Сыныптан тыс ж?мыс Білгір биолог- 2017


Тақырыбы: «Білгір биолог – 2017»
Мақсаты: Биологиядан алған білімдерін жүйелеу, біліктілігін, іскерлігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, қанатты сөздер,т.б.
Сабақтың барысы:
1.Сәлемдесу,сайыс тақырыбы, мақсат – міндеттері
2.Ұйымдастыру.
1.1.Қатысатын оқушыларды таныстыру
1.2.Әділ қазылар алқасын сайлау
1.3.Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
3.Қорытынды
4.Марапаттау
Құрметті оқушылар мен ұстаздар!Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым. «Білгір биолог – 2017» атты 7 – 8 сыныптар арасындағы биология пәнінен өткізілетін сайысымызға кош келіпсіздер!
Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын –
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
7-сынып оқушысы:
7- сынып оқушысы:
7- сынып оқушысы
8- сынып оқушысы
8- сынып оқушысы
8- сынып оқушысы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.Оқу ісі жөніндегі орынбасары:Баимбетова Шолпан
2.Бейіндік оқу орынбасары: Хайдарова Бақтыгүл
3. Биология және химия пәнінің мұғалімі: Абдурахманова Махаббат
4. Биология пәнінің мұғалімі: Курганова Нағима
Енді сайысымыздың негізгі бөлігімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең.Таныстыру
2 кезең. Білім минуты
3 кезең.Терминдер аукционы
4 кезең.Полиглот
5 кезең.Логикалық сұрақтар
6 кезең.Судың да сұрауы бар
1 кезең.Таныстыру. Жоғары ұпай 10 ұпай
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Тапқыр, білгір, дарындыЖарыс бар бүгін арындыБиология пәнін сүйсең сенОртаға сал барыңды — деп, келесі кезеңімізіді бастаймыз.
2 кезең. Білім минуты деп аталады. Бұл кезеңде әр оқушы ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта 5 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
1.Адам денесіндегі буындар саны: 230.2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар10. Арқа омыртқаларының саны: 12
11.Ағзадағы ең үлкен без? (бауыр)
12. Адам денесіндегі бұлшықеттердің саны: 60013. Бүйрекүсті безінен бөлінетін гормон: Адреналин14. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
15.  Адам жүрегінің салмағы: 250 – 300 гр
1.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)
2.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қашан шықты? (1978ж)
3.Жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)
4.Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр сабақ жапырақ)
5.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)
6.Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)
7.Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)
8.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (ұлпа)
9.Күн гүлі деп аталатын өсңмдңк (күнбағыс)
10.Жапырақтар түгел тікенге айналған өсімдік (кактус)
1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым (зоология)
2.Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік (жасыл эвглена)
3. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек4. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы5. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
3 кезең.Терминдер аукционы. Бұл кезеңде оқушылар таңдаған саласы бойынша термин сөздерді айтып шығады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.1. Микробиология 2. Ихтиология 3. Микология1. Бриология2. Гипертология 3. Диетология 1. Орнитология 2. Урология 3. Вирусология 1. Физиология 2. Экология3. Гельминтология
4 кезең.Полиглот
Ойынымыздың 4 кезеңінде оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын үш тілде айту керек. Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ.       
(Су - вода - water )
Отқа жанбас, суға батпас.      
(Мұз – лед – ісе )
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.       
(Сәбіз - морковь - carrots )
Екі ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді.                    
(Көз – глаз – eyes )
Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қапақ киемін.        
( Күнбағыс- подсолнечника - sunflower )
6. Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады.
(Жел – ветер - the wind )
7. Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады.
(Қар- снег- snow )
8. Кезікті бір жануар,  Үстінде екі тауы бар.
(Түйе – вервлюд – camel ) 
9. Қанаты бар ұшпайды,  Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық – рыба - fish ) 
10. Секіреді –  Бала емес.  Сақалы бар –  Шал емес.
(Ешкі- -коз - goats )
5 кезең. Логикалық сұрақтар.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
1.9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады).
3.Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғыментұрса қанша кг?( 3кг)
4.Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)
5.Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? (Адам)
6.Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
7.Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
8.Балықтар неліктен сөйлемейді? (Су жұтып қоймау үшін)
9.Теңіздің суы неліктен тұзды? (Балықтар иістеніп кетпеуі үшін)
10.Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?(Алма ағашында)
6 кезең. «Судың да сұрауы бар»
Бұл кезеңде оқушылар ортаға шығады. Арақашықтықта орналасқан суы бар ыдыстан екінші бос ыдысқа қасықтап су тасу керек. Ыдыстары толғаннан кейін мұғалім қасында тұрған гүлді суару керек. Кім бірінші болып гүлге су құятын болса сол жеңіске жетеді.
Қорытынды. Заман қанша қиын - қыстау болса да,Игі істер болып жатыр қаншама.Үздік биолог танылған,Жүлдегерді танытпасақ бола ма? Сонымен бүгінгі «Көшбасшы - биолог» сайысы өз мәресіне жетті.Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.Қош сау болыңыздар!
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол табылар»
                               Ж.Баласұғын.