Баяндама та?ырыбыМ?мкіндігі шектеулі балаларды? ой-?рісін, тілін к?рнекіліктерді пайдалана дамыту
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін, тілін көрнекілікті пайдалана дамыту» .
Арнайы түзету мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Каратаева Б.А.
Балаларды жалпы өмірде, күнделікті тұрмыста кездесетін жайларды дұрыс танытып,ой-өрісін кеңейтіп,сабақты сапалы игеруге және түсінгенін айтып беруге,үйретуде сабақ тақырыбына лайықты қолданылатын көрнекі құралдардың, дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тілін дамыту деген- балалардың сөз байлығын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде балалардың сөз байлығын молайтып, оларға тілдің фонетикалық жүйесін меңгерту. Балалар көрнекілікке сүйене отырып сөйлеу мәдениетін игере бастайды. Сөздерді дұрыс айту, сауатты жаза білу мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені, шын мәнісінде сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Балалардың өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру әр оқытушының парызы. Сөздік жұмысы да, көрнекіліктерімен орындалатын тапсырмалар да баланы байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте сақталады. Сабақ үстінде балалардың тілін дамытуда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай әрбір сабақты көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың көлемі, аз-көп сабақ тақырыптарына қарай бөлінеді. Кейде оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек. Енді көрнекі құралдардың тиімділігіне келетін болсақ :
а) материалдарды түсіндірген кезде оқытушы көп қиналмайды, әрі уақытын үнемдейді;
ә) оқушылар жаңа сабақты тез меңгереді, оқушының таным қабілеттерінің барлығы қатысады;
б) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы оқушылардың ынтасы артады;
в) тіл дамыту жұмысы еркін жүргізіледі;
г) сыныпта артық шу, әңгіме болмайды;
д) сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады;
е) сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады;
ж) оқиғаға құрылған сурет бойынша балаға заттың атын, түсін жататқыза отырып, қимылына, байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады;
з) сюжетті суреттерді қолдану-оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды;
и) мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны көзге елестету арқылы мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды.
Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын көрнекі құралдар:
1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер.
2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат.
Көрнекі құралдың бәрін бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үйіп-төгіп қолдану керек деген ұғым тумауы тиіс. Мұғалім оларды сабақтың тақырыбына, оқушылардың қабылдау қабілетіне байланысты көрнекі құралдарды ұтымды пайдалануы керек.
Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер және мысалдарды қосымша материалдар ретінде басқа еңбектерден алынған жөн. Сурет бойынша мазмұндап та, сайып келгенде мәтін де дайындап құруға болады. Бірақ мұнда мәтінге қосымша сурет болуы қажет. Сурет бойынша мәтін құрастыру балалардың ойын дамытумен бірге, суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді. Сурет бойынша әңгіме де өз ішінде болады:
а) дайын сурет бойынша мазмұндау.
Мұнда алдымен дайын сурет беріледі де, сол суреттің мазмұны бойынша көмек арқылы шағын мәтін құрастырылады.Дайын сурет бойынша мазмұндаманы да түрлендіріп жүргізу болады. Мазмұндаманың бұл түрі бастауыш сыныптарында бейнелейтін бір сурет арқылы да,бірнеше сурет арқылы да жүргізіледі.
ә) мәтіннің жүйесін сурет бойынша реттеу
Сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін де қолдануға болады;
1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;
2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де,мәтінді де оқиғаның болу ретіне қарай түзету. Мұндай жұмыс үшін бір сюжетті салынған бірнеше сурет алынады.
Сөздікпен, көрнекілікпен жасалған жұмыстары балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Санау сабақтарында қолдануға болатын көрнекіліктер:
1. Балаларды он көлеміндегі сандармен таныстырғанда сандар ретін қолданған оң нәтиже береді.Мысалы:1-ден-10-ға дейінгі сандар жазылған топшамалар, жеке суреттер, муляждар, таратпа карточкалар,тақырыптық ойыншықтар, үлестірмелі құралдар, фрёбель құралы т.б.
2. Пішіндермен таныстырғанда түрлі-түсті пішіндер, сонымен қатар пішіндер түстерін айтып кетуге болады.
3. Қарапайым есептер жинағы.
4. Математикалық текшелер, арифметикалық мозайка, лото т.б. Көрнекі үлгілер балалардың зерттеу қабілетін дамытуға дем береді, олардың назарын заттың белгілеріне аударады, заттың сенсорлық зерттеу әдістерін анықтауға және көрнекі түрде зерттеу нәтижесін нығайтуға көмектеседі.
Сондықтан мен әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, көрнекіліктерді қолданамын. Қандайда ойын ұйымдастырғанда ойынға лайықты көрнекі заттарды немесе суреттер пайдаланамын. Мысалы: 1.«Дәл осындай пішінді тап» ойыны. Бұл ойында бала санына байланысты құлып суреттері, геометриялық пішіндер пайдаланылады. Бұл ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін кеңейту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. Мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
2. «Үйдің есігін жабайық» ойыны. Мақсаты:заттарды өлшемі бойынша салыстыруға,жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру.Ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары:үйдің, есіктің суреттері.Мазмұны:қағаздан қиылған есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату.Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
Қазақ тілі,оқу және тіл дамыту сабақтарында қолдануға болатын көрнекіліктер:
1. Сурет бойынша әңгімелеу.
Айтып беру-монологиялық сөз түрінің жеңілі, өйткені ол шығарманың авторлық көзқарасын ұстанады, онда дайын авторлық сюжет және дайын сөйлеу түрлері және әдістері пайдаланылады. Бұл әдісті бастауыш сынып жасындағы балаларды оқытқанда қолданамын. Мысалы:бір қысқа мәтінді балаға дауыстап оқып беріп, көрнекілік бойынша әңгімелеп беруді сұраймын.
2.Сюжетті суреттер топтамасы бойынша баяндау және әңгімелерді құрастыру.
Күрделілігі бойынша түрлі әңгімелерді құрастыру кезінде үлгі бойынша сюжетті композиция құру. Балаларға суреттер топтамасы бойынша әңгіме құру тапсырма берудің алдында дайындық жұмысы қажет: топтаманың барлық суреттерін зейінмен қарап, олардағы ең маңыздысын белгілеп, сюжеттік сызықты анықтау т.б.
3.Сюжетті сурет бойынша сипаттау арқылы шағын әңгімені құрастыру.
Суретте көрсетілген «оқиғаны құрастыру», оны одан әрі өрбітуді ойлап табу және өз әңгімесін аяқтау балаға қиын, яғни, сөйлеу материалын «бастау-оқиғаның дамуы-қорытынды» сызбасы бойынша айтып құру. Сюжетті сурет бойынша сипаттау әңгімені құру кезінде логикалық ойға, көріп қабылдауға, есіне сақтауға бағытталған әдістерге ерекше назар аударылады.
4.Түпкі ойы бойынша әңгімелерді құрастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды көмек арқылы шағын әңгіме, жұмбақтардың шешуін сурет бойынша шешуге үйрету. Мысалы: Жұмбақты кім шешсе, сол зат баланікі болады.
Қолы бар,Саусағы жоқ.
Мойыны бар,Басы жоқ. (Көйлек)
2.Ерте тұрдым да
Қос жолға түстім (Шалбар)
Қорытынды:
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады: түзету жұмысы жүйесінде көрнекі үлгі әдісін бастауыш сыныптардағы балалармен жұмыста қолдануға болады және қажет.
Күнделікті іс-тәжірибемде көрнекі үлгілерді пайдалана отырып біз балаларды мынаған үйретеміз:
1. Ақпараттарды табу, зерттеу жүргізу , ойланған әрекеттеріне анық ішкі жоспар құру, сөйлеуге үйрету.
2.Өз ойын еркін айту және құру, қорытынды шығару.
3. Көрнекі үлгілерді қолдану сөздік емес үрдістің дамуына оңды ықпал жасайды: зейін, есте сақтау, ой. Яғни, осыдан қорытынды жасауға болады, бала (үлкендер жетекшілігімен) жаңа материалдарды меңгеріп, өзін-өзі ұстауға, шыдамдылыққа, өз әрекет жоспарын көріп, қабылдауға үйренеді. Онда қызығушылық сезімі және жауаптылық, өз еңбегі нәтижесіне ризашылық жоғарылайды, есте сақтау, ойлау, зейін психикалық процестер жетіледі, ол түзету жұмысының нәтижелігіне оң ықпал етеді.
Сонымен қазақ тілі, оқу және тіл дамытуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі, нанымы дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен қатар, көрнекілікпен оқытылатын заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттардың әр жағынан, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды.
Осы тақырып бойынша 2010 жылдан бастап арнайы түзету мектеп-интернатында жұмыс жасаудамын. Балалардың тілі дамымаған,ойы жетілмеген,осыған байланысты мақсатты жұмыс жоспарлап, білім беруді ерекше талап ететін балаларға көрнекілік арқылы баланы әлеуметтік ортаға бейімдей, баланы көрнекілік арқылы өз ойын жеткізуге, өзге де құрбыларымен ойын бөлісуге, сонымен қатар қоғамдық ортада бағыт алуына бағыттау( яғни көшедегі жазулар,суреттер бойынша бағыт алуы). Міне, осы арқылы көрнекілік бойынша оқуға, санауға,жазуға бірден-бір жол ашады.
Әр сабақтың құрылған жоспарына байланысты тақырыптық түсті суреттерді, заттарды,сюжеттік ойындарға байланысты ойыншықтарды пайдаландым. Қорыта айтқанда балалардың ой-өрісін, сөйлеу тілінің көрнекі құралы ретінде балаларға арналған ертегілерді, жұмбақтарды мұғалімнің ауызша айтқанынан жаттап алу үшін төрт жолды қысқа өлеңдерді әңгіме сабақ өткізу үшін оқу кезеңінде кеңінен пайдаландым. Балаларға ертегі мазмұны түсінікті болу үшін көркем суреттер немесе мұғалім көмегімен сахналап ойнау жеңіл болды.Мысалы: «Шалқан» ертегісін балалар ертегі кейіпкерлерін сызба суреттері бойынша ретімен қойып қысқа әңгімелеп айтуға үйренді. Өзіне-өзі қызмет көрсету сабағында сюжетті«Дүкен» ойынын ойнау барысында балалар дүкенші, сатып алушы ролдеріне бөлініп, сөредегі заттарды дұрыс атап, өзіне қажет тағамды сатып алу ережесін меңгерді. Санау сабағында оқулық суреттерін және санауыш заттарды, «Фребель» құралын күнделікті қолдандым. Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес,олардың есте қалған елес тұрпаттарын пайымдаумен орындалды. Бұл заттың тұтастай сипаты толық, әрі жан-жақты көрініс.Көрнекілік ойлаудың іс-әрекеті кезінде шынайы заттармен пайдаланылды.Бала әр түрлі заттарды пайдаланғанда, адамдармен қарым-қатынас жасағанда, жан-жануарларды танып білгенде өзіне тәжірибемен қоса олар туралы көп мәлімет, білім жинады.Ал бейнелі ойлаумен қатарласа жүретін көрнекі сұлбалық ойлаудың күрделенуі бала алдындағы тұрған есепті, мәселені шешу үшін көз алдындағы заттарды пайдалана алмайды.Олардың бейнесін көз алдына елестете отырып ойланады.
Өз сөзімді Выготскийдің: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген сөзі арқылы қорытындылаймын.