Урок на тему Кыстын асем келбети
1203960180340
Мухамеджанова Дамагай Серікқызы
Ақмола облысы Целиноград ауданы
№ 3 Талапкер орта мектебінің
Мектепалды даярлық мұғалімі
Тақырыбы: «Қыcтың әсем келбеті» Мақсаты:Балалар қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін ормандағы аңдарды көрсету арқылы олардың ой-қиялдарын дамыту, табиғатқа деген қызығушылығымен қатар қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеуКөрнекіліктер: Қыс туралы газеттер, қар, суреттер.Барысы: Сәлеметсіздерме, құрметті ата- аналар, ұстаздар. Біздің «Қыстың әсем келбеті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдініздер!Мұғалім: Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.Шанамен зырғып жүретін Коньки , шаңғы тебетін,
Ақалла жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсындар балалар?!
Балалар: Қыс мезгілі.Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, ал қыс мезгілінің қандай құбылыстары бар?Балалар: Қар жауады, аяз тұрады, боран болады.Мұғалім: Жарайсыңдар балалар ! Енді қыс мезгілілнің айларын айтайықшы Қыс мезгілі неше айдан тұрады екен балалар?Балаллар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.Мұғалім:1 Желтоқсан – жылдың аяғы, болғанымен, қыстың басы суық ызғарлы.2 Қаңтар айы – жыл басы, қыстың ортасы, қатты аяз және қатты дүлей бран тұратын айлардың бірі.3 Ал Ақпан айы – жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боран болады.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?Кане, іс- қимылмен корсетиікші.Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап, мойнымызға шарф киеміз.Мұғалім: Дұрыс балалар Енді қыс туралы тақпақтарымызды айтайық.
Балалар: 1 Алдияр Ауыл алды ала қар, Қызықтар көп не түрлі. Ақ дәптерді парақтап, Қыс отырған секілді.
2 Сабина Жапалақтап ала қар. Жауды күнде қайталап. Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап.
3АлиҚуаныштың бүгінгі,Басылмайды ыстығы.Жылдамырақ жүреді,Үйретеді қыс күні.4 КалиманҚандай қызық қыс дегенБәрін шебер істегенБақша- бауды, тауды дща,Бояпты ол ақ түспенен. 5 КәусәрҚыс келді, қыс келдіАуыл алды ақша қарАқша қарда балалар, Соғып жатыр аққала
6 Шапағат Ақ мамық ұлпа қар. Жапалақтап қар жауды. Шымшып Аяз бетінңді, Ширатады етінді.
7 Мұрагер Аппақ көше қар дала, Аппақ ой мен қыраттар. Ақ шатырлы қар қала, Ақ жамылып тұр бақтар.8 Жанұзақ Қонақтайды бақтарға, Ақ ұлпалар, ұлпалар. Аунап таза, ақ қарға, Балалар жүр шаттана.
9 Сабина Келді дағы қыс, Дала аппақ түс. Қос аяқты шаңғымыз, Дөңге шықтық бәріміз.
Жұмбақ жасыру: Қолы жоқ сурет салады, Тісі эжоқ тістеп алады ол не: (Аяз)Балалар. Аяз
Мұғалім: Өте дұрыс Бес ін, бес іннің,Аузы бір ін. (Қолғап)
Мұғалім: Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Аузы жоқ ұлиды. (боран)
Мұғалім: Өте жақсы. Енді: «Қыс қызығы»әні айтылады.Мұғалім: Тағы да қыс мезгіліне байланысты тақпақ айтайық.Балалар:10Арнұр Жұлдыз болып ағамыз, Ақ мамықтын үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден.11ИсламЖүріңдер балалар, Сырғанақ тебеміз. Құрышпай, құрыстай, Шынықсын денеміз.
12 ЕлханДалада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады, Жып жылтыр боп жатады.
13СұңқарҚыс келді міне далаға, Айнала ақ боран. Ақ мамыққа орлған, Жапалақтап қар жауған.
14ЛяззатАлақай – ау қыс келді, Қар атысып ойнастық. Сырғанайды балалар, Жүгіріп біз алыстық 15АружанҚыс келді жапалақтап, Ұлпалап қар жауады. Қыс қызығы келді деп, Шаттанады балалар.16СамалЖапалақтап қар жауады, Ауыл алды аппақ қпр. Терезелер қыраулап, Аяз келді сурет салып оюлап.
18 Айзада Қыс келді, қыс борандыҚырат көрпе оранды.Қыс келді, қыс мықты анық.Қатседе де біз ықталдық.19Анель Бір топ бала сырғанап. Барады әне жарысып Қалды артта қыр алып, Іздерінен қар ұшып.Мұғалім: Балалр сонымен қандай мезгіл? Енді қазір мына екі балаға ат кояйықшы, осы балаларды қыс мезгіліне сай киіндіреміз.Балалар: Іс- әрекет. (Екі баланы киіндіреді)
Мұғалім: Кәне балалар тағыда тапақтарымызды айтайық
19Нұрсұлтан
Сырғанаққа мығымбыз,Шыныққанбыз, шымырмыз.Таудан төмен сырғанап,Біз тебеміз сырғанақ.
20СанжарҚуаныштың бүгінгіБасылмайды ыстығыЖылдамырақ джүреді,Үйретеді қысты күні.21 ДанаҚыс келді, қыс келдіАуыл алды ақша қар.Ақшақарда балалар,Соғып жатыр балалар.22 ДиляраАқ қар жапты даланы.Ақ жамылды айнала.Қыста келді далаға.Біз ойнаймыз айнала.
Мұғалім: Жақсы ендеше балалар сендермен бірге сергіту сәтін өткізейікші.
Балалар: Іс – қимылмен сергіту сәттерін өткізеді.
Ойын:Шаттық шеңбері балалар бір-бірлеріне қар ұлпаларың бере отыра жақсы тілектерің жолдайды.
Қорытындылау: Құрметті қонақтар, ата- аналар бүгінгі «Қыстың әсем келбеті»атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар салғандарыңызға рахмет сіздерге!