Та?ырыбы :Буыная?тылартипі, буна?денелілер класы.


7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылартипі, бунақденелілер класы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буынаяқтылар типі және бунақденелілер класы туралы білімдерін дамыту, олардың тіршілік әрекеттері, таралуының ерекшеліктері,табиғатта және адам өмірінде алатын орны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, оқушылардың білім-біліктігін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,мейірімділікке,инабаттылыққа,білгендерін көңілге тоқып, іс-әрекетінде пайдалана білуге,табиғатқа қамқор бола білуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, тест, оқулық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру,көрнекілік,баяндау.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Буынаяқтылар типі- аяғы бунақталған, екі жақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп иаталған. Буынаяқтылар типінің негізгі 3 типі бар: шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер класы. Буынаяқтылардың сыртқы хитинді жабыны өте жеңіл. Сондықтан буынаяқтылар салмағы ауыр бақалшақты ұлулардан әлдеқайда оңтайлы қимылдайды. Хитин берік болғандықтан созылмайды. Буынаяқтылар денесі өскенде хитинді жабын мезгіл-мезгіл денеден сыпырылып, түлейді. Хитинді жабынның қалың-жұқалығы барлық жәндіктерде біркелкі емес. Өзен шаяны, таңқышаян жабыны, қоңыздың қатты қанаты және жабыны жұқа болады.
 Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «нентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым) Ол зоология ғылымының бір саласы Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Оның  5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек көбелектің ауыз мүшесі –түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін  жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек. Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа ,шыбын ластанған жергелерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Олардың табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды өызмет атқарады, алайда олар дүниеге әкелетін жұлдызқұрттар ауылшаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында. Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл  бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға  тиеді.  Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және адамдарға зиянды. Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге –Азиялық шегіртке жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан –жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.
Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%83%D0%B0%D1%80%D1%88%D1%8B%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Суаршын (мұндай бет жоқ)" суаршын, суқандала, сушалқақ, зуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D1%82" \o "Бит" бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD" \o "Шыбын" шыбын); шаншып-сорушы ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D0%B0" \o "Маса" маса, орман қандаласы ) ; кеміруші ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BD" \o "Тарақан" тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA" \o "Көбелек" көбелек)
Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар:  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81" \o "Бас" бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%88%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Мұртша (мұндай бет жоқ)" мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BA%D1%96%D1%80%D0%B5%D0%BA" \o "Көкірек" Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B5%D0%BC%D1%82%D2%AF%D1%82%D1%96%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Демтүтік (мұндай бет жоқ)" демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)
Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.
Толық түрленіп даму  деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.
Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:тура даму:жұмыртқа—имаго; шала түрленіп даму:жұмыртқа –дернәсіл---имаго;толық түрленіп даму: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ-имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)
ІІІ. Сабақты бекіту
Тест сұрақтары1. Жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндік
А) қосқанаттыларВ) дәуітС) шегірткеD) балараЕ) көбелек.2. Бунақденлілер қандай класс тармақтарына жіктеледі:А) өрмекшітәріздестер, шаянтәріздестерВ) буынаяқтылар, өрмекшітәріздестерС) бауыраяқтылар, қанаттыларД) басаяқтылар, қосжақтаулыларЕ) туақанатсыздар, қанаттылар3. Бунақденелілердің қан тарату жүйесі?А) тұйық жүйеліВ) ашық жүйелі4. Бунақденелілердің барлығы неше аяқты?А) 8 С)4 Е) 2В) 10 Д) 65. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін бунақденеліА) шыбын Д) битВ) қоңыз Е) инелікС) бұзаубас6. Латын тілінен аударғанда имаго сөзіА) тура даму С) дернәсіл Е) итшабақВ) ересек жәндік Д) қуыршақ 7. БунақденелілердізерттейтінғылымсаласыА) герпетологияВ) гельминтологияС) энтомологияД) бриологияЕ) вирусология8. Толықтүрленіп даму:А) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ – имагоВ) жұмыртқа - дернәсіл – имагоС) жұмыртқа – имагоД) имаго – қуыршақЕ) имаго9. Толықтүрленіпдамитынбунақденелілер.А) Алабұға, сазан. С) Шұбалшаң, гидра.D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.В) Кесіртке, жылан.С) Шұбалшаң, гидра.D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.Е) Қоңыз, шыбын, маса10. ЗәршығарумүшесіА) демтүтікВ) бүйрекС) мальпигийтүтігіД) өкпеЕ) нимфаІҮ. Үйге тапсырма: Буынаяқтылар типі. Буынаяқтылар класы.
Ү. Қорытынды.