Кластан тыс шара


4741545178435Ақтөбе қалалық Ы.Алтынсарин атындығы білім академиясының
базалық мекемесі
№51 гимназия

Қалалық семинар берілетін кластан тыс сабақ жоспары
Тақырыбы:

/Дебат, пікір-талас ойыны/
Класс: 11 – класс
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Куздибаева Г.Ж.
информатика пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы
2013 жыл
4474845-21590Пікір-сайыс тақырыбы: «Әлеуметтік желі» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтік желі туралы білімдерін кеңейту.
Білімділік: Әлеуметтік желі – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, қорытындылау;Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты айта білуге, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауға ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге баулу;Дамытушылық: Оқушыларды өз көзқарасын білдіруге, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі1. Сәлемдесу.2. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру.
Жүргізуші 11 «Ә» класс оқушысы Шанбасова Динара.
17145119380
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар!
Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен  интернет төңірегінде болмақ.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда,жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,Біреу ығым,біреулер шалыс басып.Бұл жарыстан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.Көрермен жиналған бұл семинарға,Құр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді таланттарға дей келе 11- сынып оқушылары арасындағы «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»  атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.Бүгінгі дебатың элементтерін пайдалана отырып пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырып өтейік:
1.Әр топ өздерін таныстырады (1 минут)2.Пікір-таласу (3 минут)3.Екі топ өзара сұрақ алмасады (2 минут)4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары. Жауап беру (2 минут).5. Сарапшыларды тыңдаймыз (3 минут)
6. Қорытынды
Бүгінгі жоспарымыз бойынша көрермендерден 2 информатика пәнінің мұғалімдерін сарапшылар тобына алып отырмыз. Бүгінгі іс-шара өз деңгеінде өту мақсатында гимназистерге бағасын бересіздер.
«Ақиқат» тобының сарапшысы: №2 ОМГ
«Парасат» тобының сарапшысы: №8 ОМ Кужабаева Ботагөз Куантаевна мұғалімдерін ортаға шақырамыз.
Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік.
Таныстыру. Уақыттарыңыз-1- минут
Жақтаушы жақтың спикері:(Ақиқат тобы) – Жәнібек Керімсал

171453175Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын компьютерлік желі интернеттің пайдасы зор. Назарларыңызға рахмет.
Даттаушы жақтың спикері: (Парасат тобы)-  Баекешов Нұрдәулет   
   
-4000560960 Сәлем бердік қауымға! «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Тыңдағандарыңызға рахмет.
Жақтаушы жақтың спикері:(Ақиқат тобы) – Фархад Алмаз
Сәлем бердім карсыластарыма,интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Даттаушы жақтың спикері: (Парасат тобы)-Көшкінбаева Еркеназ
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?Назарларыңызға рахмет.
Жақтаушы жақтың спикері:(Ақиқат тобы) –Танкаева Арайлым
Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интенрнеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Даттаушы жақтың спикері: (Парасат тобы)-Бақытқали Перизат
Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың.Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.Тыңдағандарыңызға рахмет!
Жүргізуші сөзі: 3- бөлімге кезек берсек дейміз. Бұл бөлімде жақтаушы жақ және даттаушы жақ сұрақ-жауаптармен алмасады. Уақыттарыңыз – 2 мин. «Даттаушы» жақ тобының спикері: Баекешов Нұрдәулет сіздің Ақиқат тобының спикерлеріне қоятын сұрағыңыз.
Жүргізуші сөзі: «Жақтаушы» жақ тобының спикері: Жәнібек Керімсал сіздің Парасат тобының спикерлеріне қоятын сұрағыңыз. Уақыттарыңыз – 2 мин.
Жүргізуші: Екі фракция спикерлері  өз ойларын толық жеткізе білді деп  ойлаймын. Енді   ұсыныстарыңыз бар ма? Даттаушы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -2 минут.
Даттаушы   жақ спикерлерің ұсыныстары айтылады.
   
Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?
Жақтаушы жақ уақытыңыз — 2минут. Жақтаушы жақ спикерлердің ұсыныстары айтылады.   
Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Қөрермендердің «Ақиқат» тобы мен «Парасат» тобына сұрақтар қойылады.
Жүргізуші: Сөз кезегі сарапшыларымызға беріледі. Уақыттары-2мин.
Жүргізуші:
Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.
Мағжан Жұмабаевтың   «Мен  жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде  бейнелеген.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дерМен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман  күшті олардаМен жастарға сенемін!
Алаш айбынды  ұраны,
Қасиетті  құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін – дегендей ,ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар –дейміз.