Шала т?рленіп дамитын буна?денелілер


ІІІ тоқсан 4 сабақ Күні: 20.01.2016ж сыныбы: 7 «А,Ә» Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары
Оқып үйренудің мақсаты Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің отрядтарымен таныстыру;
Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтарының өкілдерін, олардың бір – бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, табиғатқа тигізетін пайдасы мен зиянын ажырата білу;
Оқулық мәтінімен жұмыс жасай отырып, алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра пайдаланып, икемдікті дамыту.
Оқуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, интерактивті тақта, «Топтастыру» әдісі, «Кластер» әдісі, дұрыс тұжырымын табу.
Оқып үйренудің нәтижесі Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің отрядтарын біледі;
Аса маңызды отрядтарының өкілдерін, олардың айырмашылықтарын мен ұқсастықтарын, олардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зиянын ажырата алады;;
- Топта оқыған тақырыптың нәтижесін топта талқылауды үйренеді;
- Өзара білім алмасуға үйренеді;
- Сұрақтарға толық ақпарат беруді үйренеді;
- Бірін-бірі тыңдауға үйренеді;
Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, СТО стратегиялары, оқытуды басқару және көшбасшылық,
№ Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дереккөздер,көрнекілік
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру Оқушылар сандар бойынша топқа бөлінеді. Суреттер, оқулық, интерактивті тақта
2 7 мин Ой қозғау. Үй жұмысы І. «Менен сұрақ , сізден жауап» сурет арқылы сұрақтарға жауап береді.
Өрмекшітәрізділер қандай жәндіктер?
Өрмекшітәрізділердің басқа буынаяқтылардан қандай ерекшеліктері бар?
Өзен шаянының сыртқы құрылысы.
Өзен шаянының асқорыту жолы қандай?
Кенелер қандай жәндік? Кене мен өрмекшінің ұқсастығы неде?
Бунақденелілер қай типке жатады? Сыртқы құрылысы қандай?
Бунақденелілер класс тармағы қалай жіктеледі? Олардың қанша отрядтары бар?
Бунақденелілердің денесінде қан қалай қозғалады?
Бунақденелілердің даму типтерін ата.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
Берілген жауаптарына қарай баға қойылады. Тақта
Буынаяқ-тылар мен бунақдене-лілердің суреттері
3 3мин Қызығушылығын ояту.Жаңа сабақ «Топтастыру әдісін қолдана отырып ассоциациялық карта құру» түсіндіріледі.
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отряды
Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің отрядтары мен таныстыру.
ТаракандарТурақанаттылар

Мамықжегі Теңқанаттылар

Дәуіттер Құлықтар
Биттер Инеліктер
Шалақатқылқанаттылар Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, шала түрленіп дамитын бунақденелілердің отрядтарын атап, оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазып алады.
Интерак-тивті тақта (тақта)
15 мин Мағынаны ашу.
Оқулықпен жұмыс
І топ «Турақанаттылар отряды»
-Отрядтың өкілдері.
- Отряд қанатынасипаттама, ауыз аппараты.
-Отряд өкілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері.
-Адам өміріндегі пайда – зияны қандай?
ІІ топ «Теңқанаттылар отряды»
Отрядтың өкілдері
- Отряд қанатына сипаттама, ауыз аппараты.
-Отряд өкілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері.
Адам өміріндегі пайда – зияны қандай?
ІІІ топ «Шалақатқылқанаттылар отряды»
- Отрядтың өкілдері
- Отряд қанатына сипаттама, ауыз аппараты.
-Отряд өкілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері.
-Адам өміріндегі пайда – зияны қандай? 3 топта оқулықты оқи отырып, конверттің ішіндегі сұрақтар мен суреттер салынған. Әр топ өз отрядтарының өкілдерін жинақтап, оқулықтан алған ақпаратырын пайдалана отырып постер қорғайды.
Әр топ басшылары топтағы оқушыларды жауап берген деңгейлеріне қарай бағалайды.
Оқулық
Постер
4 10 мин «Ой толғаныс» кезеңі. «Кластер әдісі» бойынша жұмыс жасау
І топ Ауыз құрылысына қарай бунақденелілерді орналастыру.
ІІ топ Даму типтерін сатыларына қарай орналастыру.
ІІІ топ Терминдермен жұмыс Оқушылар дайын жауаптары бойынша жұмыс жасайды .
Жаңа терминдерді жұмыс дәптерлеріне орындайды. Постер маркер
5 5 мин Қорытынды
Дұрыс тұжырымын тап(иә немесе жоқ)
1.Бунақденелілер энтомология ғылымы зерттейді. (ия)
2.Туақанатсыздар тура дамитын қарапайым құрылысты жәндіктер.(ия)
3.Жалпы бунақденелілердің 24 отряды бар. (жоқ)
4.Шегіртке ,бұзаубас,шілделік турақанаттылар отрядына жатады. (ия)
5.Тарақандар азық-түлікті бүлдіріп қана қоймай, әр түрлі аурулар таратады. (ия)
6.Дәуіттер зиянды жәндіктер. (жоқ)
7.Теңқанаттылар отрядының өкілдерінің аузы соруға - шаншып бейімделген.(ия)
8.Шалақатқылқанатылар отрядына қоңыздар жатады. (жоқ)
9.Суаршын,зұламат су қандаласы шалақатқылқанаттылар отрядына жатады.(ия)
10.Бұзаубас, дәуіттурақанаттылар отрядына жатады. (ия) Оқушылар қорытынды бойынша берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Берілген жауаптарына қарай баға қойылады.
6 3 мин Рефлекция
Үйге тапсырма
Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің отрядтары
Жиынтық бағалау жүргізу Оқушылар үйге берілген тапсырманы жазып алады.
Бақылайды, қадағалайды. Сабақтың сәтті өткен тұстары: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың сәтсіз тұстары:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________