?аза? тілі саба?ында а?паратты? технологияны ?олдану
Қазіргі кезде білім беру жүйесіне ақпараттық технологияларды қолдану ауадай қажеттігі туды. Оқушыларды компьютердің көмегімен оқыту - қазіргі заман талабы болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқитын балаларды компьютермен таңдандыра алмайсың. Негізгі мәселелердің бірі - қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі - олар оқушылардың есту қабілетін, көру қабілетін, таза, кідіріссіз сөйлеу және түрлі ойындар ойнау , сол сияқты әртүрлі жанрда суреттер салуына септігін тигізеді. Компьютермен оқыту - оқушылардың өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуіне жағдай жасайды.