Балаларды? ата-аналарына арнал?ан ке?ес


Ата-аналарға балалардың кеңесі Мені көп еркелетпеңізші, еркелетіп, мені бүлдіресіз. Мен қалаған, сұраған нәрселердің барлығын әпере бермеңіздерші. Мен сіздерді жай сынаймын. Менімен қатал болуды қорықпаңыздар. Менімен қатал болсаңыздар мен өз орнымды білетін боламын Мен өзім орындай алатын нәрселерді мен үшін орындамаңыздар. Мен соған жаман үйреніп қаламын және сіздерді әрқашан жұмсай беремін. Мен жағымсыз бірдеңені жасағанда, не үшін істегенімді сұрап, түсініктеме талап етпеңізші. Кейде не үшін солай жасағанымды өзім де түсінбеймін Мен эксперимент жасауды ұнататынымды ұмытпаңыздар. Сол тәсілмен қоршаған әлемді танимын. Мені өз қателіктерімнен қорғамаңыздар. Мен өз тәжірибемде үйреніп келемін. Біз жиі өзімізді тәртіпті, әдепті ұстамайтынымызды білеміз. Бірақ ата-аналардың көңіл-күйі төмен болғандықтан, кез-келген себептерден бізге ұрысатыны өкінішті. Әрине, сіздер көп жұмыс істеп шаршайсыздар және көңіл-күйлеріңізді біреулер бүлдіреді, бірақ біздің кінәміз жоқ қой. Бізге көбірек еркіндік керек. Ата-аналар балаларды әрқашан қатал қадағалауға болмайды. Біз өзімізді бос, еркін сезінгіміз келеді, бала өзі өмір сүруге үйрену қажет. Жазалау – бұл тәрбиелеу әдістерінің бірі. Бірақ жазалау біздің бойымызда кері реакцияны тудырады.Әрине, сіздер оны білесіздер, сонда да неге оны жиі қайталайсыздар? Неге жазалауды тәрбиелеудің басқа әдістеріне өзгертуге тырыспайсыз, мысалы, мадақтау.т.б. Және де мен сіздерді сүйемін, мені де қатты сүюіңізді өтінемін