Урок по физкультуре Дойбы ойыны
Қармақшы – аграрлы техникалық колледжі
«ДОЙБЫ» ОЙЫНЫ
ФОРМАСЫ: ЖАРЫС
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: Г.Шерипова
2014 – 2015 оқу жылы
«Бекітемін»
Директордың тәрбие
жөніндегі орынбасары:
_________ А.Сүлейменова
Қатысушылар: І – ІІ курс студенттері
Тақырыбы: «Дойбы» ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Дойбы ойынының ережесімен танысу, ойын тактикасын меңгерту.
Тәрбиелік: Студенттердің ақыл-ойын жетілдіру арқылы, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын тұлға тәрбиелеу.
Дамытушылық : дойбы ойынына қызығушылығын ояту
Күтілетін нәтиже: дойбы ойынына қызығушылығы оянады, ой-өрісі дамыған саналы , салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға болып қалыптасады.
Ойынға керекті құрал – жабдықтар: Дойбы тақтасы
Жарыстың барысы:
Жарыстың мақсатын түсіндіру
І. Кіріспе бөлім
«Дойбы» ойынының тарихы
Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Египет пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр.Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заманға лайықталды. Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек, ойын екі армияның соғысымен сипатталған әскери болып табылады.Дойбы тақтасындағы соғыстың қалай өткенін Исидор Севильскийдің (560-686 б.э.) хабарламасынан білуге болады. Ол жүрістер туралы төмендегіше жазады: «Дойбылардың бір бөлігі тәртіппен, бір бөлігі анда-мұнда жүреді, сондықтан да олардың жартысы қарапайым (ординарии), ал қалғандары адасқандар (ваги) деп аталады.Бүгінгі күнде дойбы спорттың өзге түрлері арасында елеулі орын алады. Қазақстан Республикасының чемпионаттары үнемі өткізіліп тұрады, секциялар құрылған. Бұқара арасында дойбы кең таралған. Қарапайым және кемеңгер, тартымды әрі жұмбақ дойбы ойнының тарихы жалғаса береді. Себебі, бұл өте ежелгі және мәңгі жас ойын.
Ойынның мақсаты — қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=FM%D0%86D&action=edit&redlink=1" \o "FMІD (мұндай бет жоқ)"FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. 1894 ж. дойбыдан (орыс дойбысынан) алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті. Дүниежүзілік олимпиада 1986 жылдан (халықаралық дойбыдан), дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан (халықаралық дойбыдан, ал орыс дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9" \o "Абай" Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтіп келеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Дойбы ойынына қатысушыларына жеребе арқылы анықтау.
Б) Жарыс төрешілерін анықтау.
В) «Дойбы» ойыны
Г) Марапаттау
ІІІ. Қорытынды бөлім
Бүгінгі жарысымыздың мақсаты – жас ұрпақты саналы, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын ой-өрісі жоғары тұлға тәрбиелеу болатын. «Ел қорғаны – салауатты ұрпақ » тақырыбында өткізілген апталықта ұйымдастырылған «Дойбы»ойынынан жарысымыз осымен аяқталды.