Музыка п?нінен презентация та?ырыбы: «Бастауыш мектептердегі музыкалы? саба?ын о?ытуды? ерекшеліктері»
Академик Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі Музыка пәнінің мұғалімі : Нурсултан Гулия
Аты-жөні: Нурсултан Гулия; Туған жылы: 1970 жылы, 16 қазан; Білімі: Арнайы орта МНР 1991 жылы бітірген; 2014 жылы КарМУ бітірдім; Мамандығы : Музыка пәнінің мұғалімі; Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл, педагогикалық өтілі – 22 жыл. Соңғы рет біліктілігін арттыру курсын 2008 жылы ИПК-да өтті. Өз білімін жетілдіру тақырыбы: “Музыка сабақтарында оқушылардың шығармашылық ой өрісін және жеке қабілеттілігін, сауаттылығын арттыру”. Өз білімін жетілдіру тақырыбының мақсаты: Халық музыкасын қабылдай алатын, музыкалық сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Санаты: Екінші категория
Тақырыбы: «Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқытудың ерекшеліктері»
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу. Тәрбиелік және білімдік міндеттері:1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру. Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына шоғырланады «Ән-күй – халық қазнасы». Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:Сырлы да сазды әуенКүмбірлеген күміс күйӘн мен күй халық үніАңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күйЭпос сарыныАқылың болса, жыр тыңдаАйтыс өнеріКүй тартысҚос арнаХалық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп балаларыЗерттеу пәні. Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқыту арқылы мәдени білім беру, ұйымдастырушылық – шығармашылық, басқару, жобалау, технологиялық тапсырмаларды, міндеттерді шешуде қолдану. Зерттеу әдістері. Арнайы әдебиеттерді теореиялық тұрғыдан талдау (анализдеу) арқылы; мәдени – тынығу мекемесінің тәжірибесін зерттеу арқылы. Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу. Сабақтың арқауы: оқушылар - ұстаз – музыка. Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесінтолықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылықдәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді,нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардыңқызу араласуы негізінде жүргізу.Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар түсінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытыпотыру. Мұндағы негізгі мақсаттар:Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейінбайқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан-жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың дамудәрежесін білу.Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістердібайқау. 2 тарау. Жалпы білім беретін бастауыш мектебінің музыка пәніне арналған бағдарламаларға түсініктеме2.1 «музыка бағдарламасы. 1-4 сыныптар» - музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту. - музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі - Музыкалық сауаттылық – ритм, размер, ноталар, ұзақтығы, такт, кілттер. Білемін Білгім келеді Білдім Назарларыңызға рахмет.