С?йекті? к?рылысы мен химиялы? ??рамы (8 сынып)
Пәні:биология
Сыныбы:8 «а»
С/Тақырыбы: Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға тірек-кимыл жүйесінің маңызы мен қызметі,
ерекшеліктері туралы білімді талқылап, қорытындылау; сүйектің құрылысы
мен химиялық кұрамын, олардың жуандауын және өсуін оқып-білу. Ә) Дамытушылық:Теориялық білімді практикамен ұштастыру, оқушылардың
өз бетінше жұмыс жасауына, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,
икемін, білім, білік дағдыларын дамыту. Б)Тәрбиелік міндеті: Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын шынықтыруға,
жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру, салт-дәстүрлерімізді
қадірлеуге тәрбиелеу.Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: өзіндік жұмыс, СТО,СКТ
Пәнаралық байланыс: химия, медицинаСабақ көрнекілігі: Адам қаңқасы плакат
Сабақ құрылымы: I. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмасы1.Адам қаңқасында қанша сүйек бар?А) 200Б) 180В) 204Г) 1952. Бел омыртқа саныА) 7Б) 5В) 12Г) 4-53. Қимылсыз байланысА) жілікБ) омыртқаВ) бас сүйектеріГ) қол сүйектері4. Омыртқа жотасында қанша иілім бар?А) 4Б) 2В) 3Г) 65.Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқаларА) мойынБ)құйымшақВ) бел
Г) сегізкөз
Ә) Сызықтық диктант
Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.1. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. «+»2. Құрсақ қуысындағы мүшелерді- жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. «+»3. Мойын омыртқаның саны – 10 « - »4. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.«+»5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады.«+»6. Ұзын сүйектерге жатады омыртқа сүйегі.« - »7. Сүйектер шеміршек, буындар арқылы байланысады.«+»Б) Берілген сүйектерге “+” белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар
Р/с Сүйектер Бас сүйек Қол қаңқасы Аяқ қаңқасы
1 Бұғана 2 Шыбық(садақ)сүйек + +
3 Шүйде сүйегі + 4 Ортан жілік +
5 Шынтақ сүйек + 6 Ми сауыты + 7 Жауырын + 8 Асықты жілік +
9 Тоқпан жілік + 10 Толарсақ сүйектері +
11 Білезік сүйектері + 12 Жамбас сүйектері +
13 Башпай сүйектері +
14 Саусақ сүйектері + III. Жаңа сабақ Жаңа материалды оқып-білу. (Оқулықпен жұмыс)Оқушыларды екі топқа бөліп, оқулық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.(дәптерге тірек сызбалар құрастыру)І топ. «Сүйектің құрылысы». сыртқы тығыз және ішкі кемік заттары, сүйек қабығы.
Сүйек құрылысы Тығыз ұлпа Борпылдақ ұлпа Сүйек қабы Шеміршекті қабаты Жуандап өсуі Ұзарып өсуі
ІІ топ. «Сүйектің құрамы» Сүйектің құрамы:
30%органикалық және 60% минералды заттар, 10% судан тұрады;
Органикалық заттарын коллаген нәруызы, көмірсулар, лимон қышқылы құрайды;
Бейорганикалық заттарды-кальций тұздары, фосфор, магний және көптеген микроэлементтер құрайды;
Егер сүйекті ұзақ уақыт қыздырсақ, су буланып, органикалық заттар жанады. Ал баяу қыздырса, сүйек өз пішінін сақтап, морт болып, майда бөлікке үгіледі.
Егер сүйекті тұз қышқылының 10%-дық ерітіндісіне салсақ, кальций тұздары ериді де, сүйек шиыршықтауға, түйіндеуге келетіндей иілгіш болады.
Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек.Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді.Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді.Қалқанша безінің қасындағы гормоны сүйектің құрамын реттейді.Қалқанша безінің жұмысы күшейгенде сүйектегі минералды заттар(кальций, карбонаты мен фосфаты)нәжіс пен несеп арқылы шығып кетеді.Ал қалқанша безінің жұмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі мен дамуы тежеледі.Қаңқаға салмақ түссе сүйек қалпын өзгертеді.Балерина аяғының ұшын тірек ететіндіктен, башпайының ұшы жуандап салмағы жеңілдейді.Дене шынықтырумен айналысу жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қаңқаның жетіліп, нығаюына мүмкіндік береді.
ІҮ. Бекіту
№ 5 зертханалық жұмысты орындау
Ү. Үйге тапсырма беру
§22 оқу, деңгейлік тапсырмамен жұмыс
ҮІ. Бағалау