ЖИТС саба? та?ырыбы Смет Г?лжамал


Сабақтың тақырыбы: «ЖИТС ғасыр уы »Мақсаты : Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, ЖИТС-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шлым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖИТС- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру..
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін құрметтеуге,денсаулықты күтуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ тұрі: Көрініс сабақ
Әдіс – тәсілі: Көрініс,ұран,Видео
Құрал-жабдықтар: Ақылды тақта. Қосымша мәліметтер, әдебиеттер. Жаңа сабақ
Ұран: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдарҚиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.Бойыңдағы қуатыңды жоғалтыпЖақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдарСалауатты өмір са лтын сақтаңдарБолашаққа нық қадам бастаңдар!!!Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.Аданың ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.Адамның ақыл – ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», — деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдрдың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.Жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы ншқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдр екенін көреміз.Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олрдың жан – жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.1- оқушы: Темекі — әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт.2 – оқушы: Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.3 – оқушы : Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.4- оқушы : Алькоголь – «нерв уы » деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс – қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .5 – оқушы: СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазқсатнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан.6- оқушы: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын мндеттеп берді.Жағдаят1. Топқа жаңадан студент келді . Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )Би: « Гимнастика »Көрініс:« Жын мен Періште »Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.Арақ: - Ей адамзаи неге жүрсіңсеріксіз?Наша: — Танысайық, жақындашы сен бізге.Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?(Жігітті айналып жүреді )Арақ:Менің даңқым көп тараған кең жерде,Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге .Темекі:Жас өмірің атқан кезде таң болып,Есіңде ме, менде саған жолыққам.Талай – талай бірге жүрдік серк боп,Содан кейін бір күні әкең өлгенде,Наша қалмай меніменен еріп кеп,Түнеп алдық сенің балғын кеудеңдеНаша:Иә, мұнан кейін бір күннен соң бр күнненЕсігіңді жиі қағып тұрдым мен.Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,Кей күндері бірге жүрген досыңның,Баянсызын сезінгеде жолықтым.(Өзімен бірге жігітті ертіпкете береді. «…………»)Періште:-Ей, ақымақ, ақымақ,Жақын болма жаманға!Жалыныңды сөндіріп,Жастығыңды күйдіріп,Сезіміңді қорлатасың оларға.Жігіт:Денсаулықтың басшысы,Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,Айтқаныңа көнемін.Періште:Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,Кезің келді қоғам жүгін арқаларАярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,Айта алмаймын ертеңінесенем деп.Талап:Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз біріБір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым менАқыл:Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?Темекі мен арқ, наша бүкіл елге танылар.Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.Періште:Ана сүті арамдықты суарса,Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.Темекіден түтн сорсаң улайсың,Өзіңді — өзің жіпсіз байлап шрмайсың.Ақылды болсаң жас жігіт,Сөзімді менің тыңдайсың!Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сиқтымын, сендерге айтарым:Тек жүзіңді төмен салма,Нашақорға жаман болма.Тек көзіңді жасуаратпа,Сенің көзің заман үшін бағалы.Сенің әніңасқақ шықса,Қоғам даңқы жоғары.(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстазып, басын иеді ).Ән: « СПИД жойылсын »1.Жойылсын жалғыз сөз СПИД дегенЖойылсын мәңгілік жойылсын.Вируспен ауырған адамдарғаЕм – дәрі тезірек табылсын.Қайырмасы:Кел достарым, үн қосайық,Көтеріп жаңғыртып.Анасын балаБаласын анаЖоқтамасын мәңгілік2. Есірткі құрысынІшімдік жойылсынДені сау қазақтыңҰл – қызы көбейсін.Қайырмасы:3.Мәдениет өркендеп,Табиғат көркейіп.Қазақтың сымбаттыҰрпағы көбейсін« Ғасыр уы »СПИД деген – ғаыср уы , зобалаңы,Сан адамға жазылмас жара салды.Сан адамды өмірден алып кетті,Мамандар да бір емін таба алмады.Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!Сонымен оқушылар бүгінгі тәр бие сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!