмасса зауыты бар.Химия-фармацевтика өнеркәсібі-Алматы,Қаскелен,Семей,
Қарағанды. ІҮ тапсырма: Өнеркәсіптерінің географиясы жайында білімдерін тексеру мақсатында сәйкестендіру үшін кестені орында:
І топ:
қалалар өнеркәсіптер
Қарағанды шахталарды бекітуге арналған құрастырмалар, көмір қазатын машиналар, вагонеткалар, бу қазандықтары
Павлодар Көтеретін құрылғысы бар техника, теледидар
Петропавл, Алматы Мұнай өңдіруге арналған насостар
Қарағанды «Фермер» ауылшаруашылық ұшақтары
Талдықорған аккумуляторлар
Ақтөбе Рентген аппаратурасы, автомобильдік флюрографиялық зертхана
ІІ топ:
қалалар өнеркәсіптер
Өскемен Автомобиль жасаудың орталығы, «Нива», «Шкода», «Шевроле», «Киа» жеңіл автомобильдер
Алматы Мұнай мен газ сақтайтын резервуарлар мен цистерналар
Петропавлда Астық тасымалдайтын вагондар
Степногорск Подшипниктер зауыты
Көкшетау Оттегімен дем алу аппаратурасы
Орал Әскери кемелер, ракеталар,
Қорытынды кезең-3 мин Бүгін біз сабақта салааралық кешендердің географиясын, қолдану мен орналастыру факторларын қайталап шықтық. Соңында мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр: Өнеркәсіптердің экологияға тигізетін әскері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.Олардың ішінде ең лас саланы атап өт.
Бағалау: Бағалау жүйесін топ басшылары жүргізіп отырады
р/с Аты-жөні №1 тапсырма №2 тапсырма №3
тапсырма №4 тапсырма қорытынды
1 Жанат 2 Мұхаммед 3 Беғарыс 4 Алаң 5 Асель р/с Аты-жөні №1 тапсырма №2 тапсырма №3
тапсырма №4 тапсырма қорытынды
1 Сая 2 Рустем 3 Сабина 4 Динара 5 Бауыржан Рефлексия-2 мин «Екі жұлдыз бір тілек». Оқушыларға ұсынылады, екі жұлдызға ұсыныс жазып, жапыраққа бір тілек жазып құндылық ағашына жабыстырып қойындар.Үзіліске жиберу.
І топ: Зауыттарды орналастыру мынадай принциптері бар: шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күшіне жақын, тұтынушы, көліктік, ғылыми, экологиялық болып бөлінеді.
Өнеркәсіп орындары Орналастыру принциптері Мысал келтір Экономикаға тиімді, тиімсіз жолдары
Көмір өнеркәсібі
Қарағанды(кокстелген),
Екібастұз(тас көмір),Макүбі(қоңыр көмір),Қарағандыда-Борлы,Шұбаркөл(тас),Шығыс Қазақстанда-Қаражыра,Ақмолада-Сарыадыра. Электр қуат
МАЭС-1(Екібастұз),АЭС(Ақтау),
СЭС(Бұқтырма), Қара металлургия зауыттары
Темір кені(Қостанай,Соколов-Сарыбай,Рудный,Лисаков,Қаражал),
Хром(Хромтау қала), марганец(Жезді,Жәйремде) ІІ топ: Зауыттарды орналастыру мынадай принциптері бар: шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күшіне жақын, тұтынушы, көліктік, ғылыми, экологиялық болып бөлінеді.
Өнеркәсіп орындары Орналастыру принциптері Мысал келтір Экономикаға тиімді, тиімсіз жолдары
Мұнай өңдеу зауыттары
Атырау,Павлодар,Шымкент,кіші-гірім Қарашығанақта Түсті металлургия зауыттары
Алюминий зауыты-Павлодар. Шымкентте-қорғасын, Шығыс Қазақстанда Николаев-газды бөліп алып күкірт қышқылына айналдырады.Риддер-қорғасын мен мырыш,Өскемен-титан, магний комбинаты. Химия өнеркәсібі
Күкірт қышқылы химиясы-Жезқазған,Балқаш,Риддер.Уран-Степногорск.Фосфатты тынайтқыштар-Ақтау.Фосфор тынайтқыштары-Таразда.Азот тынайтқыштарын-Ақтау мен Теміртауда. Полимерлер химиясы-Ақтау мен Атырау 2 пластмасса зауыты бар.Химия-фармацевтика өнеркәсібі-Алматы,Қаскелен,Семей,
Қарағанды. І топ:
1 Қарағандыда шахталарды бекітуге арналған құрастырмалар, көмір қазатын машиналар, вагонеткалар, бу қазандықтары 2 Павлодар Көтеретін құрылғысы бар техника, теледидар 3 Петропавлда, Алматыда Мұнай өңдіруге арналған насостар 4 Қарағандыда «Фермер» ауылшаруашылық ұшақтары 5 Талдықорған аккумуляторлар 6 Ақтөбе Рентген аппаратурасы, автомобильдік флюрографиялық зертхана ІІ топ:
1 Өскеменде Түсті металлургияға арналған құрал-жабдықтар, конденсаторлар 2 Алматыда Мұнай мен газ сақтайтын резервуарлар мен цистерналар 3 Өскеменде Автомобиль жасаудың орталығы, «Нива», «Шкода», «Шевроле», «Киа» жеңіл автомобильдер 4 Петропавлда Астық тасымалдайтын вагондар 5 Степногорск Подшипниктер зауыты 6 Көкшетау Оттегімен дем алу аппаратурасы
р/с Аты-жөні №1 тапсырма №2 тапсырма №3
тапсырма №4 тапсырма қорытынды
1 Жанат 2 Мұхаммед 3 Беғарыс 4 Алаң 5 Асель р/с Аты-жөні №1 тапсырма №2 тапсырма №3
тапсырма №4 тапсырма қорытынды
1 Сая 2 Рустем 3 Сабина 4 Динара 5 Бауыржан
Мәтінге, суретке сүйене отырып, қазмет көрсету саласының дамуына сипатта жаса.
Супермаркет
Базарлар ірі дүкендер
Шағын дүкендер
Медициналық орталықтар
Мәтінге, суретке сүйене отырып, рекреациялық ресурстар саласының дамуына сипатта жаса.