Коучинг : А?паратты?-коммуникациялы? технологияны ?олдануды? о?тайлы жолдары.


Коучинг тақырыбы Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың оңтайлы жолдары.
Жалпы мақсаты Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы түсінік беру, іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау негізінде түрлі амал-тәсілдерді пайдалануды үйрету.
Күтілетін
Нәтиже Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күрделенірек пайдалана алады, іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді; Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау барысында түрлі амал-тәсілдерді пайдаланады.
Негізгі түйін Коучингте мұғалімдердің бірлескен жұмысы. АКТ-ны қолданудың оңтайлы жолдарын пайдалану және нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығущылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Дерек көздер Презентация, бейнежазба , Тренинг,Слайд шоу
Сабақта
қолданылатын материалдар Стикерлер, тапсырмаларды орындайтын қағаздар, фломастер-маркерлер, ноутбук, интерактивті тақта, флипчарт, кері байланыс плакат.
Коучинг сабақты өткізу кезеңдері
уақыты коучтын іс-әрекеті Мұғалімдердің
іс-әрекеті
Ұйымдастыру 2 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптасыру. «Сағаттағы достар» тренинг
Қолмен амандасу
Арқасынан қағу
Күлімсіреу
Қол бұлғау
Шынтақ түйістіру
Үндіше сәлемдесу
Тілек тілеу
Ауадан сүйіспеншілік жіберу
Массаж жасау
Арқасын сүрту
Шапалақтау
Екі қолдан ұстап айналу
Мұғалімдер 12 сағат бойына жоспар жасап, оны іске асырады
Топқа бөлу 3 минут Топқа бөлу:
Пазл бойынша топқа бөлу,белгілі бір АКТ-ның түріне сипаттама береді.
І-топ: артықшылығын айтады.
ІІ-топ: кемшілігін айтады.
Бейнежазба көру1 минут «Болашақ технология»
Бейнежазбаны көреді
Слайд жасау 10 минут «Қазіргі заман АКТ-ның ролі»
Гиперссылка арқылы слайд жасау
І-топ: Білім беруде АКТ-ны қолдану
(пайдасы мен зияны)
ІІ-топ: Пән мұғалімдерінің АКТ-ны пайдаланудағы проблемалары және оны шешу жолдары. Ноутбукке бір бетке гиперссылка жасау арқылы слайд қорғайды.
Бағалау 1 минут Стаканға құйылған су мөлшері арқылы бағалау:
Толы стакан-өте жақсы
Орташа сакан-жақсы
Аздау стакан-орта Екі топ бірін-бірі стакандағы құйылған су арқылы бағалайды. Себебін түсіндіреді.
Кері байланыс 3 минут «Бес саусак»
Бас бармақ: Не ұнады?
Балан үйрек: Жаңа не білдім?
Ортан терек: Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыр шүмек: Өз қоржыныма не саламын?
Кішкентай бөбек: Не білгім келеді?