Спортты с?йеміз атты саба?


Сабақтың тақырыбы: «Спортты біз сүеміз»
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Сәнделген зал,секіргіш доптар,үйшік палаткалар,боулинг.
Ұйымдастыру.
Д-н:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағыҚастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағыДенсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жарысымыз 2 командадан тұрады.
1 команда «Жас ұлан»
2 команда «Достық»
1. Таныстыру (әр команда капитаны ұрандарымен таныстыру).
2. «Кім бірінші».
Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз.
Шарты:Самокатпен белгіленген жерге дейін барып келу.
3. «Ат шабыс».
Жүйрік болса кім
Күлімдейді күнЖарыста жүгір, алға ұш – деп.
Шарты:Атпен шауып,жұмсақ модульді айналып келу.
4. «Боулинг».
«Шынықсаң шымыр боларсың,
Айдай өсіп толарсың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың деп,Боулинг ойындарын ойнау.
5. «Кім мерген».
Шарты: Модульдің үстінде тұрған ойыншықты ,доппен ұрып құлату.
Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті.Жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін жинаған жұлдызшаларымызды санаймыз.
Мадақтау.Қорытынды.