Коучинг а?паратты? коммуникациялы? технологиялар
-127635-424815
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы
«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
География-экология пәнінің мұғалімі
Куберова Гаухар Дүйсенқызы
Коучинг-сессия жоспары
Коучинг
Сабақ тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Жалпы мақсат: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Күтілетін нәтиже Оқыту мен оқуда АКТ-ның ерекшелігін біледі
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Оқыту мен оқуда АКТ –ны қолданады
Оқыту мен оқуда АКТ –ның маңыздылығына көз жеткізеді.
Түйінді идеялар: Жаңа ғасыр ағымына бейімделу;
Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;
АКТ-ны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
Оқыту әдістері: 1. Диалог
2. Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс
5. АКТ
6. бағалау әдістері
7. пікірталас, сұрақ-жауап
Тапсырмалар: Стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Сабақта қолданылатын материалдар: А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, компьютер, фотоаппарат, ұялы телефондар, флипчарт, маркер, қалам, слайдтар, видеороликтер
Дерек көздері: Әдеби материалдар, журналдар, портал материалдары
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 110-116-бет
Үлестірмелі нұсқаулық 3-апта, 3-күн
Коучинг-сессия бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Коучинг барысы Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(5 мин) Тәтті кәмпиттермен ұйымдастыру.
Мұғалімдер тәтті жеп отырып, «Мектеп: Кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы бейнежазбаны тамашалайды.
Топқа бөлу.
(5 мин) Тәтті кәмпиттердің көмегімен топқа бөлемін.
Кәмпиттер бойынша топқа бөлінеді.
1-тапсырма
(10 мин) Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға не жатады?
Оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болады?
«Мектеп: кеше, бүгін, ертең» атты бейнересурс және берілген сұрақтар бойынша постер құрастыру.
(постер дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес)
АКТ-ны күнделікті сабақта пайдаланғанның тиімді және тиімсіз жақтары.
Әр топ өздеріне берілген ресурстар бойынша постер құрастырып, өз ойларын ортаға салады. Бір-бірінің постерлерін «Бармақпен» бағалайды.
«Фотосуретші»
1-тапсырма
(10 мин)
Бұл ойын шарты бойынша топ мүшелеріне бір сәт фотосуретші болу ұсынылады. Әр топ әр түрлі тақырыпта (тақырыпты таңдау еркіндігі өздерінде болады немесе әр топқа «Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар», «Оқушы үні», «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» тақырыптары беріледі) фотоаппаратты қолдану арқылы немесе компьютерде дайын суреттерді алып бірнеше кадр (кем дегенде 7 кадр) фотосурет дайындап,
Power Point программасы арқылы, шамалары келгенше слайд жасау.
Мұғалімдер өздерін суретші ретінде елестетеді.
Әр топ әр түрлі тақырыпта фотоаппаратпен суретке түсіріп немесе дайын фотосуреттер арқылы компьютерде бірнеше кадр (кем дегенде 7 кадр) суреттерді топтастырады немесе осы тақырып аясында слайд жасайды.
Сергіту сәті
(5 мин) «Айырмашылығын тап?» сергіту сәтін ұйымдастырады.
Сын тұрғысынан ойлана отырып, бір сәт өздерін сергітеді.
АКТ-нің тиімділігі
(5 мин) Таныстырылым
Слайд жүзінде
Коуч мұғалім тақырып аясында таныстырылды қорғап береді.
Рефлексия
(5 мин) Кері байланыс парағын толтырту.(стикерлер арқылы)
Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерін жазып қалдырады