Семинар на тему ?аза? тілі саба?ында а?паратты технологияны ?олдану
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДААҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:«Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бірақиқат бар. Ол – қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды», - деген сөзі қазақтілінің дамуына жаңа серпін беріп отыр.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” 2011 жылғы ҚР БҒМ «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» әзірлеген «ҚазақстанРеспубликасы мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралыережеде» былай делінген:«Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың негізгіміндеттері:- жаппай сапалы білім беруге бағытталған озық білімдік ресурстар ментехнологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруынқамтамасыз ету;- толық бағалы білімдік кеңістікті құру және әрбір мектеп оқушысының жекедара дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;- жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білімдік процестітехнологияландыру;- жалпы орта білім
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Қазақ тілін мектепте оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыкүнделікті құрал ретінде пайдалануға көшудің уақыты туды, тіпті өтіп те бара жатыр.Балалардың өресі жетпейтін емес, телеарналардың түрі, радиотолқындардың саны,компьютер, телефон, смартфон, айфон сияқты заманауи құралдардың мүмкіндігідегеннің құлағында ойнап отыр. Осының барлығын, қалай болғанда да, қазақ тіліндамытуға, қазақ тілін оқытуға тығыз байланысты етуіміз керек.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Компьютерлік немесе жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім алушыларға білім мазмұнын компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып даярлау және жеткізу жолдары. Компьютерлік технологиямен жүргізілетін сабақтар үш нұсқада жүзеге асырылады:1-нұсқа. Бұл компьютердің «сабақ тақырыбының ішкі мазмұнын тереңдететанытуға арналған мүмкіндіктерін қолдану».2-нұсқа. Компьютердің белгілі бір мүмкіндігін ерекше үлкейте отырып пайдалану.3-нұсқа. Компьютер – «монотехнология» ретінде пайдаланылады. Бұл кезде сабақтың барлық элементтері компьютермен, оның түрлі мүмкіндіктерімен байланыстыболады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Бастауыш сыныптар үшін авторлар – педагогика ғылымдарының докторыН.Ж. Құрман және педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А. Тойбазарова әзірлеген«Мерей» оқу-әдістемелік кешенінің құрамындағы электрондық оқу құралының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері негізінде қарастырайық.«Мерей» электрондық оқу құралының сыртқы таныстырылым құраушысында осы құралдағы курстың негізгі мазмұны көрсетілген.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Мұнда Астана қаласының көрікті тұсындағы Есіл өзенінде жүзіп жүрген тоғызжалау қайықтары – «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Есімдік», «Етістік», «Үстеу»,«Шылау», «Еліктеу сөздер», «Одағай» сөз таптары көрінеді. Олар музыка ырғағыменайнала дөңгелеп билеп жүреді.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Оқушы курсормен біреуін дөп басып тоқтатады. Сол кезде қайық тоқтап, ар жағынан келесі парақ ашылады. Ол парақта оқушының аты-жөні және нөмірі қойылуы тиіс.Соларды толтырған соң, парақ әрі қарай ашылып, оқушы таңдаған «Зат есім»парағы көрсетіледі. Мұнда 1-кезең көрсетілген. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше тапсырма бар.Оны оқушы «келесі» деп жазылған жазуды түртіп әрі қарай аша береді. Әрбір орындалған тапсырма бойынша ұпай қойылады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Төменде 2-кезең көрсетілген. Онда интерактив жазылым тапсырмаларыорындатылады. Әрбір сөзді жазып, оған лайық қосымшаны дұрыс орнына жазған кезде,бала да қуанып, «Алақай, дұрыс!» деп дыбыс қатады. Ал таблода ҰПАЙ пайда болады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Келесі кезеңде төмендегі ойын-жаттығулар беріледі. Аспанға ұшып бара жатқаншарлардың ішінде берілген тапсырмаға орай «Зат есімдерді тауып, шарды түртіп қалукерек». Дұрыс тапқан кезде шар жарылып, ішінен «Дұрыс!» деген жауап шығады, солжақта тұрған бала да «Алақай, дұрыс!» деп айқайлап жібереді, ал оң жақтағы таблодабірден ҰПАЙ пайда болады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”Төмендегі көрсетілген кезең «Рефлексиялық-бағалау кезеңі» деп аталады. Мұнда тесті түріндегі сұрақтар мен тест-тапсырмалар аралас беріледі, сөйтіп тақырып бойынша берілген білім мазмұнын оқушының қалай меңгергені тексеріліп, бағаланады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Электрондық оқулық, оқу құралдарымен сабақ өткізу технологиясының бірнешенұсқаларын көрсетуге болады.1. Бірінші нұсқа. Электрондық оқу құралы жаңа сабақты түсіндіруде жәнебекітуде қолданылады. Компьютермен жұмыс істеуге оқушыларға 20 минут беріледі.Өткенді қайталау дәстүрлі әдістермен жүргізіліп, жаңа сабақты түсіндіру алдындаоқушылар компьютерді іске қосады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”Электрондық оқу құралындағы керекті тақырып пен керекті іс-әрекет, тапсырматүрлері бойынша жұмыс жасайды.Тәжірибеде қолданылып жүрген бағдарлама бойынша қарастырайық. Желтоқсан айының 1-де тойланатын Тұңғыш Президент күніне орай тақырып «Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» деп аталатын болса, онда оқушы электрондық оқу құралы бойынша лексикалық қормен танысады, сөздік жұмысын орындайды, тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім тапсырмаларын түгел осыэлектрондық оқу құралымен орындайды.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”2. Екінші нұсқа бойынша, электрондық оқу құралы сабақты бекіту кезеңіндеқолданылады. Бұл деңгейде жаңа сабақ әдеттегідей әдістермен түсіндіріледі де, ал бекітукезеңінде 7-8 минут электрондық оқу құралымен жұмыс істеледі. Мысалы, тақырып«Менің Отаным – Қазақстан Республикасы» болса, мұғалім оқушыларға электрондықоқу құралындағы көрсетілген тыңдалым, оқылым, жазылым, сұхбат, тестілеу, ойынжаттығуларының бір-екеуін орындауды тапсырады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” сайыс сабақ
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”3. Үшінші нұсқа бойынша, аралас сабақта электрондық оқу құралының көмегіменжаңа сабақты қорыту және бекіту жұмыстары жүргізіледі. Оған 15 минут беріледі.Мұндай сабақта өткен материалдардың көпшілігін бірден қайталау қажеттілігі туындағанкезде электрондық оқу құралы өте тиімді болады. Мысалы, төменде көрсетілгендей,жазылым бойынша 1, 2, 3, 4-тапсырмаларды орындауды тапсыруға болады.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”4. Төртінші нұсқада кейбір тақырыптарды бірден оқушылардың өз бетіменэлектрондық оқу құралынан танысып бастағаны дұрыс болады. Мұндай сабақтардамұғалім сабақтың басынан-ақ компьютерді іске қосып, электрондық оқу құралының керекті тақырыбы мен тұстарын ашып дайындап қояды. Балаларға «АСТАНА– Қазақстанның алтын тұғыры» тақырыбымен және оны иллюстрациялық материалдарымен танысуды тапсырады. Оған 5 минуттай уақыт беріледі.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” сайыс сабақ
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Одан соң мұғалім дәстүрлі әдістерімен жаңа сабақ бойынша бірнеше жұмыстүрлерін орындатып болған соң, сабақтың қорытындысы алдында 10 минуттай тағы да электрондық оқу құралымен жұмыс істетеді.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі”«Сөз мағыналарымен» танысады.
Тыңдалым тапсырмаларын орындайды.
Сөйлесім тапсырмаларын орындайды.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” 5. Бесінші нұсқада электрондық оқу құралы оқушылардың білімін тексеру менбақылау, бағалау кезеңінде қолданыла алады. Бұл жерде электрондық оқу құралымониторинг қызметін атқара алады. Оны мұғалім де, мектептің басшылары да қарап,таныса алады. Әзірленген «қазақ тілінен электрондық тестілеу» жүйесіне кіру үшіноқушы алдымен деңгейін анықтайды да, сонан кейін аты-жөнін жазып, тіркеледі.
Электрондық тестілеудегі «жазылым» субтестілерін орындайды.
Одан кейін «Лексика-грамматикалық» субтестілерін орындайды
Одан кейін «Оқылым» субтестілерін орындайды.
Содан соң «Тыңдалым» субтестілерін орындайды.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Барлық орындалған тестілердің ортақ балдары анықталған соң, мұғалім оныпараққа басып шығарып береді.
“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” Назарларыңызға рахмет