Планирование урока по казахскому языку Шо?ан Уалиханов
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Мақсаты:
Білімдік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушыларды тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф-тарихшы Ш. Уәлихановтың өмірі және шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру.
Оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін іс жүзінде пайдалана білу дағдылары мен біліктіліктерін дамыту.
Қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, оқушыларды Отанына келешекте адал қызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды бекіту сабағы.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі: Ш. Уәлиханов туралы ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі: Өз сөзімен Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі: Тақырып аясында сыныптастарымен ұлы ғалым жайлы сұхбаттасады.
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, плакат, маркерлер, стикерлер, тақырыпқа қатысты суреттер.
Оқыту әдістері: «Жүректен жүрекке» тренингі, әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ПОПС формуласы, «Дұрыс-бұрыс», «Жалпы сұрақ» әдісі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Этнография, География, Орыс тілі, Ағылшын тілі.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материал, ғаламтор көздері, Ш. Уәлихановтың еңбектері.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық жағдай туғызу «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу. Оқушыларға жүрекше парақтар таратылады. Параққа сыныптастарының есімін жазып бір біріне тілектер айтады.
Оқушыларды топқа бөлу Топқа бөлініп отыру үшін әртүрлі суреттер дайындалады. Топ басшысына сабақ барысында топтағы оқушылардың жауабын белгілеп отыру үшін бағалау парағын береді, сабақ соңында бағалау парақтарын жинап алып, жалпы қорытындасын шығарады. Сынып оқушылары Кітап, қауырсын қалам, жер шары суреттерін таңдау арқылы 3 топқа бөлініп отырады. Әр топта топ басшысы сайланады. Топ басшысы бағалау парағына сабақ барысында топтағы оқушылардың жауабын белгілеп отырады.
Өткен тақырыпты қайталау Қайталау сұрақтары -Шоқан Уәлиханов кім?
-Шоқан Уәлихановтың қандай еңбектерін білесіңдер?
-Шоқан Уәлихановтың атында қандай қоғамдық – мәдени орындар бар? – деген сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылықты ояту Үй жұмысын тексеру «Шоқан – этнограф-ғалым»
«Ш. Уәлихановтың мұражайы» тақырыптарында дайындап келген презентация, бейне материалдарын көрсетіп, түсіндіреді.
Мағынаны тану Айтылым. «Дұрыс-бұрыс». Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. ПОПС формуласымен жұмыс істеу ұсынылады.
«Дидактикалық материалдар» кітабында берілген «Суретші» мәтіні бойынша ПОПС формуласын толтырады.
Ойтолғаныс Жазылым. Айтылым.
Оқушыларға өткен материалдарды тұжырымдай, қорытындылай келе Ш.Ш. Уәлиханов туралы журнал шығарудың үлгісін көрсету ұсынылады. Әр топ журналдың 1 бетін толтырады. Журнал үш тілде шығады. 1-топ Қазақ тілінде, 2-топ ағылшын тілінде, 3-топ орыс тілінде толтырады. Әр топ орындаған тапсырмаларын түсіндіріп, қорғайды. Ағылшын тілінде орындалған тапсырманы тексеріп, бағалау үшін ағылшын пәні мұғалімі Кибатбаева Марина Владимировна сарапшы/ эксперт/ ретінде шақырылды. I топ. Журналдың мұқабасы мен 1-бетін шығарады. (Қазақ тілінде). Тақырыбы: Шоқанның балалық шағы
Шоқанның ауыл мектебінен білім алуы;
Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болуы;
Қазақ халқының аңыздары мен хикаяларына қызығуы.
II топ. Журналжың 2-бетін шығарады. (Ағылшын тілінде)
Тақырыбы: Кадет корпусында оқуы және Ғылыми экспедициялары
Шоқанның мұғалімдері;
Шоқанның достары;
Шоқанның ғылымға деген қызығушылығы.
Семей, Аягөз экспедициясы;
Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу сапары;
Ыстықкөл экспедициясы;
Қашқария экспедициясы.
III топ. Журналдың 3-бетін шығарады. (Орыс тілінде) Тақырыбы: Петербургтегі өмірі және туған елге оралуы
Орыстың революционер-демократтары;
Орыс географиялық қоғамында.
Денсаулығының төмендеуі;
Өз халқы үшін жасаған еңбегінің маңыздылығы
Қорытындылау Айтылым.
«Жалпы сұрақ» әдісі бойынша тақырыпты жинақтап, сұрақтар қойып, оған жауап алу -Шоқанның өміріне қатысты қандай мәліметтер есіңде қалды?
-Шоқанның өз халқы үшін жасаған еңбегі қалай бағаланды?
-деген сұрақтарға жауап береді
Бағалау Мұғалім парақтарды жинап алып, қорытынды бағасын шығарады. Сабақтың басында таратып берген бағалау парағына топтық жұмыстарда жақсы жауап беріп отырған оқушыларды топ басшылары белгілеп отырды.
Үй тапсырмасы 11-тапсырма. «Шоқан – суретші» тақырыбында шағын эссе жазу «Шоқан - суретші» тақырыбында шағын эссе жазады.
Рефлексия «Табыс баспалдағы» атты рефлексия жүргізіліп, оқушылардың тақырыпты түсінген түсінбегенін анықтайды Стикер жапсыру арқылы тақырыпты түсінген, түсінбегені жайлы мағлұмат береді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
-Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер.
-Шоқандай шоқтығы биік, нар тұлғалы азамат болу әрқайсыңның қолыңнан келетін іс. Шоқанның көрегендігі сол, сонау 19 ғасырдың өзінде көп тіл білу, білімнің шаңына апаратын жол екенін білген. Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Тұғырлы үш тіл туралы айтқан, айтыа келеді, әлі де айта бермек. Қаазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз деп қана қоймай, тек орыс тілінде сөйлеумен шектелмей, үш тілді қатар алып жүрсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Астана қаласының №31 мектеп-гимназиясы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ :
«ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ»
Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11 – сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу -әдістемелік
кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы»
республикалық семинар
Сыныбы : 10 «Б»
Даутбаева Р.А.біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі