Урок по информатике Дербес компьютерді? заманауи даму ба?ыттары


Күні: 17.10.2015 жыл
Сыныбы: 6А сынып
Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттарыСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ДК - дің негізгі бөліктерімен және даму сәулетімен таныстыру. ДК құрылғыларының архитектурасын қарастыру. Джон фон Нейман принциптерін түсіндіру.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын толық айтуға, дебатқа, жаңа коммуникативтік технологияларды меңгерту және білімдерін дамыту.Тәрбиелілік: Ұшқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сөз мәнеріне тәрбиелеуТүрі: аралас сабақӘдісі: түсіндіру, сұрақ-жауапКөрнекі құралдар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, компьютерлер Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Журнал бойынша түгендеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару. ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Сандар не дейді?» ойыны. Бұл ойында оқушылар слайдта көрсетілген сандарға байланысты ақпараттарды айтады.
1. б.д.д 300 жыл
2. 1673 жыл
3. 1833 жыл
4. 1843 жыл
5. ХХ ғасырдың 30-жылдарында
6. 1946 жылы 15 ақпан
7. 1946-1958 жылдары
8. 1958-1964 жылдары
9. 1964-1972 жылдары
10. 1970 жыл
Жауабы: 1.Абак, жапон, қытай шоттары пайда болды.
2.Механикалық арифмометр ойлап шығарылды.
3.Аналитикалық машина пайда болды.
4.Аналитикалық машинасы үшін алғашқы программа жазды
5. ЭЕМ кезеңі
6. Алғашқы ЭЕМ ENIAC құрастырылды
7. Электрондық лампалар қолданыла бастады.
8.Жартылайөткізгіш транзисторлар қолданыла бастады.
9.Интегралдық сызбалар негізі қаланды.
10.Үлкен интегралды сызбалар алғаш қолданыла бастады.
«Суреттер сыр шертеді» суреттік ойыны
 1-сурет                   2-сурет                 3-сурет
 4-сурет                  5-сурет                 6-сурет
7-сурет                 8-сурет                   9-сурет
Жауабы: 1-сурет. Римдік абак 2-сурет. Шот 3-сурет. «Феликс» арифмометр 4-сурет. Аналитикалық машина
5-сурет. Бірінші буын, ENIAC 6-сурет. Екінші буын, жартылай өткізгіш транзисторлар
7-сурет. Үшінші буын, микросызбалар 8-сурет. Төртінші буын, IBM PC IV, үлкен интегралдық сызбалар
9-сурет. Төртінші буын, суперкомпьютерлер
ІІІ.Жаңа сабақ «ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары».
Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды. Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады. Джон фон Нейманның принциптері: o Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады. o Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды. o Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады. o Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады. o Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады. o Шартты көшу принципі – программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін. Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы. ДК-нің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады. 
Ұяшықтарды таңдау арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін.
І-топ – «Жүйелік қорап»
ІІ-топ – «Монитор»
Екі топқа постерде жоба құруға үш минут беріледі. Жобаның тақырыбы: «6а сынып оқушыларының заманауи сәулеттегі Ү буын компьютерлері». Олардың мақсаттары екі топ плакатқа жаңа заманауи компьютерлерді Нейманның принциптері сияқты принцип құра отырып ойлап тапқыштардың қатарына қосылу. Ал қорғауға екі топқа үш минуттан беріледі. Жоба тақырыбы «Болашақтың ашық саулетті компьютері. Нейман принципімен»
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мәтін беріледі. Сол мәтінді 2 минут ішінде компьютерге теріп шығулары қажет. Сонымен қатар ойын шартында тінтуірсіз мәтін теруге арналған редакторды қосулары қажет.
ІҮ.Сергіту сәті.
Оқушылар компьютерден теріс қарап отырамыз, тұрмаймыз. Сдайдта көрсетілген әрекеттерді орындаймыз.
1.Компьютерді қосамыз.
2.Мониторды қосамыз.
3.Пернетақтаны алдымызға ыңғайлап қоямыз.
4.Орындығымызды ыңғайлап қоямыз.
5.Пернетақтада мәтін тереміз.
Ү. Бекіту. «Әр сұраққа–бір жауап» ойыны
1. Конфигурация дегеніміз не?
2. Компьютердің сәулеті дегеніміз не?
3. Ашық сәулет принципінің мәні не?
4. Шиналар дегеніміз не?
5. 1946 жылғы үш ғалымды ата
6. Артур Беркс, Герман Голдтайн, Джон фон Нейманның мақаласы қалай аталады?
ҮІ.Үйге тапсырма. §7, 46-бет оқу. Тақырыпқа сай реферат жазып келу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.
«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Инфоорматика пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: «ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары»
(6А сынып)
Пән мұғалімі Ершебаева Айгерим Алпамысовна
Ақши ауылы
2015-2016 оқу жылы

ІІІ. «Іздеу» бекеті (Жаңа сабақ) (15 мин)ІV. Сергіту сәті. (4 мин)V. «ДрукВокруг» бекеті ( жаңа сабақты бекіту) (7 мин)VІ. «Шығу» бекеті (бағалау) (4 мин)VІІ. Үйге тапсырма (1мин)ІІ. «Браузер» бекеті (Үй жұмысын тексеру, ойын арқылы).ІІІ. «Іздеу» бекеті (Жаңа сабақ)«Кейс» технологиясын қолданамыз.Компьютердің архитектурасы – бұл қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Компьютер құрылғысы ішкі және сыртқы болып бөлінедіЕкі топқа сол екі бөлігін зерттеу тапсырмасы беріледі. Оқушылар кейс ішіндегі құрал - жабдықтарды пайдаланып, жоба құрады жән жобасын плакатқа салып қорғайды.(Екі топқа жоба құруға 7 минут беріледі. Ал қорғауға екі топқа 4 минуттан беріледі)ІV. Сергіту сәті. Көз жаттығуыV. «ДрукВокруг» бекеті ( жаңа сабақты бекіту)Бұл бекетте оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы хат алмасады. Веер тәрізді. Яғни А4 парақты веер тәрізді бүктеп, оқушылар веердің бүктелген жағына сұрақтарын қояды, келесі топ оқушылары сұрақтарын астына жауабын жазады. Және әр оқушы сұрақ жауабын оқып айтады.VІ. «Шығу» бекеті (Бағалау)Үлгірімі төмен оқушылар оқушыларды бағалайды.VІІ. Үйге тапсырма: Компьютер архитектурасына электронды түрде жоба құру.
Күні: 15.10.2014 жыл Пәні: Информатика Сыныбы: 6 (алтыншы) Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ («Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, тірек-сызбалар, «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны, «Синквейн» әдісі, «Көңіл күй нысанасы») Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу. 2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру. 3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 4. «Сәттілік шеңберін құру» оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы көмегімен үй тапсырмасын тексеру. 1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес? А) Шоттар В) Арифмометр С) Калькулятор Д) Серобян 2. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол: А) транзистор В) интегралдық схема С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема 3. Алғашқы бағдарламашы кім? А) Чарльз Беббидж В) Герман Холлерит С) Ада Лавлейс Д) Блез Паскаль 4. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады? А) АВС В) ДВК С) БЭСМ-2 Д) ENIAC 5. Үшінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол: А) транзистор В) интегралдық схема С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема 6. Төртінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол: А) транзистор В) интегралдық схема С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема 1. «Миға шабуыл» сұрақ-жауап арқылы өткенге шолу жасау. III. Жаңа сабақты түсіндіру: Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады. Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды. Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады. Джон фон Нейманның принциптері: o Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады. o Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды. o Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады. o Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады. o Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады. o Шартты көшу принципі – программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін. Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы. ДК-нің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады. ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны. 1. Дербес компьютердің сәулеті деп нені айтады 2. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер? 3. Ашық сәулет принципінің мәні не? 4. Шиналар дегеніміз не? 5. Процессордың сыртқы құрылғылармен өзара байланысы қалай жүзеге асады? 6. Жедел жады және видео жады бақылаушыларынан тұратын көпір қалай аталады? 7. Шинаның негізгі сипаттамасы. 8. Жедел жады не үшін керек? - «Сергіту сәті» V. Жаңа тақырыпты бекіту: «Синквейн» әдісі алгоритмін қолданып, 5 жол өлең құрау. 1. Зат есім – 1 сөз. 2. Етістік – 2 сөз. 3. Сын есім – 3 сөз. 4. Мақал-мәтел немесе синоним – 4 сөз. 5. Сөйлем – 5 сөзден тұрады. VІ. Қорытындылау: «Көңіл күй нысанасы» әдісі. Әр түрлі қағаздардың көмегімен оқушылар бүгінгі сабаққа баға береді. o Қызыл – менің көңіл күйім болмады, маған сабақ ұнамады. o Көк – көңіл күйім орташа, сабақ жартылай ұнады. o Жасыл – көңіл күйім жақсы, сабақ өте ұнады. ҮІІ. Үйге тапсырма: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары. VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Компьютердің сәулеті туралы түсінік қалыптастыру, компьютердің қызмет ету функциялары мен негізгі мінездемелері туралы оқып-үйренуді үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, өзара түсіністікке, сыйластыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.
Негізгі дерек көзі 1. Информатика авторлары: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов
2. http://bilimdiler.kz/tags,   http://ustaz.kz, «Білім шапағаты» газеті
Табыс критерийлері 1. Дербес компьютердің сәулеті туралы анықтама айтады
2. Компьютердің қызмет ету функциялары мен негізгі мінездемелері туралы түсіндіреді
3. Конфигурация, компьютердің сәулеті, фон Неймон сәулетінің принциптерін мәлімдейді
4. USB құрсымының басымдылығын, суретті пайдалана отырып, аналық тақтаның екі негізгі микросызбасын суреттейді
5. Стандарттық және стандарттық емес, ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады және атап өтеді.
Нәтижені бағалау Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.
Сабақтың типі Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақта қолданылатын модулдер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелей жұмыс. “Бағдаршам” әдісі, «Галерея аралау» әдісі
 
Стратегиялар «Қайталау–оқу айнасы», «Ой қозғау», «Топтастыру», «Сандар не дейді?», «Қайталау оқу-айнасы», «Әр сұраққа–бір жауап», «Рефлексия»
Пән аралық байланыс Тарих, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, бағалау парағы, оқулық, постерлер, стикерлер, жұмыс дәптері
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау. Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
 
  Амандасады. Тамаша, жақсы. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізу
 
 
Сыныпты топқа бөлу
Оқушыларды компьютердің құрылғысы арқылы топқа бөлу (қоржынға компьютердің құрылғысын жазып қоямын, оқушылар бір-бірден таңдап алған компьютердің құрылғысына байланысты, сол топқа отырады).
І топ-«ЖҮЙЕЛІК БЛОК»
ІІ топ-«ШИНА»
ІІІ топ-«ПРОЦЕССОР»
Топ басшыларын сайлау, (топ ішінде спикер, тайм спикер, хатшы рөлдерін бөлу)
«Бағалау парағын» тарату Оқушылар бір-бірлерінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.
 
 
 
Топқа бөлінеді
 
 
Үй жұмысын тексеру
  Оқушылардан техника қауіпсіздік ережесін сұрау
 
 
«Қайталау–оқу айнасы»
І топ. «Жүйелік блок»тобына тапсырма: «Ой қозғау»
 
           1-сурет                   2-сурет                 3-сурет
 
 
4-сурет                      5-сурет                     6-сурет
 
 
7-сурет                 8-сурет                      9-сурет
 
ІІ топ. «Шина» тобына тапсырма: «Сандар не дейді?»
1. б.д.д 300 жыл
2. 1673 жыл
3. 1833 жыл
4. 1843 жыл
5. ХХ ғасырдың 30-жылдарында
6. 1946 жылы 15 ақпан
7. 1946-1958 жылдары
8. 1958-1964 жылдары
9. 1964-1972 жылдары
10. 1970 жыл
загрузка...
 
ІІІ топ. «Процессор»тобына тапсырма: «Топтастыру»
1. Механикалық есептеу құрылғысы
2. Арифметикалық машина
3. Аналитикалық машина
4. АДА программалау тілі
5. Табулятор
6. Z1 машинасы Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін, орнынан тұрып айтады
 
1-сурет. Римдік абак
2-сурет. Шот
3-сурет. «Феликс» арифмометр
4-сурет. Аналитикалық машина
5-сурет. Бірінші буын, ENIAC
6-сурет. Екінші буын, жартылай өткізгіш транзисторлар
7-сурет. Үшінші буын, микросызбалар
8-сурет. Төртінші буын, IBM PC IV, үлкен интегралдық сызбалар
9-сурет. Төртінші буын, суперкомпьютерлер
 
 
 
 
 
 
 
1.Абак, жапон, қытай шоттары п.б2.Механикалық арифмометр
3.Аналитикалық машина
4.Аналитикалық машинасы үшін алғашқы программа жазды
5. ЭЕМ кезеңі
6. ENIAC құрастырылды
7. Электрондық лампа
8.Жартылайөткізгіш транзисторлар
9.Интегралдық сызбалар
10.Үлкен интегралды сызбалар
 
1. Блез Паскаль 1642 ж
2. Лейбниц 1673 ж
3. Чарльз Бэббидж 1833ж
4. Ада Лавлейс 1843ж
5.Герман Холлерит 1890ж
6. Конрад Цузен 1937 ж
Білу
1-қадам Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компаненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.
Программалар мен аппараттық жабдықтамалар бір-бірімен тығыз байланысты.
Компьютердің конфигурациясы
Ақпаратпен қамтылуы
Программамен қамтылуы
 
 
 
 
 
 
  Жаңа  сабақ  бойынша  алып отырған ақпарат-тарды үлгеріп, дәптерге жазып отыру, түртіп отыру. Түсінбегенін дер кезінде сұрау.
Жаңа тақырыпты меңгерту
2 қадам: «Түсіну» І топ-«ЖҮЙЕЛІК БЛОК» тобына тапсырма:
Компьютердің сәулеті. Джон фон Нейманның принципі
 
ІІ топ-«ШИНА» тобына тапсырма:
Дербес компьютердің (ДК) сәулеті
 
ІІІ топ-«ПРОЦЕССОР» тобына тапсырма:
USB шинасының артықшылықтары. Аналық тақша Топтағы оқушылар тапсырмаларды қарастырып, бірге отырып талқылап, түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай  отырып, өз білімін толықтырады,  ізденеді. Оқулықтан өздігінен оқып, постер қорғайды.
Сергіту сәті Интерактивті тақтада бейнежазба көрсетіледі Би қимылдары арқылы орындарында тұрып, бойларын сергітеді
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
3-қадам: «Қолдану» «Галерея аралау» әдісі
3-топқа берілетін тапсырма: Стандарттық программалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, заманауи дербес компьютердің сызбасын салу
  АКТ-ны пайдалана отырып, компьютермен жеке жұмыс жасау
 
 
4-қадам «Жинақтау» «Әр сұраққа–бір жауап» ойыны
І топ
1. Конфигурация дегеніміз не?
2. Компьютердің сәулеті дегеніміз не?
3. Ашық сәулет принципінің мәні не?
ІІ топ
1. Шиналар дегеніміз не?
2. 1946 жылғы үш ғалымды ата
3. Артур Беркс, Герман Голдтайн, Джон фон Нейманның мақаласы қалай аталады?
ІІІ топ
1. USB шинаның артықшылықтары
2. Джон фон Неймон принциптері
3. Стандарт дегеніміз не? Оқушылар ауызша жауап береді
 
6-қадам: «Бағалау» Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорыту Бағалау парағындағы ұпайлар есептелінеді
Үй тапсырмасын беру Тапсырмалар тақтаға жазылады.
§7, 46-бет оқу. 53 беттегі «Өзіңді тексер» тесті орындап келу Күнделікке жазады
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату
Рефлексия.
·         Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
·         Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
·         Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
·         Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
·         Ұсыныстарыңыз бар ма? Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стик
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Мақсаты:
Білімділік: Компьютерлік техниканың даму үрдісі туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрi: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекiлiктері: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, оларды журналмен түгендеу, құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Алғашқы айдарымызды бастайық «Кім мықты» деп аталады.
Бұл айдарымызда үй тапсырмасы беріледі онда келесі слайдтағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап берген оқушыға 4 ұпайдан беріліп отырады. /5 мин/
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпаратты қалай қорғауға болады?
3. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
4. Ақпарат дегеніміз не?
5. Қандай архиватор программасын білесің?
6. Ақпараттың қасиеттерін ата?
7. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
8. Вирустан қорғайтын программаларды не деп айтамыз?
Келесі айдарымыз «Адасқан әріптер» деп аталады, мұнда адасқан әріптерді табу арқылы сөз құрастыру керек. /3 мин/
Бұл бөлімде екі топқада тапсырма беріледі. Ойынның шарты бойынша мұнда қай оқушы тапсырмаларды дұрыс орындаса 5 ұпай беріледі.
1. Вирустан қорғау программасының түрі.
еврироз, дорокт, детторке
2. Қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда.
рақатап
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
І. Компьютерлік техниканың даму үрдісі /20 мин/
Компьютерлік техниканың дамуы оның ішкі құрылымдарының дамуына сәйкес өтуде. Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдарды мини - компьютерлердің дамуы деп атасақ, одан кейін дербес компьютерлердің пайда болуы басталды да, жалпылай интернеттендірумен ғасыр аяқталды. Соңғы уақыттарда компьютерлік техниканың дамуының басты үрдісі ЭЕМ - нің экономикаға, саясатқа, ғылымға, білімге, денсаулық саласына, әскери мақсаттарға және күнделікті өмірге кеңінен енгізілуі болып табылады. Компьютер өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Оның қолданылу саласы ұлғая түсуде. Тіпті оқушылардың өзі үй тапсырмасын компьютердің көмегімен орындау үйреншікті жағдайға айналды.
Компьютердің дамуының бесінші ең күрделі буыны – виртуалды әлемде көріністің, қимылдың, дауыстың көмегімен адамға сезіну арқылы берілетін компьютерлер. Бүгінде мұндай компьютерлерді қолдану адамзаттың іс - әрекетінде кеңінен пайдаланып келеді, мысалы: жобалау мен дизайнда, пайдалы қазбаларды іздестіруде және өндіруде, әскери технологияларда, құрылыста, маркетинг пен жарнамада және т. б.
Компьютерлердің, байланыс құралдары мен тұрмыстық техникалардың үдемелі дамуы бір - бірін толықтырып, біріңғай кешенге айналуда. Әмбебап компьютерлердің орнын жаңа құрылғылар – смартфондар алмастыруда. Қалта компьютерлері көбеюде. Жаңа ЭЕМ - ді жасауда әсіресе қуатты компьютерлерге, оның ішінде, ықшам дербес компьютерлерге көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі уақытта нейрокомпьютерлер базасына бөлінген ЭЕМ - нің алтыншы буынын жасауда ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 2020 - 2025 жылдары молекуларлық компьютерлік, кванттық компьютерлер, био компьютерлер және оптикалық компьютерлер шығарылуы әбден мүмкін.
Келесі айдарымыз «Ақиқатты ақпарат» деп аталады, яғни біз бүгін жаңа сабақты қорытындылаймыз. Сондықтан келесі сұрақтарға жауап беру қажет. Слайдқа назар аударыңыздар. Слайдтағы 5 сұрақтың біреуіне толық жауап беріп оны WordPad бағдарламасына енгізетін болса онда ол оқушыға 4 ұпай беріледі. /5 мин/
1. Компьютерлік үрдістің дамуы қай салада қолданылуда?
2. Компьютердің дамуының бесінші буыны қандай?
3. ЭЕМ негізгі буыны нешеге бөлінеді?
4. Қазіргі шығып жатқан компьютердің жаңа түрлерін атаңыздар
5. Болашақтағы компьютерлер қандай болмақ?
Осыдан кейін «Сергіту сәті» айдарында біз орнымыздан тұрып келесі жаттығуымызды бастаймыз. /1 мин/
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
Келесі айдарымыз “Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар”
Әр оқушыға мәтін теру бойынша жеке тапсырма беріледі. Сол тапсырманы жылдам жазып 5 минуттың ішінде аяқтау керек. Ойын шарты бойынша жылдам аяқтаған оқушыға 5 ұпай беріледі. /6 мин/
Соңғы айдарымыз «Кім білімді!» деп аталады. Мұнда слайдта суреттер беріледі. Сол суреттерді анықтап дұрыс атауларын айту керек. Әр жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
V. Үйге тапсырма:
Компьютерлік техниканың үрдісі
ҮІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарап бағалау.
№5 орта мектеп
«Компьютерлік техниканың даму үрдісі»
(Ашық сабақ)
Өткізген: Ж.Қ.Бегімбетова
Сынып: 6 «Б»
Мерзімі: 17.10.2014
2014-2015 оқу жылы
Шалқар қаласы
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі
принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын
дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер.тақта, элект.оқулық, Сабақтың өту мақсаты:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1.Компьютер дегеніміз не?
2.Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3.Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
4.ОЖ-нің негізгі функцияларын атандар.
5.Интерфейс деген не?Қандай интерфейстерді білесіңдер?
6.Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
7.Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
8.Дрейвердің рөлі қандай?
Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.
Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған
17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.
1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлыма жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдар
Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Төртінші буынға - ЭЕМ –лар қолданылуда.
Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.
Сабақты бекіту сұрақтары:
бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?
Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: Компьютерлік техниканың даму үрдісі.