Урок по ?дебиеттік о?у на тему Білім де?гейін аны?тау 2 класс


Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«№20 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Надияның қысқа мерзімді жоспары
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Білім деңгейін анықтау
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, қима карточкалар
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, өзіндік
Күтілетін нәтиже: Берілген тақырыпты талдайды, қорытады, керегін алады.
Сабақтың барысы:
№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
1. Ұйымдастыру 1.Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар күлейікКүлкіменен түлейік.Қабақ түйген не керек?Көңілді боп жүрейік. Хормен айтады. Жауап айту. 1 минут
2 Өткен сабақтан алған білімін тексеру Біз сендермен өтілген тақырыптарды ойын арқылы пысықтаймыз
-«Кім жылдам?»ойыны алма ағашындағы алманы кім себетке жинап болады, сол топ жеңіске жетеді.
Сөйлемнің сөздегі байланысын қалай анықтаймыз?
Қаз қайда мекен етеді?
Жұмыртқасын қайда салады?
Қарлығаш қандай құс?
Ол қайда мекендейді? Жеке-жеке тұрып жауап бергізу.
3 минут
4 Мақсат қою кезеңі - Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, тапсырмаларды сауатты орындау. 1 минут
Негізгі кезең
№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
5
Жаңа сабақ материалы
(оқулықпен жұмыс)
«Кім жылдам?» ойыны
Заттың атын білдіретін сөздерді ойлап, сол сөзге сөйлем құра?
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Өнерлі жігітке кім білім үйреткен?
Үш би деп кімді айтамыз?
Махамбеттің қандай тапқырлығын аңғардың?
Мереке күндерді ата? 1. Жеке-жеке айту. 15 минут
5
Сергіту сәті Ал балалар тұрмайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бр тұрып Біз тынығып алайық.
2 минут
6 Дәптермен жұмыс
1.Заттың санын және сынын білдіретін сөздерден сөйлем құрап жаз.
Құраған сөйлемдеріңнен заттың атын білдіретін сөздердің астын сыз.
2. Қолдарын сергіту.
1.Берілгенді жазу.
2. «Саусағым» хормен қолдарын сергіту
13 минут
7 Жаңа сабақты бекіту PIZA бағдарламасы бойынша түсінгендерін ия немесе жоқ деп белгіленген орынға + , - таңбасын қой.
Тақырыптардың аты ия жоқ + -
заттың атын білдіретін сөздер кім?не?кімдер?нелер?сұрақтарына жауап береді? Өнерлі жігіт болған Әл Фараби Үш билер ақылды кісілер болған Заттың санын білдіретін сөздер неше?қанша?нешінші?сұрақтарына жауап береді? Сөйлемнің соңынан нүкте қойылмайды. Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздер не істеді?не қылды?қайтты? деген сұрақтарға жауап береді Заттың сынын сапасын білдіретін сөздер қандай?қай деген сұрақтарға жауап береді? Топпен жұмыс істеу, жауап беру. 4 минут
Қорытынды
№ Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
8
Сабақты қорытындылау
Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздерді ата?
Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі. 3 минут
9 Үйге тапсырма Қайталау. 1 минут
10 Бағалау Сабаққа қатысқандарын бағалаймын. Сабақ бойы стикер тарату. 1 минут