4 класс. Кластан тыс іс-шара Е? жо?ар?ы ??ым адам


Сабақтың тақырыбы: Ең жоғарғы ұғым- Адам!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Ең жоғарғы ұғым- Адам» туралы
түсініктерін қалыптастыру
Білімділік: Оқушылардың адам туралы білімдерін кеңейту, тіршілік
иесі- адам екені, адамның қоғамдағы орны туралы білім
беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершіліктің
игі қасиеттеріне баулу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын, байланыстырып
сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілік: интерактивті тақта, адам мүшесі плакат
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім
І.Ұйымдастыру бөлімі
(Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру)
Психологиялық дайындық
М: Балалар, мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін біздер адам тақырыбы туралы әртүрлі мәселелер қозғап, жағдайлармен танысамыз. Ең алдымен танысып өтейік менің аты-жөнім Атлас Қамбарқызы.
-Саламатсыздарма, қыздар! (қыздар шапалақтайды)
- Саламатсыздар ма, ұлдар! (ұлдар шапалақтайды)
Қане, балалар бір-бірімізге келесі сезімдерді берейік:
Бір-бірімізге қарап күлімсірейік
Ыстық сезім (қолмен сипалау)
Алақанмен амандасу
М: Жарайсыңдар, балалар,
Ойын «Мен кіммін?»
М: Мен кіммін? деген сұраққа мен былай жауап берер едім. Мен тұлғамын, мен адаммын, мен мұғаліммін, мен класс жетекшімін т.б осылай жауап берем. Ал сендер қалай жауап бересіндер?
(Жұлдызшалар таратылып беріледі) Мен кіммін?


( шеңбер жасап әр оқушы өз ойын айтады. Жұлдыздың түсі бойынша топқа бөлінеді )
М: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ең жоғарғы ұғым –Адам» деп аталады
Ойға шабу.
М: Балалар, адам туралы не білесіңдер?
О:
Адам кім?
Қоғам мүшесі Жеке тұлға

Тіршілік иесі Табиғат перзенті
М: Адам- жер бетіндегі тірі ағзалардың жоғарғы сатысы, қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мыңнан аса тілде сөйлейді.Адам құқықтары- өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары. 1948жылы БҰҰ Ассамлеясында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген жер бетіндегі адамдардың бостандығы мен құқығы қорғалуы тиіс.
Адамдардың қарым-қатынас аясы кеңейген сайын олардың қызығушылығы да арта түседі, қоғамдық өмірге араласуы тереңдеп , рухани жан дүниесі байи түседі.
Адам мен қоғам өзара байланыста дамиды. Өйткені қоғам әлеуметтік қауымнан, әлеуметтік топтардан құралады. Ал әлеуметтік қауымды, топтарды құрайтын адамдар болып табылады. Қоғамда адамдар жынысына қарай әйел адам және ер адам болып бөлінеді. Олардың қоғамдағы міндеттері қызметтері оларға тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Қоғамда оларға ортақ мақсат – Отанға адал қызмет ету, ұрпақ жалғастыру, адам болып қалу.
М: Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ – қара, ыстық-суық, жаман-жақсы.
1-тапсырма
Ақ түсті қағаздың бетіне адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазамыз
2-тапсырма
Қара түсті қағаздың бетіне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазамыз
3-тапсырма
Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіндегі бес асыл істі, бес дұшпанды сары түсті қағазың бетіне жазамыз
Оқиғалы тапсырма
1-топ «Көлшік пен жаңбыр»
Көлшік мақтанып:
-Қараңдаршы маған, мен қандай үлкенмін .Аспан шайдай ашық, күн сәулесі маған шуағын төгіп, ағаштарым жап-жасыл болып өсіп тұр.
Бір кезде аспан бұлттанып, жаңбыр жауып кетті. Жаңбыр бір күн емес екі, үш күн қатарынан жауып, айналаның бәрі сұрланып кетті.
Көлшік ашуланып:
Сен мені қашанға дейін қинамақсың, жаңбыр. Сенің кесіріңнен мен көріксіз болып кеттім.
Жаңбыр:
Егерде мен болмасам ..........................
(Жалғастыр)
2-топ «Ештеме»
Қалай тұрып жатырсың?
Жай әншейін
Сен не істеп жүрсің?
Мен бе? жай ештеңе
Түріңе не болған?
Не болыпты? Ештеңе !
Өзіңнің жан дүниеңе бір сәт үңіліп қарашы. Ішкі жан дүниеңде не бар екенін білуің керек
Ол қарады. Онда ештеңе жоқ екен.
М: Бұл диалогтың негізгі ойы неде?
3-топ «Таза бұлақ»
Үш жолаушы таза бұлақтың қасында кездесті. Бұлақ тасты жарып ағып жатыр. Айналасы қалың орман. Бұлақтың суы мұздай салқын, шыныдай жарқын және таза.
Бұлақтың қасындағы таста былай деп жазылған.
-Ей, жолаушы, мына бұлақтай таза бол.
М: Бұл мәтіндегі тасқа жазылған сөздің мәнін түсіндір
Адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Адамгершілік дегеніміз –адам бойындағы асыл қасиеттер. Барлық жақсы қасиеттердің қайнар көзі рух. Рух- адамның бойындағы қуат. Рухтың мекені – адамның жүрегі.
Ойын: «Жүрекше» ойыны
М: Барлығымыз қолымызды жүрекке қойып, тыңдайықшы. Ол өмірге толы, қуатты. Олай болса, қазір барлығың жүрекшені алып, оған адам бойындағы асыл қасиеттерді жазамыз.
М: Енді балалар, назар аударыңыздар. Үлкен жүрек бұл – осы сендердің класың. Онда сендердің әрқайсысыңа арналған өз орындарың бар. Барлығыңыз ұжым мүшелерісіңдер. Олай болса, барлығың бір жүректей болыңдар. Демек, асыл қасиетіміз – еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттержоғары тұрса, ол адамның адамгершілігіжоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, кесір мінезден аулақ болуымыз керек.
ІІІ. Қорытынды бөлім
М: Балалар, қазір адамды жақсы қасиеттерімен қызмет ететіндей етіп құрастырайық
Ақыл
сезімтал көрегенді
аузы дуалы, шешен, сөзге шебер
еңбек ету мейірімділікке толы болсын
ала жіпті аттама
М: Жарайсыңдар, балалар жүрегі мейірімге толы нағыз адамды құрастырдық. Барлығымыздың жүрегіміз мейірімге толы нағыз адам болайық.
Қазақ халқы адамның жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтың болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндеген.
Адамның басшысы ---------------------------------ақылы
Жетекшісі-----------------------------------------------талап
Жолаушысы--------------------------------------------ой
Жолдасы------------------------------------------------кәсіп
Қорғаны ------------------------------------------------сабыр
Қорғаушысы ------------------------------------------мінез
Сынаушысы -------------------------------------------халық
М: Осы жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ. Адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар.