Білім сапасын арттыруда м??алімні? к?сіби ??зіреттілігін жетілдіру


БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Тулембаева Л., Тилеуова А.
математика пәні мұғалімдері
Тараз қаласы әкімдігінің кешкі орта мектебі КММ
Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиясында болашақ қоғам мүшелері – жастар туралы айта келіп, “Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады” дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының осы сөздері бүгінгі әлемдік ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың қандай дайындықпен бару керектігін айтады.
Бүгінгі заманғы қоғамда адамнан тек кәсіби білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын, қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді.
Осындай талаптарды кәсіби тұрғыда мамандарға акмеология қояды. Ол ересек адамның жекелік дамуының толық болуын, оның азамат, маман ретінде барынша жоғары деңгейге жетуінің жолдарын зерттейді. Акмеологиялық әдіс-тәсілдер мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдар өз жұмыстарын арнады. Осы бағыттағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында кәсібилікке қол жеткізу, мұғалімдердіңшығармашылық әрекетінің дамуы, оқытушының іс-әрекеті, бейімдеу мектебінің мұғалімдері, білім берудің жаңа сапасы, мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту сияқты негізгі мәселелер анықталған.
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуын анықтауда А.К.Макарованың «кәсіби құзіреттілік – бұл педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізген еңбегі» - деген пікіріне сүйенуге болады. Мектепте оқу пәні мұғалімінің педагогикалық кәсіби біліктілігін көтеруі тек кәсіптік құзіреттілікті арттырудың шарты болып қана қоймай, ол сонымен бірге өзін-өзі жетілдірудің алғы шарты болуы қажет.
Ғалым, академик Ш.А.Амонашвили мұғалімнің кәсіби қызметі мен рөліне ерекше назар аударған. «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген» - деп айтқан болатын.
«Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды» - мамандық деп мұғалім мамандығының тұғырын биіктете көрсеткен.
Бұл жөнінде сондай-ақ ғалым, академик Д.С.Лихачев «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», - деп есептейді.
Мұғалім мамандығының тұлғалық сапасы оның кәсібилігінен алшақтанбайды. Кәсіби дайындық процесінде білім, дағды, ойлау қабілеті, іс-әрекет әдістерін арнайы алумен байланысты жүре пайда болған құзіреттіліктерді де есепке алады. Оның ішінде: пәнді оқыту, пәнді оқыту әдістемесі, психологиялық дайындық, кең көлемді мәдени таным, педагогикалық шеберлікті меңгеру, педагогикалық еңбек технологиялары, ұйымдастырушылық іскерлік пен дағдыларды, педагогикалық такт, педагогикалық техниканы игеру, қарым-қатынас технологиясын, шешендік өнер және басқа да қасиеттерді меңгеру керек.
Өзінің кәсіби еңбегіне деген сүйіспеншілік сапасын меңгеруде мұғалім келесідей ұстанымдарды басшылыққа алуы керек.
өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;
педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;
кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;
балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;
психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.
.«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші – өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
– барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді арласуға мүмкіндік жасау;
– әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін
ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;
– үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;
– терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
– өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
– оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін
қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;
– пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу.Бұл тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттердің аудиториясында  ғана орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді [1, 63-64бб.]. Бұдан жасайтын қорытынды  жоғары оқу орындарында интербелсенді оқу /оқыту білім игеру процесін ұйымдастыруда студенттердің барлығын дәріс, семинар және өзіндік жұмыс сабақтарында бірлескен таным процесіне белсенді араласуға,жеке студенттің өзінің үйренгені мен білімін ортаға салып талқылау,өз ойларын талдауға,пікірталас, өз пікірін дәлелдеу және т.б.  негізде ұйымдастыруға болады.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы  интербелсенді дәріс, семинар сабақтарында студенттердің белседілігін арттыру тиімді екендігі бәрімізге белгілі.
Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы барысында ұстаздардың рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндік туды, ұстаз тек қана білімді алып, жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі.
Интерактивті әдістерге: топпен жұмыс,пікір–таластар,проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі,кейс – стадийлер, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады.[2, 12-15бб.].
Көрсетілген интербелсенді әдістерді қолдану арқылы- жоғарғы оқу орындарындағыдәріс,семинар(практикалық),студенттіңөзіндікжұмыстар (СӨЖ)сабағын жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, ғылымитеориялық,педагогикалықжәне психологиялық зерттеулерге сүйене отырып,студенттерді елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Осындай педагогикалық қабілеттіліктер әр педагогтың тұлғалық әлеуеті мен мүмкіндіктеріне сай қалыптасып, кәсіптік іс-әрекет барысында өзін-өзі жетілдіру жолдарын анықтайды. Сондықтан әр мұғалімнің бейімі мен икеміне қарай қалыптасатын педагогикалық қабілеттіліктерді философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік аспектілер тұрғысынан қарастыру мұғалім бойында қалыптасатын кәсіби құзіреттіліктерді жетілдіруге ықпал етеді.
Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үдерісінің ақырғы нәтижесі мұғалімнің кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. [3, 56-58бб.].
Әрбір педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.
Сондықтан мұғалімге басты екі қасиет қажет: қарапайымдылық, өз кемшіліктерін ұғыну үшін, және де кемелденуге деген тілек.
Қазіргі күні мұғалімнің жоғары тұлғалық беделін – оқыту және тәрбие нәтижесінде өзінің елінің тағдырын, өзінің әр бір тәрбиеленушісінің тағдырын жауапкершілікпен түсінетін бірден-бір маңызды тұлға деп есептейміз.
Жаһандық білім беруде мұғалім тұлғасы – бұл әлемдік тәжірибені құраушы және мәдениетті таратушы тұлға. Әлемдік стандарт бойынша заманауи ұстаз – бұл жекелеген шығармашылық, шынайы проблемалы-педагогикалық және сыни ойлауды меңгерген, рефлексия және мақсатқа бағытталған диагностикалық негізде нақты педагогикалық жағдайлардағы оқытудың жаңа технологиялары мен әлемдік озық тәжірибелерді жүзеге асыратын көпвариантты бағдарламаларды құрушы. [4, 25бб.].